Жапонның құламайтын үйлері – қазақ ғалымының жобасы

1990-жылдардың басында қазақ ғалымының кеңесін алу үшін оның есігінің алдында жапон ғалымдары, инженерлері мен сәулетшілері ұзын-сонар кезекте тұрған.

Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен кейін халықты үрей биледі. Әсіресе, сейсмикалық қауіпті аймақта тұратын алматылықтарды. Бес тектоникалық жарық (тектонический разлом – ред.) үстіне салынған мегаполис жер сілкінісіне қаншалықты төзімді? Бұған үкіметтегілердің өзі жауап бере алмай отыр. Жапониядағы ғимараттарының сейсмикалық беріктігін дәлелдейтін бейнероликтерді көріп, жапондарға тағы да қайран қалып жатырмыз. Десе де, осы технология идеясының авторы және оның ғылыми негізін қалап, әзірлемесін жасап, эксперименталды түрде алғаш ғимараттар салған қазақ ғалымы екенін екінің бірі біле бермейді.

Бұл ғалымның аты-жөні – Төлеубай ЖҮНІСОВ. Әлеуметтік желіде «1990-жылдардың басында қазақ ғалымының кеңесін алу үшін оның есігінің алдында жапон ғалымдары, инженерлері мен сәулетшілері ұзын-сонар кезекте тұрған» деген ақпарат тараған.

Төлеубай Жүнісов Кеңес дәуірінде КСРО-ның Қала құрылысына қарасты «КазпромстройНИИпроект» институтын басқарған. Тәуелсіздік жылдары бұл «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» болып қайта құрылған.

Осы институт директоры ретінде Төлеубай Жүнісов ғимараттардың сейсмикалық беріктігін арттыру мәселесімен ұзақ жылдар айналысып келген.
«ҚазҚСҒЗЖИ» АҚ басқарушы директоры Ералы ШОҚПАРОВТЫҢ айтуынша, бұл жүйе бізде КСРО дәуірінде сонау 1950-жылдары жасалған.

«Біздің институт кеңес тұсында сейсмооқшаулаушы, резина-металдық іргетас жобасын көп зертеген. Сейсмооқшаулаушы үйлер Алматыда және Қырғызстанда да көп салынды. Соның бәрін біз Төлеубай Жүнісовтің басшылығымен сынақтан өткізгенбіз. Жапондар бұл идеяны іліп әкетіп, дамыта түскен», – дейді NEGE тілшісіне түсініктеме берген Е.Шоқпаров.

Ералы Шоқпаров кез келген дамыған мемлекеттердің қазіргі технологиялық жетістіктерінің тасасында кеңестік дүниелер тұрғанын айтады. Кеңес өкіметі тараған соң көп ғалымдар жылы орын іздеп, АҚШ-қа, Жапонияға, Канадаға кетіп жатты.

«ТМД елдері ғалымдарының біреуі барып, осы құжаттарды көрсетіп, оны сол жақта дамыта түсуі мүмкін екенін жоққа шығармаймын. Біздің ғылыми кітаптарымызда Төлеубай Жүнісов зерттеулері жайында көп мағлұмат бар. Бүгінгі таңда жапон халқы бұл жүйені дамытып, өрбіткен. Ол кезде бізде өндіріс осал болды. Мысалы, ғалымдар әзірлеме жасап, есептеп, нұсқау береді. Бұл – бір бөлек дүние де, оны өндіріске қоя білу – мүлде басқа нәрсе», – дейді маман.

Ералы Шоқпаровтың айтуынша, Жапонияда бүгінде сейсмооқшаулаушы іргетаспен салынған 5 мыңнан аса ғимарат бар. Мұндай ғимараттар бізде де аз емес екен. Басты ерекшелігі, эксперименталды түрде салыныпты.

Бұл туралы маман былай деді: «Төлеубай Жүнісовтің басшылығымен 40-тан аса ғимарат салынған. Басқа елдер де осындай әзірлеме жасаған. Бірақ ол кезде эксперименталды құрылыстарды ешкім салмаған еді».

Төлеубай Жүнісов – Қарағанды өңірінің тумасы. Харьков инженерлік-құрылыс институтын тамамдаған. Оның дербес және басқа ғалымдармен бірлесе жазған 560-ден астам ғылыми жұмысы бар. Ғалымды АҚШ-тың Колумбия, Пристон, Оңтүстік Калифорния, Солтүстік Калифорния, Беркли, Стенфорд, Девиса, Хьюстон университеттері аттай қалап, дәріс оқуға шақырған.

Жапондардың өзі мойындаған академик Т.Жүнісов 2015 жылы 88 жасында дүниеден озды. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста