Тезек төренің Париж көрмесіне жіберген қазақ үйі

Дүниеде әділдік пен адалдықты ту еткен адамнан артық ешкім жоқ.

 Шоқан Уәлиханов

 

Биыл, Жетісу өңірін 30 жылдан астам  басқарған, қазақ-қырғыз баласы «хан» атаған, аға-сұлтан Тезек төре Нұралыұлы Абылайхановтың туғанына 200 жыл толып отыр. Ірі мемлекеттік қайраткер, мәмілегер-дипломат, батыр-қолбасшы, ақын, күйші, композитор, қолөнер шебері Тезек төре өз заманының аса дарынды, дара тұлғасы болғаны анық. Ойлансақ, ол кісінің артында мал-жаннан басқа көптеген құнды жәдігерлер қалғаны анық қой! Ондай заттар табыла қалса, қазақ өміріндегі күнделікті қолданған заттар, марапат үлгілері, қару-жарақ түрлері т.с.с. мәдени-тұрмыстық қолданыстағы дүниелермен етене таныс болар едік. Орда ұлы Құдиярханға өткен болса, онда оның ақыры большевиктердің тонауымен аяқталғаны белгілі. Олай болса, қазағымның қаншама дүниесі көміліп, жойылып жоқ болғанынан басқа да әлемнің қай түкпірінде жүрген жоқ десеңізші!

 

Тезек Төретану жұмыстары ынталылардың арқасында біршама жолға қойылып келе жатыр, міне осы айтулы күндерде атақты сұлтан туралы құжаттарды қарап отырып (А. Ақылбеков «Тезек Төре»; «Тезек Төреге қатысты жыр-айтыстар антологиясы»), оның 1866 жылы генерал-губернатор М.К. Кауфманның сұрауы бойынша Париж қаласында 1867 жылы өткізілген Дүниежүзілік этнографиялық көрмеге  өзінің жеке дүниелері - алтын, күмістелген ыдыс-аяқ, аса қымбат  қару-жарақ түрлері мен басқа да бағалы заттармен жабдықталған жеке өзінің казақ үйін жолдаған құжатқа (1866-жылы Тезек Төре Россия империясының атынан Парижге этнографиялық көрілім (экспонат) ретінде жасақталған киіз үй және өзінің Колпаковскийге жазған хатындағыдай «томағасы күміспен көмкерілген екі бүркіт, күміс жүген, ер жейдесі, киімдері, қорамсағымен садақ және барыс терісі т.с.с. бағалы заттарды» жіберген. Ол үшін көптеген алғыс, марапаттар алған...) ерекше назар аудардық. Француздар мәдениетті елдер қатарында ғой, мүмкін сол экспонаттардың ізі табылып қалар деген үмітпен біраз зерттеп көрдік.

 

 

Зерделеудер деректері бойынша, Париждегі көрменінің 1867 жылы 1-сәуірден 3-қараша аралығында өткізілгенін, Марс алаңында 66,8 га аумақта орналасқанын және оны 11 миллионға жуық адам, солармен қатар Ресей императоры ІІ Александрдың да  тамашалағаны анықталды. Бұл көрмені Ресейдің атақты  саяхатшысы  Козьма Терентьевич Солдатёнков фотосуретке түсіріп, 3 үлкен альбом құрастырған екен. Осы фотоальбомның 2-томында «Русская изба и жилища Сибирских кочевых народов» деген бөлімінде орыстың ағаш үйінің жанында тігулі тұрған өте бай өрнектелген қазақ үйдің суреті табылды. Мұқият қарасақ, шошақтау-конусты келетін Ұлы жүз қазақтарына тән екенін бірден байқайсыз. Үйдің сыртқы бейнесі, безендірілуі, формасы Жетісу өңірін мекендеген қазақ руларына тиесілі екенін көрсетіп тұр. Ол төбесі жайпақ болып келетін Алтай қазақтарыніңіндей емес және сыртқы пішіні үшкірлеу болып келетін Қазақстанның басқа өңірлеріне тән қазақ үйлерге ұқсамайды. Сондықтан, осы фотосуреттегі қазақ үй Тезек төре жіберген қазақ үй екеніне күмәніміз жоқ.

 

Бір деректерде көрме жұмысы аяқталғаннан кейін қазақ үйді барлық жабдықтарымен қатар, басқа экспонаттармен  бірге Санкт-Петербург қаласындағы музейге алып келген деп көрсетіледі, біраз уақыттан кейін осы экспонаттарды келесі дүниежүзілік көрмеге дайындау үшін Москва қаласына  жөнелткен сияқты. Жалпы, аталған көрме және экспонаттары жайлы  толық  ақпаратты П.А.Матвееваның  «ВСЕМИРНЫЕ ВЫСТАВКИ КАК ПРОТОТИПЫ ЭТНОГРАФИЧЕСКИХ  МУЗЕЕВ», А.С.Соколовтың «Санкт-Петербург на Всемирных выставках в Париже 1867-1900» атты ғылыми еңбектерінен және   князь Вячеслав Тенишевтың (1843-1903)  1899 жылғы 14 шілдеде «Русский Түркестан» газетінде жариялаған мақаласынан, осы көрмені көріп қайтқан Санкт-Петербургтың суретшілерді ынталандыру қоғамының хатшысы Д.В. Григоровичтың мақаласынан  оқып білуге болады.

 

 

Үстіміздегі жылдың 2 шілдеде Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, «Қарлығаш» ауылы маңында орналасқан «Тезек төре қорымына» академик Нағашыбек Қапалбекұлының ұйымдастыруымен келіп қайтқан ғылыми-танымдық экспедиция мүшелері тарапынан зерттеу жұмыстары жүргізілді және болашақта бірқатар іс-шараларды іске асыру жөніндегі мәселелер талқыланды. Соның бірі ретінде, Тезек төре музейін ашу  қажеттігі туралы айтылды.

 

Осыған байланысты, жоғарыда аталған Тезек төренің жеке қазақ үйі мен заттарының тағдырын анықтап, отанымызға кайтару ісін тез арада қолға алу қажет деп есептейміз. Бұл күрделі де ауқымды іске еліміздің Сыртқы Істер және  Мәдениет министрліктерін, ЮНЕСКО-ның мәдениеттерді жақындастыру орталығын, тағы да басқа мүдделі мемлекеттік-қоғамдық мекемелер мен жеке азаматтарды атсалысуға шақырамыз. Ондай құнды жәдігерлер елімізге қайтып жатса, болашақ ұрпақтың тәрбиесіне қосылған үлкен үлес болатыны даусыз...

 

 

Бағдат Ақылбеков,

 

Алматы облысы, Кербұлақ ауданының тумасы, Әділ Төренің ұрпағы, мемлекеттік қызметші, Тезек төретанушы

 

 

 

 

Abai.kz

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста