ХХ ғасырда қанша қазақ қырылды?

 Қазақ халқының отаршылық қамытына мойын салуы ХVІІІ ғасырдың алғашқы жартысынан бастау алады. Бізді кім отарлады дегенге келсек, ол да белгілі батыстағы көршіміз орыстың табынына түсіп қалдық. Осы отаршыларға қарсы әрбір кезде қазақтың бұла азаматтары бостандық үшін басын бәске тігіп атой салды. Атап айтқанда, 1789 жылы Сырым батыр Датұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс 17 жылға созылды. Одан кейін 1836-37 жылдардағы Исатай-Махамбет көтерілісі, 1837-1847 жылдары өріс алған Кенесары бастаған қозғалыс, 1856-1857 жылдары Жанқожа батыр, 1855-1858 жылдары Есет Көтібарұлы бастаған көтерілістер, ең соңғысы, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысты бәріміз білеміз. Бұлар не үшін күресті? Бүгінгі тәуелсіздік үшін күресті.
Қысқасы, қазақ ұлт болып ұйысып, халық болып қалыптасқанша не бір азап пен аштықты басынан кешірді. Тағдыр талайына атан түйенің белі қайысатын тауқымет жазыпты. Сөйтіп жүріп, аузына тістеп ұрпағын өсірді, ұшқан құстың қанаты талатын байтақ даласын қорғады. Егер де өткен ғасырдың 30-шы жылдары аштық-зұлматқа ұшырап, зардап шекпегенде, бүгін біз 40 миллион халық болған болады екенбіз. Тіліміздің мұртын балта шаппайтын, жан-жағымызға қарап жалтақтамайтын күйге жетеді екенбіз…
Өткен тарихқа көз жіберсек: 1911 жылғы бір құжатта Қазақстанда 5 млн 408 мың халық болды деп жазады. Оның 3 млн. 639 мыңы қазақтар екен. Осы тұста Қытай мен Монголияда 100 мың қазақ өмір сүрген. 1916 жылғы санақ бойынша қазіргі Қазақстан және Қырғызстанның бірқатар аймақтарында 3 994 500 қазақ, Орта Азияда (Самарқанд, Каспий сырты, Ферғана облыстарында) 235 500 қазақ, Астрахан губерниясында 353 700 қазақ, Орынбор, Самара, Томск, Тобыл, Енисейде 95 100 қазақ, Ресей империясының жерінде барлығы 4 678 800 қазақ өмір сүрген екен. Сол кезде көршілес өзбек ағайындарымыз да бізбен шамалас, әуелі бізден бір табан кем де болды. Бүгін қараңыз, 20 миллионның үстінде – тілі де сау, діні де сау келе жатыр.
Хош, сонымен тарихқа қайта оралайық: 1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс кезінде 275 мың қазақ жазықсыз оққа ұшқан. 1931-32 жылғы аштықта 2,3 млн қазақ аштан өлген. Ұлы Отан соғысына қатысқан 350 мың қандасымыз отбасына оралған жоқ. Соғыс жылдары тылдағы ауыр жағдайдан 150 мың адам көз жұмған. 1944-48 жылдары «Соғыс тұтқыны» ретінде 50 мың қазақстандық қуғынға ұшыраған. Қазақ өңіріндегі полигонның салдарынан 23 мың адам зардап шегіпті. 1945-1991 жылдары аралығында Совет армиясының сапында жүрген 25 мың қазақ азаматы шаңырағына оралған жоқ. 1978-1988 жылдары Ауғанстанда әскери міндетін атқарып жүрген 1,5 мың қазақ азаматы тағы да отбасына оралмапты… Деректер осылай, дейді.
Бүгін тәңір жарылқап тәуелсіздік алдық. Бұл текке келген жоқ. Жазықсыз жапа шеккен халқымыздың ғасырлар бойғы арманы. Құдай берген тәуелсіздіктің қадірін білейік ағайын.

Ерлан Алтай

qamshy.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста