Жүнді халқы кімдер еді?

Қытай деректеріне сүйенсек, б.д.д. ІІІ мыңжылдықтан бастап, б.д.д. IV ғасырға дейін орталық Қытайдың солтүстігі мен батысын алып жатқан таулы аймақты «жунди» халқы мекендеген. «Жундилердің» солтүстігіндегі құрғақ далада «хунь» (хоңыр) халқы, ал оңтүстігі мен шығысындағы төменгі алқаптарда қытайдың арғы бабалары отырды. Күн сәулесі түсе бермейтін қалың орманда, тұманды, таулы өлкеде мыңдаған жылдар бойы отырғандықтан жундилердің түрі көк көзді, қызыл шашты болып қалыптасқан. 

Барша «тау халықтары» тәрізді келбеттері жүндес болғаны түсінікті. Осы себептен «хоңыр» (хунь) халқы оларды «жүнді» деп атаған. Яғни, тау халқы дала халқын «хоңыр» (хунь) деп атаса, дала халқы тау халқын «жүнді» деген. Таулық жүнділердің төмендегі алқаптарда отырған қытайларды билеп төстегені айтылады. Қытай жылнамалары жүнділердің 13 тайпасын көрсетеді, ал Шыңжандағы юэчжи тайпасыда жүнді халқынан екенін ескерсек, онда жүнділер кем дегенде 14 тайпалы халық екенін көреміз. Қытайдың ата-бабалары Орталық Қытайға алғаш жеткенде ол жерлер батпақты және қалың ну орманды болғанын, ол жерде жунди халқының әртүрлі тайпалары мекендегенін қытайлық көне деректер айғақтайтынын франсуз тарихшысы Марсель Гране атап өтеді. Жүнділер таудың алып құсына сыйынған, оны қазақ «тазқара» деп атайды. Жылына бір жұмыртқа ғана салатын, басында жүні жоқ таз, құйрығы үшкір, биіктігі 1 метрден асатын, қанатының ұзындығы 2 метр алып құс. Таудың биік шыңдарын мекендейтін осы алып құсты жүнділер «тәні ірі» деп атаған («тәні ірі» мағынасы «алып денелі»), жүнді-юэчжилердің сол құсқа табынғанын грек деректері растайды. Осы «тәні ірі» құсқа табыну дәстүрі кейін «аспан құдайы Тәңірі» сеніміне ұласқан. Жүнділердің ата-мекені болған таудың Тәңір Шыңы деп аталуы сөзімізге дәлел. Ол тауды Тянь Шянь еткен «р» дыбысы жоқ қытай, оның қытайша мағынасы да «аспан құдайының тауы». Жүнділер тау құсына табынса, қытайлар айдахарға табынған. Қазақта араптық «дін» сөзі мағынасына жақын өзіндік «діл» деген сөз бар. Жүнділердің қытайлармен жақын араласқан кей тайпалары өздерін «діллі» депте атаған тәрізді (яғни «біз қытайларға қарағанда қалыптасқан діні бар халықпыз» деген мағынада), осы себептен болар, қытай жазбалары кей жүнділерді «ди» деп көрсетеді. Жүнділер ықпалымен қытайларда «тәнірі» сеніміне көшкенін және «тәнірі» атауы «аспан құдайы» деген мағынаға ие болғанын көреміз. Қытайлар «р» дыбысы жоқтығынан «тәнірі» атауын «тянь» деп өзгертіп қабылдаған. Ол кез атаудың тау құсымен байланысы үзілген заман, осы себепті қытайларда айдахар бейнесі таңба ретінде сақталып қалған. Тау құсына табыну дәстүрі Шыңжанда отырған юэчжи тайпасында ғана сақталды, солар негізін салған Үйсүн империясының таңбасы «тазқара» болған (оны кейін «қарға» деп бұрмалаған Қытай империясы саясаты). Қытай империя болып күшейген б.д.д. 2 ғасырда қытайлар Тянь (тәнірі) сенімінен бас тартып будизм мен конфуциандыққа көшкені мәлім. Қытайлар саны көптігімен жүнділердің көбін өзіне сіңдіріп жіберді, жүнділердің тек таудағы бөлігі сақталып аман қалғанын көреміз. Кейін қытайлық шағын княздіктер бірігіп империяға айналғанда, «Қытай империясы таудағы ержүрек жүнділерді жеңіп екіге ыдыратқаны», «жүнділерді таудағы берік тас қорғандарыда құтқара алмағаны» деректерде айтылады. Қытай қорғандарының ең ескі бөлігінде оқ ататын тесіктер Қытай жаққа қарап тұрғаны ғалымдарды таңдандырған, оны қытайлар «мемлекеттегі халықтың бүлігінен сақтану үшін жасалған» деп түсіндіреді. Шынында таудағы қорғандарды салған жүнді халқы, олар күшейе бастаған Қытай империясынан қорғану үшін сол қорғандарды салған, оның оқ ататын тесіктері төменде жатқан қытайларға бағытталуы сол себептен. Кейін б.д.д. 4-3 ғ.ғ. жүнділер екіге ыдырап жойылып, олардың жері Қытай империясына қосылғанда, қытай мен далалық хоңыр (хунь) халқы жақын көрші болып қалды. Қытайлар «р» дыбысы жоқтығынан «хоңыр» халқын «хунь» деп атап кетті, ал хоңырлар болса саны көп, әрі бойлары аласа көршілерін «құрттай» деп атаған. «Р» дыбысы жоқ қытайлар «құрттай» атауын «хытай» етіп қабылдады, осылайша қытай халқы атауы қалыптасты. Хоңыр халқыда кейін қытайлар таңған «хунь» атауына көндігіп кеткенін, олардың Европаны тітіреткен ұрпақтары «гунн» деп көрсетілетіні дәлелдейді (тек «қоңыраты» деген тайпасы атауында «қоңыр» сөзі сақталды, «қоңыраты» мағынасы «атауы қоңыр» дегені). Қытай империясы хунь (хоңыр) халқынан қорғану үшін таулардағы жүнділер тұрғызған қорғандардың арасын қосып кәзіргі біз білетін «ұлы қытай қорғанын» тұрғызды.
Жеңілген жүнділердің үлкен тобы б.д.д. 3 ғ. Орта Азияға жетіп орныққаны, екінші тобы б.д.д. 4 ғ. солтүстіктегі хоңыр халқы (хунь) аймағына барғаны байқалады, ал үшінші тобы солтүстік шығыстағы «ху» тайпасы аймағына кеткенін қытай жазбасы көрсетеді. Жүнділердің өз отанында қалғаны Шыңжандағы юэчжи тайпасы және Тибетте отырған жүнділер ғана. Тибеттегілері кейін будизм діні арқылы тегі қытайлық этностарға араласып тибет ұлтын қалыптастырды. Қытай империясы аймағындағы жүнділерде жеті тайпадан құралған Байды одағы барын қытай жазбасы баяндайды, олардың көбі кейін қытайларға сіңіп жойылғанымен бір бөлігі Шыңжандағы юэчжилерге барып қосылған тәрізді. Енді осы көрсетілген жүнділерге жеке-жеке тоқталып өтелік:

А) қытай деректері «батысқа кетті» деген жүнділер б.д.д. III ғ. Орта Азияны жаулап алғаны, оларды бастаушы «арын» деген тайпа екені байқалады. Иран халқы кәзіргі Түркменстан аймағындағы сақтарды «парны» деп, аймақтың өзін «Парфие» деп атағаны белгілі («парны» мағынасы иранша «арғы жақ»). Осы атау себепті ол аймақта орнаған мемлекет тарихқа Парфия атауымен енді, ал ол мемлекетті орнатқан тайпа кәзіргі Шыңжан аймағынан келгенін ғалымдар мойындайды. Яғни қытай жазбалары «б.д.д. 3 ғ. батысқа кетті» деген жүнділер сол ғасырда Орта Азияны жаулап алып Парфия патшалығын орнатқанын көреміз. Көп ұзамай кәзіргі Иран аймағы мен Закавказе де осы патшалыққа бағынды. Грек-иран деректеріне сүйенген ғалымдар Парфия билеушілерін «Арансак» немесе «Арсак» династиясы деп таниды, осы династяның Закавказедегі тобы «Араншах» және «Аршакиды» деп көрсетіледі. Ал қытай жазбалары Парфия патшалығын «Анси патшалығы» деп көрсетеді. Қытай жазбалары «сақ» халқын «си» деп көрсететінін және қытайда «р» дыбысы жоқтығын ескерсек, онда «Анси» атауы дұрысында «Арынсақ» болады. Осы көрсетілген «араншах, аршак, арынсак» атаулары Парфияны билеген династия Арын деп аталғанын байқатады. Жүнділер әуелі Орта Азиядағы сақ халқын бағындырып Парфия патшалығын орнатты, ал иран халқы Орта Азиялық тайпаларды жаппай «сак» деп атайтын. Иран халқы Парфияны орнатқан жүндилік Арын тайпасын сак халқынан деп түсінгенін, оларды сол себепті «арансак» деп атағанын көреміз, ал осы атау закавказеде «араншак» болып орныққан. Парфия патшалығы заманында Орта Азиялық сақтардың албан мен сыбан тайпалары Закавказеге барып ондағы арыс (аорс) тайпасымен қатар орнықты, албан тайпасының көптігінен Закавказье 5 ғ. дейін Албания деп аталды және оларды билеген Аран тобы екеніде белгілі. Албан тайпасының Қырымда отырғандары 10 ғ. арап жазбаларында «сакалба» (сакалбан) деп көрсетіледі және Европаға асып кеткендері кәзіргі Албания мемлекеті халқын қалыптастырды. Ал сыбан тайпасы азарбайжан құрамында «шахсеван» атауымен сақталды (сақсыбан), олардың үлкен тобы сван атауымен грузиндер құрамында және Арменияда Сван атаулы көлде бар. Орта Азияда қалған албан мен сыбан тайпалары қазақ халқында албан мен суан атауымен сақталды. Кейін арап әріпті шежірелерді «кирилицалаған» ресейліктер «сыбан» атауын «суан» етіп өзгертті, дегенмен найман мен керей тайпалары құрамында қалған сыбан рулары "сыбан" атауын сақтап қалды.
Закавказелік Албанияны билеген «араншак» (аршакиды) династиясы 1 ғ. биліктен айрылып кіші Кавказ тауына жақын шоғырлана бастаған (хұң халқының алан тайпасы Закавказені жаулаған заман). Осылайша олар өздеріне бағынышты арыс, албан, сыбан руларынан болашақ армиян халқын қалыптастыра бастады. Олар 3 ғ. соңында ежелгі грек тілінде християндық қабылдаған ең алғашқы кавказдықтар, армияндардың ең алғашқы християндық жазбалары «қыпшақ тілді» болуы олардың өз тілі түркілік болғанын көрсетеді. Ол заман «арыншак» атауы «аршак», арын атауы «ар» болып қысқарған, осы себептен олар өздерін «армын» деп атаған, кейін тілдері ежелгі гректік шіркеу тілімен өзгергенде «армын» атауы «армиян» болып өзгерген деу орынды. Армияндар «аршакиды» (аршак) династиясын өз патшалары деп таниды, олардың бір-бірін «ара» деп атауыда арғы тегі «арын» немесе «ар» екенін көрсетеді. Армиян фамилияларындағы «ян» жалғауы түркілік «дан, ден, нан» жалғауларының өзгерген нұсқасы деу орынды, яғни Хачатурян-Қашатұрдан, Бабаян-Бабадан, Джигарханян-Жығарханнан болып шығады. Сол «арандар» қалыптастырған християндық дәстүр «Ариянская християнство» деп танылады. Осы «ариянская» атауыда олар шынында «Арын» деген тайпа екенін көрсетеді.
Б.д.д. 2 ғ. Парфия патшалығының Орта Азиялық аймағын Шыңжаннан келген юэчжилер басып алып, ол жерде Үйсүн империясы орнады (Кушан патшалығы). Парфия патшалығы негізінен кәзіргі Иран аумағын ғана сақтап қалды, осы себептен иран халқы мемлекеттің негізгі халқына айналды. Парфияны билеген жүнділік династия қол астындағы иран халқына сіңді, ал иран халқы мемлекеттің «Парфия» атауы ықпалымен «парсы» деп атала бастады. Сонымен Парфия патшалығын орнатқан жүнді халқы, оны билеген Арын тайпасы адамдары деу орынды.

Б) Хоңыр (хұң-хунь) халқы аймағына кеткен жүнділер дилин немесе динлин деп көрсетілетіндер. Олар қытай жазбалары Ди деп көрсетін жүнділер деу орынды. Жоғарыда қытайлар Тянь (тәнірі) сенімін жүнділерден қабылдағаны, жүнділердің кей тайпалары өздерін «діллі» (дін иесі) деп атағаны және қытайлар сол жүнділерді «ди» деп атап кеткені жайлы ойымызды айттық. Хунь империясы құрамына енген дилин (динлин) халқы сол ди-жүнділер деп білеміз. Қытай деректеріде дилин адамдары Орталық Қытайдағы адамдарша табынатынын баяндайды, яғни олардың Тянь (тәнірі) сенімін ұстанатын қытайларша табынатынын көрсетеді. Осы дерек біздің тұжырым дұрыс екенін байқатады. Хұң (хунь) халқына Тәнірі сенімін таратқан сол дилин-жүнділер екені түсінікті. Дилиндік тайпалар тізімінде «хэгу» деп көрсетілгенді ғалымдар «қырғы» тайпасы деп таниды, ал ондағы «уху» деп көрсетілгені «уақ» тайпасы деу орынды. Диллиндер 5-6 ғ.ғ. «деле» («теле») және «телеут» атауларымен кездеседі. Ол заман Жужандар теле-телеут халқын әскер ретінде қолданғаны белгілі. Сол заманда Гунн империясы аймағында болған утигур, оногур, кутригур дегендер қырғы тайпасының рулары тәрізді. Дилин халқының қырғы (қытайша «хэгу») тайпасынан қырғыз, башқыр және хакас ұлттары қалыптасты. Алтайлық түркітілді ұлттардың көбі сол дилин (теле-телеут) халқы тайпаларынан қалыптасқан. Дилин (теле-телеут) халқының уақ (қытайша «уху») тайпасы қазақ халқы құрамында сақталды, теле-телеут халқының үлкен тобы «төлегетай» атауымен найман тайпасы құрамына енгенінде көреміз.
Яғни, жүнді халқының солтүстік далаға кеткендері тарихта диллин және теле-телеут деп көрсетілетіндер, олар Сібір мен Алтайдағы түркілік ұлттарды қалыптастырған және кей бөлігі қазақ халқы құрамында сақталған.

В) Шығыстағы ху халқы отырған аймаққа кеткен жүнділерді де бастаған Арын тайпасы екенін көреміз. Алдымен ху халқына аздап тоқтала кетейік: ху мен хоңыр (хунь) халықтары көршілес отырды, шығысындағы айлакер көршісіне «қу» атауын берген хоңыр (хунь) халқы болар. Қытай аңыздарында ежелгі Ся елінің солтүстікке кеткендері болғаны айтылады. Солтүстікке кеткен Ся елі ондағы ху халқымен араласып Сяньби халқын қалыптастырды. Ху халқының өзі ол заманда Дунху («шығыс ху») деп аталатын. Лев Гумилев қытай деректері сяньби мен дунхулар өзара туыс екенін дәлелдейтінін жазады. Дунху ұрпақтары корей мен жапон ұлттары деп білеміз, ал сяньби ұрпақтары кәзіргі халха-маңғолдар екені мәлім. Корей, жапон, маңғол тілдері өзара өте жақын екені және олардың тілдік қорының үлкен бөлігін қытай сөздері құрайтыны біздің сөзімізді нықтайды. Сяньби халқы 500 жылдай Хұң (хунь) империясы құрамында болды, кәзіргі маңғол тілінде кездесетін «қазақы» сөздер сол заманда сяньбилер тіліне енген хұң (хунь) сөздері екені түсінікті. Маңғол тіліндегі қазақ сөздері маңғол мен қазақтың туыстығын дәлелдемейді, ол сөздер, сяньбилерді 500 жыл билеп-төстеген хунь халқы кәзіргі қазақтар екенін дәлелдейді.
Қытай жазбасы «жүнділердің бір бөлігі б.д.д. 3 ғ. ху халқына барып қосылды» деп көрсетеді. Сол ху халқына барып қосылған жүнділер 300 жылда «бес тайпалық жеке ел» қалыптастырғаны байқалады, өйткені б.д. 1 ғ. кәзіргі Манжурияның шығысында когурё деген «бес тайпа одағы» тарих сахынасына шықты. Оның дұрыс атауы «хуаре» деп білеміз, билеушілері Арын тайпасы болғандықтан олар «хуаре» деп аталған («ху-арын», яғни «ху» мен «арын» атауынан) дейміз. Корея тарихында олар «когурё» және «хукогурё» атауларымен көрсетіледі, «хуаре» атауы Коеядағы жергілікті этностар тілінде «когурё» болып өзгерген болар. Қытай деректері бес тайпалы когурё (хуаре) одағы 2 ғ. кәзіргі Солтүстік Корея аумағын жаулап алғанын және кейін ары қарай оңтүстікке өз ықпалын тарата бастағанын көрсетеді. Кейіннен б.д. 9 ғ. когурё атауы «корё» болып өзгеріп орнықты, осылайша Корея атауы қалыптасып, ол аймақ халқы корей деп аталып кетті. Қытай жазбалары бес тайпалы когурё (хуаре) одағы адамдары ірі денелі қарулы болатынын, олардың мемлекеттік жүйесі мен мәдениеті сяньбилерден анағұрлым жоғары екенін, киетін киімдері жібек пен алтыннан тоқылатынын, қару-жарақтары қытай мен хұңдардан (хунь) кем түспейтінін баяндайды. Осы деректер ол мемлекетті орнатқандардың арғы тегі ежелде қытай халқын билеп төстеген ержүрек жүнділерден екенін байқатады. Корей тілінде аз кездеспейтін «қазақы» сөздер «бес тайпалы когурё-хуаре елін» қалыптастырған жүнділік Арын тайпасынан деп білеміз.
Жүнділік арын тайпасының кәзіргі Жапонияға жақын аймаққа орныққандары «Айн» ұлтын қалыптастырған дейміз. Арын атауы «р» дыбысы жоқ қытай ықпалымен «айн» болып өзгергені түсінікті (жапон мен корей ұлттарына қытайлықтар көп сіңгендіктен олардың сөздік қорының 40 проценті қытай сөздері болып табылады). Айн-арындар «айдаладағы аралдарды», яғни «жапанда жатқан аралдарды» мекендейтін халықты «жапан адамдары» немесе «жапандар» деп атаған, осы атаумен «жапон» ұлты атауы қалыптасқан деп түсінеміз. Ертедегі айн адамдарының беті жүндес болғанын жапон жылнамалары баяндайды, осы деректер айндардың жүнді халқының арын тайпасынан екенін байқатады. Айн халқы жапондарға сіңіп өз тілдерін толық жоғалтқан, олардың арғы шыққан тегі белгісіз саналады. Дегенмен жапон тіліндегі «қазақы белгілер» солардан енген деу орынды. Сол аймақтағы «Сахалинск» атауы дұрысында «Сахалық» (саха тайпасы, яғни якут тайпасы отырған аймақ), «Курилск» атауы «Құрылық», ал «Камчатка» атауы дұрысында «Кәмшәт» (кәмшәт аңы мекендейтін аралдар) болғаны түсінікті, оларға түркілік атау берген арғы тегі жүнділік айн-арын тайпасы деу орынды. Қалай болғанда да жапон, корей және маңғол тілдерінің өзара жақын туыстығы олардың арғы тегі ху халқынан тарайтынын дәлелдейді, ал олардың тілдерінде кездесетін «қазақы» сөздер ежелгі жундилер (жүнді) мен хуньдардан (хұң) енгені түсінікті.
Ал Амур өзені аймағына барған жүнділік Арын тайпасы хұң (хунь) халқына сіңісіп «архұң» деп аталып кеткенін, ондағы өзеннің «Архунь» атауынан байқауға болады. Сол архұң (архунь) тайпасы Хұң (хунь) империясы жойылған 1 ғ. хұң халқымен бірге батысқа ығысып кәзіргі Қазақстанға орныққаны және қазақтың кәзіргі Арғын тайпасы солар екені түсінікті. Олардың сол заманда Солтүстік Кавказға барғандарынан қалған белгілер Аргунь өзені мен Аргунь-кала атауы. Дағыстандағы түркітілді дарғын ұлтыда солардан қалыптасуы мүмкін. Дағыстан атауы «Тағыстан» деген атаудан қалыптасқан («жабайы дінсіздер елі» деген мағынада), олай атаған християн дінді құмықтар болар, християндарда өзге дінділерді «тағы, жабайы» деп атау дәстүрлі әдет (11 ғ. дейін құмықтар християн дінді болғанын және кәзіргі Азарбайжан жерін мекендегенін арап тарихшысы Әл Масуди көрсеткен). Християн құмықтар Солтүстік Кавказдағы арқұң тайпасын «тағы арғын» деп атауы, осы атау кейін «дарғын» болып орнығуы әбден мүмкін. Венгрияға 9 ғ. барған мажарларда Кавказ маңынан қоныс аударғаны белгілі, ал мажар руы Арғын мен Қыпшақта қатар бар. Венгрияға барған мажарлар қыпшақ тайпасынан емес, арғын тайпасынан болған. Парфия патшалығын орнатқан Арын тайпасы мен хұң (хунь) халқына сіңісіп кеткен Арын-архұң тайпасы арғы тегінде бір тайпа, ол жүнді халқынан болған билеуші тайпа. Демек атақты Парфия патшалығын орнатып билегендер Арғын тайпасы деуге толық негіз бар. Қытай деректері «чи-ди» деп көрсеткен жүнді руы қазақтың «шекті» тайпасы деу орынды. Ал Тохарстан княздігін орнатқан Таз тайпасы юэчжи елінен екені белгілі, яғни оларда жүнді халқынан болады. Арғын тайпасы құрамындағы таз, шекті, шақшақ рулары сол ежелде Амур аймағына кеткен жүнділер құрамында арын тайпасымен қатар таз, шекті, шақшақ тайпаларыда болғанын көрсетеді (билеуші арын тайпасы болғандықтан ортақ атаулары Арқұң болып қалыптасқан).
Бекжан ӘДЕНҰЛЫ

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста