Ресей империясының қазақ халқын қырғынға ұшыратқаны жайлы орыс жазушысы Герцен «Колокол» дейтін атақты шағармасында: «Көне өсиет соғыстары мен моңғол шапқыншылғы дәуірінен бергі тарихта дәл осындай жиренішті, құтырған шапқын болған емес… Бұл қанды оқиға болашақта шежіреге енуі тиіс», – деп жазады. Ертеректе ауыл ақсақалдары айтатын: орыс басқыншылығына қарсы шыққан ауылдарды Ресей әскерлері халқын қырып, мал-мүлкін тонап, киіз үйлерді өртеп тірі жан қалдырмаған. Кей ауылдарда қазақ еркек кіндіктілерін: жаңа туған нәрестеден, бес жасқа дейінгі ер балаларды аспанға лақтырып қылышымен шаншып, винтовкасымен мергендікке атып жарысса, бес жастан – он жасқа дейінгі ер балаларды көкпар қылып тартысқан, он жастан – он беске жасқа дейінгі ұлдарды алаңқайға қақшитып тұрғызып қойып, атпен шапқылап, қиқулап келіп, жалаң қылышпен бастарын допша қағып түсіруді күнделікті жаттығуға айналдырған…
Айтатыны жоқ, егер қазақтың еркектерін жойса, қазақ ұлтын жоятынын Ресей әскерлері жақсы білді. 1921 жылы Азамат соғысы бітіп ел тыныштанғанша қазақ еркектерінің көзін жойып, қатын қылған, зорлаған, қазақтың қыз –келіншектері қазақтың емес, көк көз, сары шашты, шикі сары орыс тектес балаларды мыңдап көбейтті. Зорланған қыз-келіншектердің көбісі: «Денеме кәпір тиіп, арымды былғады» деп қазақтың қанша адал қыздары өздеріне қол жұмсаса, біразы «жаудан» бала туғанда оларды өз қолдарымен өлтіріп отырған…
Кешегі қазақ совет әдебиетінің негізін қалаған классик жазушылар мен қып-қызыл ақындар: «Жаңа заманның өнерін, ғылым-білімін меңгеру үшін ең әуелі орыс тілін үйрену, орыс хатына жетігу керек. Қазақтар сонда ғана алдыңғы қатарлы жұрттармен терезесі тең халыққа айналмақ, сонда ғана түнектен шықпақ. Сондықтан да қазақ зиялылары орыс атын жатырқамауға, орыс мәдениетінен нәр алып, орыс ғылымымен қанығуға сол арқылы адамзат қолы жеткен барлық рухани және материалдық байлық билігіне көтерілеміз» деп шақырды. Ал, қане жеткен жетістігіміз? Керісінше орыстан бостандық алғанда білім-ғылымының шыңына, әлемдік мәдениетті меңгерген ұлт емес, ең мешеу қалған шала сауатты, өз ұлтын өзі жойып жатқан ел екенімізді бірақ білген жоқпыз ба. Керек десеңіз жөні түзу баспанада сала алмайды екенбіз. Кедендік одаққа, Ресейге қосылу арқылы тағы да әлемдік дамудың соңында қалатын түріміз бар. Тарихшыларымыз – қорқақ, режисерларымыз – жалтақ, билік басындағы кейбір жауаптылар – қалтақ, саясатымыз – салтақ, басқару жүйеміз бен мәдениетсымағымызды орыстар жүргізіп отыр. Қазақ тәуелсіздігіне байланысты, қазақ батырлары жөнінде көркем шығарма немесе көркем фильм түсірсе, айналдырған «ата жауымыз» бір жоңғарымыз бар. Ол өзі ертек сияқты. Өйткені қазіргі таңда жоңғар дейтін мемлекет те, ондай халық та жоқ. Сондықтан оқушылар, жастар жоңғарлар жөнінде айтқан патриоттық әңгімелеріміз бен фильмдерімізге Грецияның немесе ежелгі римнің мифологиялық аңыздары сияқты немқұрайлы қарайды. Ешқандай патриоттыққа елін, халқын сүюге тәрбиелемейді. Ресейдегі орыстар: «9 мамыр жеңіс күні» деп, «Неміс басқыншылары, жауларымыз, неміс, фриц, фашист» деп әлемдегі ең жаман сөздерімен қорлап, масқаралап, көркем фильмдерінде ең ақымақ, топас қылып көрсетсе де Германия мемлекеті олармен ұрыспай-ақ зкономикалық, мәдени, достық, ынтымақтыстықта қарым-қатынас орнатып араларына сызат түспейді. Ал біздің тарихшылармыз бен саясат баққан қырағыларымыз Ресейге қосылғалы тек қырылып жойылумен, әлем өркениетінен, әлемдік ғылым, білімнен артта келе жатқанымызды білсе де шындықты айтар түрі жоқ. Керісінше, қазақты қорлап фильм түсіргенде алдарына жан салмайды.
1901 –1910 жылдары Ресей империясы Столыпиннің реформасына орай «өз еркімен» қосылған қазақ халқын шұрайлы жерінен қуып, қызын қатын, әйелдерін күң, баласын құл етті. Қарсыласқанын атты, түрмеге жауып, қазақтың тазартылған шұрайлы жеріне ішкі Ресейден орыс мұжықтарын тарақандай қаптатты. 1916 көтерілісте, 1918-1920 жылдары ақ пен қызылға бөліп, азамат соғысында миллионға жуығын қырды. 1921–1923 жылдары бір жарым миллионын аштан өлтірді. 1927–1929 байларды кәмпескелеу, ату, асу. 1930-1931 ж. Алаш арыстарын қамады, атты. 1932-1933 ж. 3 миллион қазақты аштан қырылып, көмусіз қалды. 1937 – 1939 ж. 66 000 бас көтерер сауаттыларын «халық жауы» деп көзін құртты. 1941 –1945 ж. Екінші дүниежүзілік соғысты «Ұлы Отан соғысы» деп тағы үш жүз мыңын опат қылды. 1951 –1953 ж. Тағы репрессия. 1955-61 жылдар «тың игеру» деген қарғыс атқыр науқанмен қазақтың жеті жүз мектебін жауып, қаңғып келген төремшіктердің қолынан қанша қазақтың қызы зорланып, қанша асыл аналарымыздың ары тапталып, айбынды ерлеріміздің қаншасы «бұзақылардың» қолынан қайтыс болғанын белгісіз. 1979 – 1989 ж. Қазақ үшін бір тиын құны жоқ «Ауған соғысында» нар жігіттер шейт болды. 1961 – 1984 ж. Қазақ жаппай ішкілікке салынып, мешіттер бұзылып дінсізденіп, ділсізденіп, қазақ тілін анайы түрде жойып, ұлттық рухынан айырылып есеңгіреп қалды. 1986 –1987 ж. Бас көтерген қазақ жастарын қанға бояп, соттады, түрмелерге тығып өлтірді.
Қарап отырсаңыз, арасын ұзатпай, үнемі қазақ халқын жойып отырған.Төбе шашың тік тұрып, жүрегің жарылып кететін, мыңдаған фильмдерге арқау болатын, жантүршігерлік сұмдық оқиғалар емес пе? Осыларды әшкерелеп тарихи, деректі фильмдер түсірсе, қазақ халқының Ресей империясы алдында езіліп қалған еңсесін көтерер еді-ау!
Тоғайбай НҰРМҰРАТҰЛЫ. Қазақтың жоңғардан басқа жауы болмаған ба?
Последние статьи автора