"Ұмыту мүмкін емес". Қазақтар өзге ұлттарды қалай паналатқан?

ХХ ғасырдың бірінші жартысында жұттан аман қалған қазақтар үшін қиын кезең бітпеген еді. Қазақ жеріне түрлі ұлт өкілдері күштеп жер аударылды, жұттан қиналған қонақжай, бауырмал қазаққа енді нанын басқа да бауырластарымен бөлісуге тура келді. Massaget.kz тілшісі өткен ғасырда қазақ жеріне қоныс аударылған өзге ұлт өкілдері туралы деректерді жинады. 

 

Тарих тоғысында

 

Столыпин 1911 жылғы мамырда жерге орналастыру комиссияларының құқықтарын кеңейтуді көздейтін заң қабылдады. Жаңа заң шаруалар қауымының жойылуын және жер иелерінің санын көбейтуді көздеді. Жер тапшылығы мәселесін шешу үшін шаруаларды Орта Азия мен Сібір жерлеріне көшіру жоспарланды.

 

1925 жылға дейін Қазақ АКСР-нің аумағына халықтарды депортациялау ресми түрде жоспарланбаған. Қоныс аударуды бастау туралы шешім тек 1928 жылы қабылданып, 30-жылдардың 1-жартысында халықтарды Қазақстанға депортациялаудың бірінші толқыны басталды. Бұл Ресей билігіне кулактармен күресу үшін сынақ шаралары болды. Статистика бойынша, депортацияның алғашқы толқыны кезінде 2 миллионға жуық адам қазақ жеріне қоныс аударған.

 

Тарихқа көз жүгіртсек, қазақ даласына өзге ұлт өкілдерін бір емес, бірнеше рет қоныс аударған.

 

  • 1934 жылға дейін - арнайы қоныс аударушылар;
  • 1934-1944 жылдар аралығы - еңбекке жарамды қоныстанушылары;
  • 1944 жылы - арнайы қоныс аударғандар.

 

 

 

1920-1950 жылдары Қазақстанға жүздеген мың жазықсыз жан, тұтас халық өкілі, 62 ұлт қоныс аударылды.

 

 

 

 

Ғасырлар бойы алғыс

 

Екі мәрте Кеңес Одағының батыры, ұшқыш-ғарышкер В.А. Шаталов өз естелігінде: "Мен Қазақстан жеріне өмір бойы ризамын. Сұрапыл соғыс жылдарында қазақ халқы мені өз баласындай көріп, қамқорына алды".

 

"Біздің отбасымыз бақытты. Қазақтың арқасында аман қалдық. Қоныс аударудың алғашқы кезеңі басталғанда, қазанда, жеті жаста едім. Бір айға жуық ұзақ жолдан кейін қазақтар бізді қарсы алды. Олардың ұлттық киімдері, базардағы қауындары әлі есімде. Әлсіздерді, қарттарды өгіздері бар арбаға мінгізді, қалғандары жаяу жүрді. Кейін тозығы жеткен уақытша тұрғын үйлердің құрылысы басталды. Келесі жылы оқу басталды. Біздің колхоз егінге де, ерлікке де бай еді", - деді Гурий Борисович Хан бір сұхбатында.  

 

 

 

 

"Бізді Қазақстанға әкемнің ағасы шақырды. Шымкентке 1962 жылы келдік. Мен ол кезде 10 жаста едім, 3-сыныпта оқимын. Сол кезде бізді шарбақ алдында бір қазақ әйел қарсы алды. Ол бізге нан мен бауырсақ берді. Мұны ұмыту мүмкін емес. Олардың өздері нанға мұқтаж болатын. Соған қарамастан бізге көмектесті. Біз мұны жадымыздан шығармаймыз, немерелерімізге, шөберелерімізге айтамыз", - дейді неміс этномәдени орталығының төрағасы Йозеф Бахман.

 

Қарағанды ​​мемлекеттік университетінің Қазақстан тарихы және Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының оқытушысы Светлана Елеуханова "Ұлы Отан соғысы және майдан мен тылдағы Қазақстан әйелдері: әйелдер хикаясы және күнделікті өмір" жобасы аясында неміс әйелдерінің бастан кешкен оқиғаларын бөлісті. 

 

"Елтайда жеті неміс отбасы тұратын, қалғандары қазақ отбасылары. Көп ер адам соғысқа аттанған, біз екі әйелмен бірге тұрдық. Жергілікті тұрғындар бізді жылы шыраймен қарсы алды. Бірде-бір рет сөгіс естіп көрмедік. Қазақ тілін тез үйреніп алдық. Бүкіл отбасы болып ауылда жұмыс істей бастадық. Тату-тәтті өмір сүрдік. Соғыс кезінде барлығына қиын болды, бірақ біз бірлескен күш-жігердің арқасында аман қалдық", - деп жазған естеліктерін Шмидт-Головина Ольга Генриховна.

 

Идирисовтар отбасы Ақмола облысы Шортанды ауданындағы Гуляй Поле ауылына келіп түскен. Мұнда оларды қазақ отбасы паналатқан.

 

"1944 жылы 23 ақпанда біздің отбасымыз Урус-Мартан облысы Шешен-Ингуш Автономиялық КСР-нан қуылды. Малға арналған вагонмен келе жатқанымыз, үнемі жылап, қорқып, қарным ашқаны, нанға жетіспегені әлі есімде. Содан бірнеше жылдан кейін анамнан неге бізде нан болмағанын, ал Қазақстанда оның көп екенін сұрадым. Мен ол кезде нанды қолдан жасайтынын білмедім. Ал вагон брезентпен екіге бөлінген еді. Бір жартысында әйелдер, екінші жартысында ерлер. Босанатын әйел өзгелер оның даусын естімес үшін ернін тістеп ала жаздағаны да есімде", - деп еске алады Саид Идирисов.

 

"Апамыз бауырсақ пісіргенде, майдың иісі үйдің бәрін алып кететін", - дейді Саид Әбумуслимович.

 

 

 

 

Иосефина Оттовна былай деп еске алды: "Жергілікті тұрғындар, әсіресе қарт адамдар бізге жанашырлықпен қарады. Олар бізге қымыз, сүзбе беретін. Анам техник болып жұмыс істеді, жалақысы аз еді. Жергілікті тұрғындардың көмегінің арқасында аман қалдық".

 

Литвалық "Литуаника" этно-мәдени бірлестігінің жастар қанатының төрағасы Вида Грейчут өз отбасының тарихын айтып берген.

 

"Шәкен аға - Грейчут әулетіндегі айтулы тұлға. Ол қатаң тыйымдарға қарамастан, Литвадан келген қуғын-сүргінге ұшыраған ғашықтарға некелесуге көмектесті. Атам мен әжем "Халық жауы" деген баппен Қазақстанға жер аударылды. Алайда олар отбасы бақытын дәл Қарағанды ​​жерінде тапты. Ал Шәкен аға көп жыл бойы отбасымыздың досы болды, ол - біздің жақын адамымыз", - дейді ол.

 

Осындай хикаяны боранда қалып қойған корей отбасының кенжесі Галина Пак айтып берген. 

 

"1952 жылы қыста үш баласы бар отбасы Бөгетсайдан Ақтөбеге жол тартады. Олармен бірге 1949 жылы туған ағам Витя, 1950 жылы туған әпкем Катя және небәрі 1 жаста болған ағам Федя болды. Көлік далада қалып қойған, әкем көмек іздеуге кетеді. Түн, қараңғы, дауыл. Кейін әкем пеш түтініне  барғанын айтты. Ол кезде жарық жоқ еді. Ол Новороссийскіге жетті, қазір бұл Ақжар, бірінші кездескен үйдің есігін қаққан. Үй иесі жағдайды біліп, атқа мініп, анамыз бен балаларымызды іздеуге аттанды. Ол бізді үйіне әкеліп, әйелінен тамақ беруін, жылытуын сұрады, боран басылғаннан кейін отбасым аман-есен жүріп кетті. Кейін үй иесінің кім екенін білдік. Әлмұхан ата екен, анам көзі тірісінде алғыс айтып үлгермеді. Есейген соң, алғысын біз жеткіздік", - дейді Галина Пак. 

 

 

 

Неге өзге ұлт өкілдерін Қазақстанға жер аударған?

 

Өзге ұлт өкілдерін қазақ жеріне аударудың ешқандай астары болмады деген пікірлер бар. Алайда бұл туралы тарих ғылымдарының кандидаты, Шоқан Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері Манара Қалыбекова CAAN-ға подкастында мұның саяси және әлеуметтік астары барын айтады. 

 

"Егер біз тағы да тарихнамаға тоқталсақ, Солженицынның еңбектерінде "қазақтың кең, байтақ даласы Кеңес үкіметі үшін сол заманда қандай да бір ұлт өкілдерін жоюға өте қолайлы болды" делінген, бірақ шын мәнінде, Қазақстан жерінің пайдалы қазбаларға өте бай екенін, барлық өнеркәсіп орнының осында шоғырланғанын білуіміз керек. Оның барлығы Орталық Қазақстан аумағында және Солтүстік бөлігінде шоғырланған. Бізге қоныс аударылған өзге ұлт өкілінің басым бөлігі сол жерлерде қоныстанған, өйткені барлық ірі өнеркәсіп орны, халық комиссариаттары сонда орналасқан. Сондай-ақ, бұл ойластырылмаған, алдын ала жоспарланбаған қоныстандыру болды деген пікір бар, бірақ шын мәнінде, мұның бәрі жоспарланған, дайындалған қоныстандыру болды. Карта бойынша, олар Қазақстанның барлық жеріне қоныстанды делінеді, бірақ Орталық, Солтүстік Қазақстанға баса назар аударылды", - дейді тарихшы.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста