Тутанхамон перғауын асық ойнаған ба?

Біреу сізден «Асық деген не?» деп сұраса қалай жауап қайтарар едіңіз. «Қазақтың ұлттық ойыны» дейсіз иә? Бәріміз де солай жауап береміз. Себебі, қазақтың қай баласы да асықпен ойнаған. Ал анығында, асық тек қазақтың ғана ұлттық ойыны емес екен.
Қиырдағы Африканың балалары да асық ойнап жетіліпті. Мысыр патшасы Тутанхамон перғауынның өзі асық ойнапты. Б.з.б бұрынғы 1333 жылға тән бұл асық бүгінде Мысырдың Каир мемлекеттік музейінде сақтаулы тұр. Бұл асықтар (жиынтық қорап) перғауынның қабірін ашқан кезде табылыпты.
Асықтар және басқа да сүйектер жасалған ойыншықтар осы жиынтық қорапшада сақталыпты. Бұл жай қорапша емес, мысырлықтардың 4 мың жылдық тарихы бар Senet деген ойыны екен. Ойынның бұл түрі перғауындар заманынан бұрын пайда болыпты.


Ойын тәртібі қазіргі шахматқа келіңкірейді. Ұзынша тақтаның екі басында екі бала (адам) отырған. Олар тақтаның бетіндегі таңбалармен жүру арқылы келесі бетке жетуге тиіс болған. Фишка ретінде кәдімгі сүйектен жасалған түрлі фигуралар мен кәдімгі қойдың асығын пайдаланған.
Зерттеушілердің айтуынша, ойынның бұл түрі Мысырға Қиыр Шығыстан барыпты. Миттани (қазіргі Сирия маңы) патшасы Тушратта бұл жиынтықты Мысыр патшасы III Аменхотепке сыйлаған екен. III Аменхотеп патша IV Аменхотептің әкесі болған. Ал Тутанхамонның әкесіне қатысты деректердің бірінде оның IV Аменхотептің ұлы екені айтылады (Ғалымдар екеуінің туыстық қатынасын дәлелдеуі үшін ДНК сараптамасын жасаған). Демек, жоғарыдағы асық Тутанхамонға атасынан қалған қалуы әбден мүмкін.
Тутанхамонға асықтың қалай жеткені шамамен белгілі болды. Ал миттаниліктерге асық қайдан барған? Зерттеушілердің айтуынша, ертеректе Қосөзеннің бойын аморей, хуррит секілді түрлі көшпенділер жайлаған екен. Кім біледі, сол көшпенділердің арасында біздің бабаларымыз да болды ма екен?
Жиырма жылдың алдында Нұртөре Жүсіп ағамыз Қазақстан делега­ция­сы құрамында Мысырға барған екен. Сөйтіп, Каир қаласындағы тарихи мұражайды аралапты. Әлемге әйгілі Тутанхамон перғауынның тұтынған заттарын тамашалапты. Жүре-жұре «Тутанхамонның ойыншық­тары» деген бөлімге кіріпті. Бір кезде қаз­дай тізілген асық­­тарды көріп қайран қалыпты. Сол жердегі делегация құрамындағы қазақтардың бәрінің көзіне әлгі асық оттай басылыпты. Бұлардың асыққа таңырқай қараған түрлерін көріп гидтің өзі таңғалыпты. Бір қызығы, әлгі гид асықтың не екенін білмейді екен. Дереу атауын жазып ала қойыпты. Кейін бұл жайлы «Егемен Қазақстанға» Нұртөре ағаның «Тутанхамонның асы­ғы» деген мақаласы шықты.


«Тутанхамон­ның ойыншық­тарының қатарында біздің бала күнімізден ойнап өскен асығымыз тұр! Таң қаласыз ба, жоқ па? Ойпырмай, – дейміз. – Тутанхамон ойнаса бұл асық­пен. Оның атын мысырлықтардың өзі білмесе. Айдаладағы біз біліп тұрсақ. Ең қызығы атам заманғы Тутанхамон ойнаған ойыншықпен, яғни өзіміздің асықпен біз де ойнап отырмыз ғой...
...Талай ғасыр, талай дәуренді артқа тастап, мұражай ішіндегі шынылы қораптың ішінде қаз қатар тұр. Көзіңізге оттай басылары сөзсіз. Тутан­хамон кім болған? Біз кім болғанбыз? Тутанхамон да асық ойнаған. Біз де асық ойнағанбыз! Осы арада не байланыс бар?» – деп жазды Нұртөре Жүсіп. Шынында, бір байланыстың бары анық. Негізінде, асық – мал баққан көшпенділерге тән ойын. Сондықтан, асықтың Еуропаға, Африкаға баруы көшпенділердің де сол топыраққа табаны тигенін дәлелдейді.
Асық ертеректе Еуропада да танымал бола бастады. Соның дәлеліндей болып бүгінде еуропалық музейлердің төрінде асықтар жарқырап тұр. Ұлыбританияның Британ музейінде, Францияның Лувр музейінде, Грекияның, Германияның музейлерінде асықтар сақталған. Бұл нені білдіреді? Еуропалықтар да асық ойнады деген сөз. Ал ол жаққа қалай барды? Ғұндар мінген тұлпарлардың тұяғы Еуропаны таптап өткенін еске түсірсек жетіп жатыр емес пе?

aikyn.kz 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста