Тұлпар тұяғымен жазылған қазақ тарихы

Кез келген кәсіби тарихшы белгілі бір тарихты жазуда алдымен осындай деректерді жеткілікті жинап, саралап алады. Бұл – жалпыға ортақ қағида. Өйткені тарихи еңбектердің сенімділігін көрсететін, ғылымилығын арттыратын фактор – оның қолданған тарихи деректерінің шынайылық деңгейінің жоғары болуында. Егер осы принципті мойындасақ, онда, осындай деректермен қатар, тірі деректерді немесе тірі куәгерлерді қоса қолдана отырып, кең көлемде жүйелі зерттеп жазған тарихи еңбектің ғылымилығына күмандану әбестік болар. Осындай ғылыми құндылығына күмандануға келмейтін бір сүбелі еңбек отандық тарих ғылымына келіп қосылды, ол этнограф-тарихшы, тарих ғылымдарының докторы Ахмет Тоқтабайдың «Қазақ жылқысының тарихы» («Алматыкітап» баспасы, 2010 ж. 496 б.) атты қомақты еңбегі.

Қазақ тарихының тірі куәгері жылқы. Жылқы қазақ халқының тарихи өмірімен тығыз байланысты болғаны соншалық, ол тек «қазақтың қанаты» ғана болған жоқ, сонымен қатар ол ұлттық сипатымызға «жылқы мінезді» сіңіріп кеткен жануар. Сондықтан болар, ғасыр бойы қалада тұрып, ана тілінен айырылған қазақтардың бойында да қазірге дейін «жылқы мінезі» тулап тұрады.

Олай болса, жылқы тарихы арқылы қазақ тарихын қарастыру – жаңа әдістемелік тәсілдердің бірі деуге болады. Осы тәсілді қолдану арқылы Ахмет әріптесіміз үлкен ғылыми жетістіктерге қол жеткізді. Енді аталмыш еңбектің құрылымынан мазмұнына көз жүгіртіп көрейік.
Автор зерттеудің алғашқы тарауында Қазақ жері – жылқының отаны екенін дәлелдейді де, одан соң жылқы тарихын қазақтың тарихи өмірімен тығыз байланыстырып, кең тарқатып кете береді. Мысалы, «Жылқының тарихи дәуірлері» (Бұл тарауда, скиф-сақтар, амазонкалар, ғұндар, көне түркілер, қыпшақтар және моңғолдар), «Қазақтың байырғы жылқы тұқымдары» (жылқы оты, жылқы бағу, жылқылы байлар, жылқы саудасы, Қазақ жылқысының төзімділігі мен шыдамдылығы, ХІХ ғасырдағы жылқы шаруашылығы), «Ер-тұрман» (қамшы және қамшыгерлік өнер, ат тағалау, салт атқа мінудің қазақи /шығыстық/ және батысеуропалық үлгісі, жылқы – көлік құралы), «Жылқыдан алынатын өнімдер» (қымыз, қымыз құюға арналған ыдыстар, жылқы еті, терісі, қылы, тұяғы, сүйегі, құмағы, жылқы – халық медицинасында), «Аттың бабы мен сыны» (жорға шықтыру, тұлпардың сыны, жылқыны емдеу), «Жылқы және халықтық мерекелер» (қымызмұрындық, ас, бәйге, ат ойындары), жылқы және әскери іс (құлан аулау, жылқы ұрлау, барымтадан – батыршылық дәстүрге), «Қазақтың әдеттік құқығындағы жылқының орны мен рөлі», «Жылқы және рухани әлем» деп аталған он бөлімнен тұратын еңбек, аса мол деректермен дәлелді түрде пайымдалған. Тақырыпты зерттеуге ежелгі жылқының археологиялық қаңқалары, жартас суреттері, жаңа және қазіргі замандағы алуан түрлі сызба және фото суреттерді, соңғы кездерде табылып жатқан «Ботай жылқысы», «Берел жылқысы» археологиялық деректерін, Орынбор, Омбы архивтеріндегі, Ресейдің ауылшарушылық академиясының жылқы тарихы музейіндегі мұрағаттарды, Моңғолиядан бастап Астраханға, Қытайдан тартып Ташкентке дейінгі кеңістікте тұратын 300-ден астам атбегі, жылқышы, шежірешілерден жазылып алынған баға жетпес мәліметтерді қолданғаны еңбектің ғылыми сапасын барынша өсіре түскен.
Зерттеуші тақырыпқа қатысты елімізде және шетелдерде жарияланған еңбектерді де мұқият саралаудан өткізген. Автор Мәскеу, Санкт-Петербург, Ташкент т.б. қалалардағы кітапханаларда сақталған жылқыға қатысты еңбектерді ғылыми сыннан өткізе отырып, тың ізденістер жасаған, жаңа табыстарға қол жеткізген. Соның ішінде ең бас¬ты жаңалығы деп

Қазақ жылқысының жүріп өткен 5 мың жылдық тарихын, яғни ықылым замандардан бүгінгі күнге дейінгі Қазақ жылқысының даму эволюциясын ғылыми негізде анықтап беруін айтар едім.

Бұл отандық тарих ғылымында тұңғыш рет Қазақ жылқысын кең тарихи уақыт пен кеңістікте жан-жақты зерттеген энциклопедиялық сипаттағы күрделі еңбек деуге тұратын, белгілі мағынадан айтқанда, тұлпар тұяғымен жазылған қазақ тарихы деуге де келетін, ғылыми танымдық және тәжірибелік құндылығы жоғары еңбек болып табылады. Сондай-ақ бұл тәуелсіздік дәуіріндегі тарих ғылымындағы жаңа табыстардың бірі болып есептелуге тиісті ғылыми еңбек деп санаймын.

Нәбижан Мұқаметханұлы,
тарих ғылымдарының докторы,
профессор 

adyrna.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста