ШЫҢҒЫС ҚАҒАН АРҒЫҚАЗАҚ — АЛШЫН

«Киелі қазақтың Мәңгі Елі – реалды географияда емес, біздің санамыз бен түйсігімізде, яғни әрбір қазақтың ішінде орналасқан, әбден тұмшаланып шаң басып, танылмай жатқан «ішкі елімізде».

Серікбол Қондыбай

1. Алшын-Алаш.
«Бисмиллахи рахмани-р рахим!» «Аңыздың түбі ақиқат» дегенді басқа ұлт өкілдері: «Миф это одна из версий правды» десе, «Арғықазақ мифологиясы» атты төрт томдық ғылыми еңбек жазып кеткен Алаштың баласы, марқұм Серікбол Қондыбай: «Миф дегеніміз жасырын мағыналы мәлімет» деген еді. Ал енді, мен өзімнің жазған «Бөрі найман» атты кітәбімде, осы Серікбол марқұмды естімеген, оның еңбектерін оқымаған кездерімде, шежірелерде Леонардо да Винчидің коды сияқты жасырын мағыналардың бар екенін айтқан едім. Яғни, шежіре дегеніміз миф, ешқандай да, Түрік ата, Маңғол ата, Алаш ата, Ақарыс, Жанарыс, Бекарыстар, Найман шал мен Жалайыр аталар тарихта болған емес, бұл атаулардың бәрі де, Серікбол марқұм айтқандай, Қазақ шежіресіндегі жасырын мағыналы мәліметтер. Бұндай жасырын мағыналардың мәнісін тек, Серікбол марқұм сияқты қасиетке, яғни, рухани қуатқа ие болған, бойларына қыдыр дарыған, аян көріпкелдігі басым, сезімі, яғни, интуициясы мықты, қанында шежірешілігі бар, адамдар ғана түсіне алады.
Біз көтергелі отырған тақырыптағы Шыңғыс қағанның шыққан тегі де жұмбақ, қазасы да жұмбақ, моласы да жұмбақ. Сондықтан, осы құпияларды шешу үшін шежірені, деректерді, тарихті білу жеткіліксіз. Тылсым дүниесіз ғылымның дәстүрлі жолы біздерді ақиқатқа апара алмайды.
Біздер қазіргі Ресей мұрағатындағы деректерден: «Лейтенант Кошкарбаев первым ворвался в здание рейхстага» дегенді оқыдық. Міне, Ұлы қазақтың бір қара балапаны қаншама үлкен де, ұлы да, ұлттардың өкілдерінің ешбіреуіне кезек бермей, борап тұрған оқтарға жеңіс бермей Рейхстагқа бұзып-жарып кіріп ту тікті! Мен неше жерден шежіреші болсам да, осы Рақымжан атаның, Бауыржан атаның, Төлеген Тохтаровтың, Сабыр Рахимовтың, Талғат Бигелдиновтың, Қасым Қайсеновтың, Мәншүктің, Әлияның шыққан тектерін, яғни, руларын білмейді екенмін. Тіпті, білгім де келмейді, өйткені, мен қазақпын, сондықтан мен оларды тек қана қазақтың ұл-қыздары деп білемін. Ал енді, Шыңғыс ханның шыққан тегін білу біздерге, оның қазақ болғанын дәлелдеу үшін ғана керек. Нағыз қазақ, өзін оның үрпағына жатқызу үшін тарихты зерттемейді. «Қанына тартпағанның қары сынсын» дегендей, оны қазақтың қанына тарту үшін зерттейді.
Серікбол Қондыбай марқұм: «Текті ұл тегін іздейді, тексіз құл несін іздейді?» деген екен. Шыңғыс ханның тегін іздеп жүрген бір төрені көрген емеспін. Тіпті, төрелердің шежірешісі Арман Қияттың өзіне менің: «Әй, айналайын, қашанғы «жабайы татар» болып жұре бересіңдер, төрелердің тізімін жиғанша, шежіреден атаңның ізін қумайсың ба?» дегенім де, болған. Бұлар аталарының ізін қуғанды қойып, Аман Шотаев деген біреуі өзін сұлтан атап, Қазақстандағы күллі төренің атынан сөйлеп: «Біздер, Шыңғыс ханның ұрпақтары ешбір руға мұқтаж емеспіз, сондықтан бізді руға тартушыларға қарсымыз!» деп әулекленіпті. Бұлардың меркіт емес екендерін де, мен дәлелдеп берген едім. Осыған дейін күллі қазақ бұларды меркітке санаған. Бұл, шариғат жолында жүрмін деген сұлтансымақ Шыңғыс ханды сонда, нұрдан жаралдыға санап күпіршілік жасап, Аллаһқа серіктік етіп отыр. Бұндайларға Ұлы қазақ та, мұқтаж емес.
Біздер қаралар, олардың хандығын, сұлтандығын баяғыда тартып алғанбыз. Бұл «жабайы татарлар» (қытайлар айтқан) ешқашан да, енді хандық құра алмайды, билікке келе алмайды. Өйткені, Шыңғыс қағандай адамды төрелер қайта дүниеге әкеле алмайды. Шыңғыс қаған сияқтының дүниеге енді бір келуін бұйыртса, онда, оны тек қана қан-қарындастықты сақтаған қазақтар ғана әкеле алады. Қазіргі төрелер қазақ халқының ішінде жәй ғана бір, руға кірмейтін жамағат болып қалған. Сондықтан да, мен кітәбімнің «Наймандар және төрелер» атты тарауында жазғандарымда, Шыңғыс ханның ұрпақтарының Найман хандарының ұрпақтарымен сүйек-шатыс болғандардың ғана төрелердің ең алды екендерін айтқанмын. Найманның ғұлама шежіресі Ғұлам Қадыр, Найманды билеген Көшек ханның: «Найман баспаған жер жетім, Найманнан қыз алмаған ер жетім» деген сөздерін біздерге жеткізіп кеткен еді.
Қазақтар текті адамды «қаракөктің тұқымы» дейді. Яғни, нағыз тектілер, нағыз қаракөктер, қарадан шыққан мына біздер — Ұлы қазақтармыз. Мен, төренің басын алмас қылышпен шауып тастап, жүз байталмен құтылған найман Көкжал Барақтың қара шаңырағындағы ұрпағы боламын. Осы жөнінде, белгілі ақын-жазушы, тіл қайраткері, Көкжал Барақ әулетінің әйгілі келіні, егемендік алғанымызда бабамызға өз күшімен ең алғашқы ескерткішті қойдыртқан, бабамыздың жатқан жерін тапқан ақнаймандық Шекербану жеңгеміздің «Көкжал Барақ батыр» атты, тарихи деректердің негізінде жазылған кітәбінде айтылған. Сондықтан айтарым, осындай төрелерді қораздандырмай, рушыл болып Шыңғыс қағанға таласпайық, бір қу керей айтты екен деп, төлеңгітті төрге сүйреп бұларға күлкі болмайық ағайын!
Шыңғыс қаған екі аяғы салбырап аспаннан түскен жоқ. Оны жер бетіндегі бір тайпа дүниеге әкелді. Бізге бар болғаны, сол тайпаның Ұлы қазақ тайпасы екенін дәлелдеу керек. Осы дәлелдеуде біздер ең алдымен генеалогиялық, яғни шежірелік сараптаманы, және де, осының дәлелі ретінде генетикалық сараптаманы ұстанамыз.
Серікбол Қондыбай марқұмның жолдастары: «Серікболдың жазғандарын қазіргі ғалымдар түсінуге дайын емес, өйткені, олардың саналары өткен дәуірдегі коммунистік идеологиямен уланған!» деген екен. Алай да, Серікболды түсінген адамдар табылған. Олар, яғни, ең алғаш түсінгендер Ақселеу Сейдімбек, Қойшығара Салғараұлы, Иманғалы Тасмағанбет еді. Яғни, бұлардың да, бойында қасиет, арқа бар. Ал енді, Кеңес дәуріндегі арқалы ғұлама — Әлкей Марғұлан еді. Ол кісі Қоңыраттың босаға таңбасын күллі қазақтың таңбасы деп айтқан. Бұл даналықтың түбінде терең мағына жатыр.
Алшын дегендеріміз кімдер? Кіші жүз құрамындағы Байұлы мен Әлімұлын Алшын тобы деп атайды. Жетіру алшындарға жатпайды, бұлар Тәуке хан қалыптастырған найманның, керейдің, дулаттың, арғынның, телестердің саяқтары. Қытай деректерінде алшындар ең алғаш — бо-ма, хела, элю-чжи деп аталған. Бұл сөздер Ала ат, Ала атшы, Аалаатшын, Алшын дегенді білдіреді. Қытайдың «Тундянь» текстінде: «Тюрки (туцзюе) пегих коней называют хела (ала); еще известна страна Хэла».
Яғни, бұл жерде ала аттарға мінген ел жөнінде айтылып тұр. Демек, Алшын этнонимінің бастапқы атауы алаатшылар, түрікше алатчин болған. Осымен қатар Алатшын сөзі Алаш сөзімен үндеседі. Қазақтардың: «Алаш-Алаш болғанда, ала тай ат болғанда» дегені, қытайлардың айтқан алаатшылар елінің Алаш, яғни, ең алғашқы қазақтар екендерін білдіріп тұрғандай.
Мен жазған кітәбімде қазанат тұқымын Қаптағай батырдың -арабтың дүлдүл тектес теңбіл көк айғырын жабыға қосып алғанын айтқан едім. Адай жылқысының да, сипатында арабтың теңбіл көгі бар. Теңбіл ат дегеніміз сұр түсті, қарауытқан дақтары бар ат. Орыстар «серая в яблоках» дейді. Ала тайымыз осы сипатты ат болса керек. Өйткені, Америка құрлығындағы мустанг, яғни, жолақ ала аттар қазақта кең тарамаған. Адай жылқысының да, қазанаттың сипатындағы құйма тұяғы бар. Меніңше, Адай жылқысының түбі теңбіл көк араб, және де, жоғарғы алаатшындар осындай аттарға мініп жүріп осылай аталған.
Тарихта Алаштың кім болғанының нақты дәлелі жоқ. Меніңше Алаш, Алшын дегендіріміз бір ұғым – Қарт қазақ. Осы тұрғыдан қарағанда қазіргі Алаштар осы Алшын тобы болып келеді. Алашқа қатысты «Алаш мыңын» еске алатын болсақ, Әбілғазы айтқан Аланшы хан, Қара хан тұсындағы маңғолдардың нақты атаулары Мың+қол Алаш, не болмаса Мың-қол Алшын болуы мүмкін. Бұл 9-10 ғасырлардағы Қимақ дәуірі. Арғымақ дегенді Серікбол Арғы+Имақ, яғни, Арғы Қимақ деп түсіндіреді. Теле бірлестігінің Арғы атасы осы Арғымақ. Орхон жазуларында Алаш, Алшын атаулары кездеспегендіктерінен біздер, бұл Алаш қауымының, яғни ала ат мінген Арғымақтардың 8-ші ғасырдан кейін пайда болғандарын түсінеміз.

2. Жасырын мағына теориясы.
Серікбол Қондыбай былай дейді: «Міне осы тұста, б.з.д. 1 мыңжылдықтың бойына салыстырмалы түрде оқшаулығын, айырмашылыған сақтаған Батыс (Қазақстан) және Шығыс (Маңғолия-Қытай) далаларының көшпенділерінің мифтік-діни комплекстері араласа бастады. Сондықтан да, мен, тарихтан белгілі Усунь, Кангюй, Яньцай, Эфталит-Хион, түсініктерінің тоғысу нүктесінің Юебань/Ұрым қабаты болғандығын көрсете аламын. Юебань/Ұрым қабаты, өз кезегінде 6 ғасырдан басталған «ресми түркі» қабатына негіз болды. «Өтүкен», «Ергенеқон», «Канха», «Түркі», «Ұрым», «Бұлғар», «Балқантау», «Орманбет», «Асан қайғы», т.б. сол сияқты есімдердің мифтік астарын зерттегенде ең алдымен осындай сабақтастықтардың ретін көрсетуіміз керек».
Мен бір жазғандарымда шежіре танушыға тылсым күштердің иегерлері, бақсы-балгер, көріпкелдердің ауадай қажет екендерін айтқан едім. Өйткені, ондай адамдар, материалистік тұрғыдан түсіндіргенде интуициялары өте кұшті, ғылымда мойындалған телепатиялық қасиеттері арқылы адамның миынан ақпарат ала алатын, және де, сол адамның өзі білмейтін гендік ақпаратты ала алатын адамдар. Мен Серікбол Қондыбайдың аруағынан аян алып Ергене қоңды тапқан едім. Ерген қоң дегеніміз қазіргі Ферғана алқабы, ескі атауы Иарғана, яғни, соғда-тәжік тілінде тау шатқалындағы аңғар дегенді білдіреді. Мамандығы географ болған Серікбол Ергене қоңды Арғы ана қонысы деп атаған. Міне, Ергене қоң дегеніміз осы Иарғана қонысы, тау шатқалындағы аңғар, Әлкей Марғұлан айтқан қақпасы бар.
Мен Серікболдың жұлдыздарға қарап сөйлегенін ести сала, Найманның белді көріпкелі, Мұстафа Өзітүрікпен аталас, космонэнергетика прогрессоры (жұлдызшы) Бибі Сандуғаш ханымға Серікболдың фотосуретін көрсеткенімде ол кісі: «Маңдайындағы жұлдызы жап-жарық екен, бірақ та, қасиеті толық ашылмай қалған» деді. Онысы рас, өйткені, Серікбол өзінің жазғандарында, төрт томдық кітәпті жазып тастаса да, өзін бір табалдырықтың алдында қалғандай болғанын айтқан еді. Демек, ол кісі географ болғандығынан түркі әлемін зерттеуші ретінде Ергене қоңды таба алмай тұрғанын сезген. Өмірден ерте кеткендігінен, сол табалдырықтан аттап үлгермеген соң, қасиетті аруағы маған аян берген еді. Серікбол марқұм Арғықазақ деп түріктерді айтқан. Бұл өте дәл айтылған тұжырым. Ергене қоңды айтуымның себебі, бұл жер ұйықтың орналасқан жері Шыңғыс ханның түрік баласы екенін дәлелдеп тұр. Қазіргі маңғолдар болса, Шыңғыс ханды өздеріне тарту үшін Аргуни өзенінің маңындағы қайдағы бір сайды Ергене қоң деп атап алған.
Ферғана алқабын түріктерге дейін «ғұнэфталиттер» атанған ғұндар мекендеген. Серікболдың Эфталит-Хион дегеніндегі Хион дегеніміздің ғұндардың тайпасы Қиян екені білініп тұр, өйткені, Эфталан патшасының атымен эфталит аталғандар өздерін Хион деп айтқан дейді қытай деректері. Осымен қатар оларды хиониттер (қияттар) деп те атаған. Қытай деректері осылармен көршілес Яда (Адай) дегендердің де, жүргендерін айтады. Қытайлар бұлардың (ядалардың) салтында екі ағайындының бір әйел алатын болғандарын айтқан. Демек, қазақтардағы әмеңгерлік дәстүрі мұсылман кезеңінен бұрын болған. Бұл дәстүр қарт қазақ аталатын Адайлардан басталған десе болады. Адай фольклорінде: «Жеңгесінің бір саны қайнісінкі» деген қалжың сөз бар. (гендік ақпарат?). Қытайлар Ядалардың өте күшті халық екендерін айтқан. Ядалар Көк тәңірі мен отқа табынған, мазарларын тастан қалаған. Қазіргі адайлар да, мазарларын тастан қалайды. Адайлардың мазарын көрсең, «өлгің келеді».
Ергене қоңның, яғни, Ферғана аңғарының Тянь-шань тауларымен іргелес екені белгілі. Қытай елінде жүріп «Қазақтың қысқаша тарихын» жазып кеткен керей Нығмет Мыңжан көне қытай деректерін, соның ішінде «Дауаң», яғни Ферғана шежіресін жете зерттеп, Тянь шань тауына шегініп кеткендердің «кіші иозілер» ( сяю юечжи) яғни, «кіші жүздер» аталғандарын айтады. Қытайдың «Мен да Бей лу» дерегінің түсініктемесінде 10-ші ғасырда Солтүстік Қытайға еніп алған Ша-то атты Батыс түріктерінің тайпалар бірлестігінің Ферғана жақтағы Үйсіндердің бұрынғы мекендерінен келгендігі айтылады. Нығмет Мыңжан болса, көне қытай нұсқаларының негізінде Үйсіндердің тау аңғарын мекендеп отырған кездерінде, осы «кіші жүздердің» келіп оларды зұлматқа ұшыратқандарын, тірі қалғандарының қашып құтылғандарын айтады. Демек, Ергене қоңды Үйсіндерден бұл Эфталит-Хиондар, яғни, ғұндардың Қиян тайпасы тартып алған. Нығмет Мыңжан бұл елдің бір өркешті түйелерді ұстағандарын айтады. Қытайлар бұл түйені «асыл түйе» деп атаған екен. Алдыңғы мақаламда айтылғандай, Адайлар Аравиядан қайтқанда Евразия кеңістігіне арабтың Кахин (қаған) деген атауымен бірге, осы арабтардың «асыл түйелерін» алып келген болса керек.
Тоқ етерін айтқанда юечжи, кіші иозі-кіші жүз, Эфталит-Хион, Қиян тайпасы, қазіргі Кіші жүздегі Кердері дегендеріміз бір елдің, яғни алғашқы Үйсіндерді қырып тастап Ергене қоңға кіргендердің атаулары. Кейбір зерттеушілер Эфталиттер мен Ядаларды бір ел дейді. Меніңше, эфталиттер дегеніміз тайпалар бірлестігі, соның ішінде сяю юечжилер, кияндар, ядалар болған. Эфталиттер Ауғанстан, Иранға дейін биліктерін жүргізіп, ақырында түріктерден жеңілген. Бұлардан кейін Түрік дәуірі басталады. Бұл маңнан ешқандай да, Рашиден айтқан маңғол тайпасы табылмады. Әзірше, табылмады…
Түрік дәуірі жөнінде айтқан Серікбол Қондыбай: «Түрік қағандығынан басталған Ұлы даланың жаңаша түркіленуі бүгінгі түркі тілдерінің қалыптасуына жол ашты. Түркештер, оғыздар мен қимақтар, қарлықтар, қыпшақтар, бұлғарлар мен хазарлар, т.б – осы заманға мидай араласудың қорытындылары болып табылады» деген еді. Міне, осындай мидай араласып, жаңа түркілену процесіне ұшыраған, ежелгі тілдерінде хион-хионит, яда атанып жүрген тайпалар бүгінгі түркі тіліндегі Қият пен Адай болып шыға келді. Осымен қатар, Каспий бойын жайлаған сақтардың Дах, Дай тайпасы да, Адай атанды. Қияттармен бірге кеткен адайлар Түрік дәуірінде бөрі таңбаны алып Байырқу, Баяуттың бір бөлігін құрады. Кейін, Батыс түрік қағанаты ыдырғаннан кейін баяут-адайлар қияттармен бірге Қытайдың солтүстігіндегі Бұрхан тауы мен Керөлең өзенінің маңына келіп, күндердің бір күндерінде (10 ғ.) дүниеге Бөріжігіт әулетін құрған Боданжарды әкелді…
Демек, Рашиденнің айтқан Қияны мен Нүкізі, түріктердің айтқан Қаяны мен Тоғызы, Адайлардың айтқан Айтқұл-Қияны – жалған миф. Ешқандай да, екі адам мен екі қатын Ергене қоңға кеткен жоқ. Ергене қоңға, яғни, қазіргі Ферғана алқабына кеткендер, өзара қырылысып шегінген юечжилер, «кіші жүздер», Эфталит-Хиондар, Кердерілер, яғни, ғұндардың Қиян тайпасы. Рашиден Ергене қоңға кеткендердің өзара қырылысқандарын айтады. Қытай дерегі «Цяньханьшуда» юечжилардың астанасының Кьенше (Қияншы) болғаны айтылады. Сайып келгенде, юечжилер, ядалар, эфталит-хиондар, кіші юечжилер жөнінде нақты қалыптасқан тұжырым жоқ. Бір анығы, Ферғана алқабының Ергене қонысы екені, және де, Қияндардың Ергене қоңға біздің дәуірімізге дейін келгендері, осылардың маңында Адайлардың жүргені.
Ал енді, ежелгі Үйсіндер дегеніміз сарматтардың Язиг тайпасы. Қазіргі үйсіндер болса, сақтар мен ғұндардың қосындысы. Сақалдары жирен, көздері көк болған ежелгі Үйсіндер ешқандай да, қазақтардың аталары емес. Бұлардан қалғандары қазіргі Сары үйсіндер, тобықтыдағы Құлықтар және де, Кавказдағы осетин-аландар. Шапырашты Қазыбек бек Тауасарұлы ежелгі Үйсіндерді Азық деп атаған. (Язиг).
Біз енді, Серікболдың жасырын мағына дегенін, оның құрметіне жасырын мағына теориясы деп аталық. Қазақ шежірелерінің барлығы десек те, болады, Жәнібек пен Керейдің заманында айтылып-жазыла бастаған. Шежіренің басы: «Ноғайға қазақ қараған, жауға алдырмай ноғайлар, бір-біріне жараған. Ноғайдан қазақ бөлініп, үш жүз болып тараған» деп басталады.
Осыдан біз қазақ шежірелеріндегі мифтердің, яғни, жасырын мағыналы мәліметтердің авторы ноғайлар, атап айтқанда Жиренше шешен деп топшылаймыз. Жоғарыдағы ноғайлардың айтқандары ақиқат миф. Алтын Орда дәуірі өтті, Асқақ Темірдің жойқын соғыстары болды, тайпалардың бірі азайып, бірі көбейді. Бұлар, Шоқанның айтқанындағы «в хаосе кочевнических воин» бір-бірімен араласып кетті. Сондықтан, шежірешілер бұлардың қайсысының-қайсы екенін тек өздері ғана біліп, хандарға ұғындырып отыру үшін шежірелерге жасырын мағыналарды енгізіп отырған. Ал енді, қарапайым халыққа, арғын-найман ағайын, бір атаның баласы, албан, суан, дулат — Домалақ ененден туған деген сияқты жалған мифтер айтылды. Яғни, қол астындағы тайпаларда ағайындық, татулық болсын деген хандар осылай айтыңдар деп бұйырды. Сондықтан да, қазіргі түсініктері тар шежіресымақтар, сол баяғы, Мапыраштыдан Шапырашты, Бәйдібектен Жарықшақ, Тоқтарқожадан Байжігіт деген жалған мифтерге сеніп жүр.
Енді, осы жалған мифтердегі жасырын мағыналар жөнінде айталық. Мәселен, «Қаратай – Ергенектінің қалмақ қатынынан туды» дегендері, қаратайлардың қалмақтар екенін білдіретін жасырын мағына. Қаратай дегеніміз қалмақтың Харадай, яғни, қарлығаш деген сөзі. Ешқандай да, Қаратай деген тарихи тұлға, батыр болмаған. «Көкжарлы мен Бураның шешелері Алтыншәш ана — қарақалпақтың қызы еді» дегендері, бұлардың түбінің Қият екендерін білдіріп тұр. Қарақалпақтардың түбінің созақ-қият екендері менің Ұлт порталындағы «Қазақ шежіресіндегі Шыңғыс ханның ата тегі» атты мақаламда айтылған. Бұл жердегі Көкжарлы дегеніміз – Көк тәңірлі дегенді білдіреді. Жар дегеніміз Тәңір. Яғни, бұлардың түбінің христиан дінін ұстанған найман емес, Көк тәңірінің Қияттары екендері айтылып тұр. Көкжарлы мен Бураның екі бала болғаны жалған миф те, бұлардың өзбек жақтан келгендері ақиқат миф. Бұларды тарихи тұлға Сары мырза (Сарыжомарт) қазақ хандығына ертіп әкеткен. Сары мырза таза найман, тарихи дерек «Тарихи Абулхаир ханида» Сары усман украч найман деп аталған. Осы сияқты, Қаракерейдегі Байжігіттердің шешелері найманның қызы Мақта апай дегендері, бұлардың таза наймандар екендерін білдіріп тұр. Қалғандары Керей, Қият, Қыйдан. Міне, шежірелердегі жасырын мағынаның не екенін түсіндіңіздер деймін.
Енді, «Құпия шежірені» айталық. Бөрте чино мен Қауа Маралдан Батца гаан дегендері – Батыс қаған дегенді білдіреді. Өйткені, қытай деректерінде Шыңғыс ханның империясын құрағандардың Ша-то, яғни, батыс түрік тайпаларының бірлестігі екені айтылады. Бұлар жөнінде толығырақ Ұлт порталындағы «Жошы хан меркіт емес» атты мақаламда, және де, ютубтағы «Шыңғыс хан Қият емес» деген менің видеолекциямда айтылған. Ары қарай, Шыңғыс ханның тоғызыншы атасы, яғни, Қият Бөріжігіт әулетін құрған Боданжардың нұрдан жаралғаны жалғаф миф те, Домбауыл мергеннің жесірі Алан ананың тұл отырып Боданжарды тапқаны, есгінің алдында Байұлының жігітінің жүргені ақиқат миф. Осымен қатар, бұл жердегі Байұлының жігіті жасырын мағына. Яғни, шежіредегі жасырын мағына теориясы бойынша, Боданжарды Алан ана осы Байұлының жігітінен тапқан. Боданжардың атын шешесі қойды ма, әлде, «Құпия шежірені» жазғандар осылай деді ме? — маған белгісіз. Бұл жерде «Жар» дегеніміз – Тәңір, Бодан дегеніміз анығында Будан. Сонда, Будан+жар дегеніміз – Көк тәңірімен будан дегенді білдіреді. Көк Тәңіріміз анығында, Алан ана Бөрі жігіт деп атаған Байұлының жігіті болып тұр. Осы тұсқа Қойшығара ағамыздан басқа бірде-бір есі дұрыс деп өздері айтып жүрген тарихшы, ғалым, әуесқой тарихшы назар аудармаған. Алай да, ол кісі де, бұл жерден ат үсті өте шыққан, өйткені, ол кісінің тақырыбы Боданжар емес, маңғол атауы еді.
Байұлы дегеніміз – бұрынғы Баяут, оның ішінде джадай бөлігі болған. Шыңғыс ханның таңбасына қарап біз бұл джадайды Адай деп айта аламыз. Осымен қатар, Шыңғыс хан өзінің Жошыдан кейінгі ұлын Адай атаған. Қытай дерегінде осылай деп айтылған. Қытайлар Одей деп айтқан. («Жошы хан меркіт емес», қараңыз).
Осыдан біздің ұғатынымыз, Бөрте чинодан Домбауыл мергенге дейнгі ұрпақ Арғы аналар да, Боданжар әулеті Ару ұрық, яғни, таза түрік болып келеді. Таза түрік дейтініміз, Баяуттар ең алғашқы Түрік қағанатында, одан кейін Шығыс түрік қағанатында болған. Шыңғыс қаған дегенді – Шығыс қаған деп жүргендерінің жаны бар. Жалайырлар Боданжар әулетіне түп нағашы болып келеді. Міне, алдыңғы үш мақаламның қысқаша желісі осындай. Баяут дегеніміз – байлар әулеті дегенді білдіреді. Демек, Байұлы дегендеріміз осылар. Енді, генетикаға келелік.

3. Баядтар мен Алшындардың қаны бір.
Маңғолдардың генетик ғалымы Батбаярын Хэрлэн қыздың айтқанында қазіргі маңғолдардың ДНК-сында С3 галлогруппасы бар екен. Енді осы С3 галлогруппа қазақтардың Байұлы мен Әлім ұлының 18 тайпасынының бәрінде бар. Демек, Алшын тобы түгелдей маңғолдардың 37% халқымен қандас!
Б. Хэрлэн: «Шыңғыс маңғол адам» болған деп айту бір бөлек те, «Шыңғыс Нирун (Ару ұрық. Қ.З.) аймағының Қият тайпасының Бөржұғұн руының Есукей баласы болған деген деп атау мүлде бөлек» дейді. Демек, Арғы ана мен Ару ұрықтардың, яғни, мен айтқан Баяут ұрпақтарының екеуінің екі бөлек екенін айтып отыр. Ал енді, Шыңғыс ханның галлогрупасын жүктеп жүрген маңғолдардың қай этнос екенін Хэрлэн ашық айтпай отыр. Маңғолдарда түріктерден сіңген Баяд деген этнос бар. Бұлар ойрат тілінде сөйлейді, өйткені, осылармен ассимиляцияға түскен. Баядтар маңғолдарда сан жағынан төртінші орында. Кяхта өзені мен Буренхян тауын мекендеген Баядтар – хэхерин және джадай деген бөлімдерден тұрады. Осымен қатар араларында дулат пен қияттар да бар. Бұларда да, Баяд дегендері – байлар, яғни, Байұлы! Баяут дегеніміздегі «ут» жалғауы — от, ошақ, яғни, әулет дегенді білдіреді. Демек, Баяут дегеніміз Бай әулеті. Бай әулеті мен Байұлы дегендерімздің бір сөз екені хақ.
Баят дегендердің оғыз тайпасы екенін тарихшылар біледі. Қорқыт ата осы оғыздардың Баят тайпасынан еді. Баяттар маңғолдарда ғана емес, Азербайжандардың да, Түрікмендердің де арасында бар. Баяттар Азербайжанға маңғол шапқыншылығы кезінде келіп тұрақтап қалған. Баяттардың таңбасы — Ф.
Меніңше, Хэрлэннің айтып отырған Шыңғыс хандікіне жуық галлогруппаны жүктеген маңғолдың ерлерінің 37% осы Баядтар, түбі түрік этнос, арғы түбі сақтардың бір үлкен Дай тайпасы. Каспий бойын сақтардың замандарында жайлаған, Дарий мен Кирді талқандаған Дай тайпасының қазіргі Адайлар екені белгілі. Және де, Алшын тобы түгелімен — 18 атаға бөлініп отырған ежелгі сақтардың Дай тайпасының ұрпақтары болса керек.
Осымен қатар генетик ғалым Шыңғыстың өзінің гендік коды бар екенін айтады. Маңғолда бұл гендік кодты жүктегендердің мөлшері 0, 01%-дан да төмен. Мен Шыңғыс ханның гендік кодын білемін, алай да, айтуға рұқсатым жоқ. Сондықтан ол кодты білетін адам ретінде айтарым, галогруппа С3 Шыңғыс ханды дүниеге әкелген халықтың гендік коды!
Хэрлэн «маңғол-қазақ ағайын дегенде, қазақ деп осы Алшындарды айтып отыр. Хэрлэн қазақ генетигі Жақсылық Сәбитовпен бірге жұмыс істейді. Мен Сәбитовқа ресми түрде бір сауал жөнелткен едім, әлі күнге дейін жауап ала алмадым. (Несерьезная организация). Орыстың аты орыс, орыстар басқаратын генетикалық орталыққа сауал жөнелткен едім, бірден жауап алдым. Жақсылықтың видеолекциясын тыңдаған едім. Оның асып тұрған шежірешілігі жоқ. Ол не адасады, не өзіне тартады. Ал орыстар болса, Шыңғыс ханның тегіне қызығушылық танытып отыр. Сондықтан да, егер олар менің айтқаным бойынша сараптамалар жүргізетін болса, онда, біздер маңғолдарды өкшелей қуып ақиқаттың түбіне жетерміз. Біздерге маңғолдардағы Баяттардың арасында лингвистикалық, фольклорлық, генетикалық сараптамалар жүргізуіміз керек. Әзірше білетінім, Баяттардың қазіргі маңғол тілінде түрік тілінің элементтері сақталып қалған. Тіпті, маңғолдардың 100%-ы галлогруппа С3-ді жүктеген болса да, біздер, тарихи деректердің, шежіре деректерінің, жер атауларының, арғықазақ мифологиясының негізінде Шыңғыс ханның қазақ болғанын дәлелдеп береміз. Шыңғыс хан бір-ақ жағдайда халха-маңғол болады, егер де, Адай халха-маңғол болса.
Кейбіреулер джадай-баяут дегендер Джадай атты өзеннің атына қатысты аталған дейді. Енді біреулері джадайды – джадаат, яғни адам дейді. Алай да, джадай-баяут дегенімізді Байұлы Адай деп айтсақ ешкім де дау айта алмас. Шыңғыс ханды жалайыр деді деп Тілеуберді Әбенайды балағаттап жүргендер аз емес. Алай да, оның айтқаны бөлек те, жазғаны бөлек. Оған баспаға шығу керек болды, сондықтан жалайырға осылай деп айта салды. Олар дал болып оның мың кітәбін тегін басып берді. Бар болғаны осы ғана. Ал енді, ол бауырымыз жазғандарында Баяуытты Байұлы, Шыңғыс ханды Әз-Алаша хан (Алшын, Алаш), маңғолды Маң+құл, яғни, Түйелі құл деп отыр. Яғни, Шыңғыс ханның Адай екенін жасырын мағына теориясы бойынша, жалайырлардың ақылы жетпес үшін айтып отыр. Жалайырлардың құлақтарында сырға (ен) болғанын неге олар жоққа шығармайды? Әлде осыны кімнің жазып кеткенін білмей ме? Кейін, жалайырлармен орыстардың сүйек-шатысынан пайда болған орыс-казактары да, аталарының сырғасын (енін) өз құлақтарына салды емес пе? (Ермактың құлы Иван кольцо). Найман Кетбұқа да, Шыңғыс қағанға, Жошыға, Құлағуға құлшылық еткен, алай да, оның да, оның наймандарының да, құлақтарына ен салынбаған болған.

4. Фәлсәпә.
«Кенесары хан» қорының президенті Мұхтархан Абаған төре: «Тарихты айту үшін, бірінші дерек керек, екінші фәлсәпә, үшінші мәдениет керек» деген еді. Дерек бойынша Адайлардың Шыңғыс ханға дейнгі, яғни, Түрік дәуіріндегі таңбалары Матайдікіндей Бөрі таңба. Баяуттардың бір таңбасы Баған да, енді бір таңбасы қазіргі Адайлардың басты таңбасы Жебе (найза, садақтың оғы, аса таяқ). Шыңғыс ханның таңбасына ұқсас Тіл таңбалары қара шаңырақтары Мұңалдікі дейді. Бұл үш таңбаның да, Шыңғыс қағанға қатыстары бар. Бөрі таңба – Бөрітегін, яғни бөржігін.
Қазақтардың аңыздарында Шыңғыс ханның жебесінің сағымға ілініп қалғаны жөнінде айтылады. («Арғықазақ мифологиясы»). Жебе таңбасы «жетер жеріне жетер» дегенді білдіреді. Көне гректердің мифтерінде Жебе жаһанды аралатып шығатын көлік ретінде айтылады. Қазақтарда қалыңдықтың көзін байлап Жебені атқызып, Жебе қадалған жерге отау тігетін үрдіс бар. (Қыз Жібек). Бұны мен жақсы білемін, өйткені, менің шешемнің жұрты Жағалбайлы, әкем марқұмның нағашы жұрты Ноғайлы. Қазақтардың ұғымында, қалыңдықтың жебсінің жеткен жерінен жаңа дүние басталады.
Менің алғашқы жазғандарымда Адайлардың сонау Аравиядан бастап, Алтай таулары арқылы Солтүстік мұзды мұхитқа дейін жеткендерін айтқан едім. «Жетер жеріне жетер» дегеніміз осы. Баят тайпасынан шыққан Қорқыт ата әлемнің төрт бұрышын шарлаған, осыдан кейін жер кіндігі Сырдарияға келіп тоқтаған.
Төрелер ұстанатын Шежіре тізбегінде Шыңғыс қағанның тоғызыншы атасы, Бөріжігіт әулетін құрушы Боданжар Домбауыл мергенге жазылған. Жебе таңба Домбауыл мергендікі де, болуы мүмкін. (Садақшы). Жебе таңба еркіндіктің символы. Еркін дегеніміз қаз+ғақ, яғни қазақ. (қаз тұру).
Ал енді, Шыңғыс қағанның тарақ таңбасының үш жүзі – Оғыз ханның үш ұлына берген үш күміс ұшты Жебені білдіріп тұрғандай. Бұл таңба – «жер бетіндегі еншілік билікке ие» дегенді білдірсе керек. (Үш қат).
Қазақ атауының Каспийге және құс төресі Аққуға қатысы жөнінде алдыңғы мақаламда айтылды. Енді осыны біраз дамыталық. Қазақ мифологиясында «Аққу қыздан тараған ұрпақ мәселесі» айтылады. Мәселен, «Құнанбай айтты» деген аңызда Домбауыл мергеннің суда ағып келе жатқан сандықты қозы жауырын жебесімен атып қиратып, оның ішінен шыққан Аққу қызға үйленіп, осыдан туған ұлдың Қият аталғаны жөнінде айтылады. (Бергі Қият). Бұл жердегі жебе – себепші. Қарақалпақтың шежіресінде Аққу қыздың Кенегес, Маңғытай деген екі ұлды тауып, оларды Маңғыстаудағы әкелеріне апарып тастағаны айтылады. Көне түріктердің аңызында Надулуша деген аққу кісінің ел билегені айтылады. т.с.с. Әлемдегі халықтардың мифологиясын жете зерттеген Серікбол марқұм: «О баста адамдар арасында, оларды басқарған, астам текті «аққу руы» болған, уақыт өте осы тап жойылып кеткен. Яғни аққу-патшалар әулеті болған. Осындай аңыз дерегі бізге не бере алады? Аққу төтемінен басқа, аққу кейіпті патшалар (біздің жағдайымызда қағандар) әулетінің болғаны. Бұл – аққу мотивін жиі пайдалана білген қазақ-түркі келтірімінде қайтадан, жаңа қисындармен жол ашатын жәйт» дейді.
Осыған қисын ретінде қосарымыз, Ергене қоңнан шыққан Қоңқырат, Хонкират, Қоңырат дегенді маңғолда Хун+арат дейді екен. Хун – аққу, арат – тайпа, яғни, Аққу тайпасы. Ал енді, аққудың болса, әрине, Каспий бойын есте жоқ ерте замандардан бері жайлап, жер жаһанды шарлаған Адай тайпасына қатысы бар екенін айтпаса да, түсінікті. Қазіргі Маңғыстаудағы Шайыр ауылының маңында Қаңғырқаз деген әулие жатыр. Басына қара ағаш отырғызылған. Адайдың Бекет атасы осы Қаңғырқаздың аян-пірі болған деседі. Серікбол болса, осы Қаңғырқаздың өзінің Бекет атаның аян-пірі болуының мүмкін екенін айтқан. Меніңше, бұл мифологиялық Қаңғырқаз дегеніміз, жер-жаһанды шарлаған, яғни, қаңғырған Аққу елі Адайлардың екінші бір атауы болса керек. Қожырбайұлы да, Адайлардың қаншама жерлерге кетіп қалса да, тарихи отандарына қайтып келіп отырғандарын айтады.
Бұл жерде енді, Шыңғыс деген сөзді талдалық. Шыңғыс қаған Адай болса, онда, Шыңғыс дегеніміз түркі тіліндегі теңіз, яғни, Теңгіз болса керек. Мәселен, кезіндегі Бөрі тегін деген түркі сөзі бұрмаланып Борчигин, одан қазақшаланып Бөржігін аталып кеткен. Яғни, «тегін» сөзі «чигин» болып кеткен. Осы тұрғыдан қарағанда Теңгіз, Тенгиз дегендегі тең – чин болып айтылып кеткен болса керек. Яғни, Теңгіз дегеніміз Чин+гиз, кейін қазақтар Шыңғыс деп атап кеткен. Мен жоғарыда адамның санасынан гендік ақпаратты алатын Елті (бақсы) жөнінде бекер айтқаным жоқ. Темежанды Теңгіз деп, қоңқыраттық Көкше бақсы осындай ақпарат алып атаған. (ақиқат миф). Яғни, Көкше бақсы құлағына Көк Тәңірінің айтқаны бойынша сөйлеген. Көк Тәіңірі, яғни, Темежанның бойынан алынып тұрған гендік ақпарат болса, Көкше бақсыға Темежанның тегінің тарихи отаны — Күнбатыс Теңгізді айтқан.
Осыған қосарымыз, арқалы ғұлама Әлкей Марғұлан атамыздың: «Түріктердің арғы аталары Күнбатыс теңізінің жоғарғы жағында тұратын. Олар ғүндардың бір ұлы тайпасы еді» деп айтып кеткені. Әлкей Марғұлан тиянақсыз тұжырым жасамаған. Бұл жерде Ергене қоңнан шығып Түрік қағанатын құрғандар жөнінде айтылып тұр. Ал енді, күннің Каспий теңізінің арғы жағында батар кездегі бір таңғажайып көріністі көрген де, бар, көрмеген де, бар. Осымен қатар, түнгі Каспийдегі толған айдың жолы, Адайдың әнші қызы – Ақсұлуы…
Қазіргі зертеушілер Арғы ана мен Ару ұрыққа қатысты екі Қият болған дегенді, және де, Баяуттардың да, Ергене қоңнан шыққандарын айтады. Олай болса, бұлар — зерттеушілердің айтып жүрген екінші Қияттары.
Найман шежіресіндегі күллі Найманның анасы, Әулие келін Ақсұлу — Адайдың қызы еді. Адайлардың шежірелік аталары Елтай, Наймандағы терістаңбалы Кетбұқаның шежірелік атасы. Бұл айтылғандар жалған миф пе, ақиқат миф пе, әлде жасырын мағына ма?
Менің топшылауымда бұл жалған мифтегі жасырын мағына, екі тайпаның да, шыққан тегі Қоңқыраттық қазақтар екендерін білдіріп тұр. Яғни, бұрынғы сегіз-оғыз наймандар бір бөлек те, қазіргі, яғни, Қазақ хандығы құрылған тұстан бергі найман мүлде бөлек. Осы жөнінде менің «Шыңғыс хан Қият емес» деген видеолекциямда дәлелімен айтылған. Қазіргі наймандар Бөржігін әулетін құрған Боданжарға дейінгі Қияттар. Найман атасы Белгібай дегеніміз, Домбауыл мергеннің ұлы Белгімтайдан тараған, қытай деректерінде аталған Белгунут тайпасы. Осыны арқалы ғұлама Әлкей Марғұлан Кеңес дәуірінде ашық айта алмаса да, меңзеп кеткен еді. Әрине, қазіргі наймандардың ішінде таза наймандары қалған. Сонымен қатар, олар басқа да, тайпалардың ішіне сіңіп кеткен. Таза наймандар – Байжігіт, Айт, Жағалбайлы, Айтолы, Сыбан, Қожамбет, Семіз найман. Тарихи тұлға Төлегетай таза найман болған. Тарихи деректе Төлегетай – Тұңға шік Төле қожа найман деп аталған. Яғни, Қылышты қожаның қызын алып қожа атанған, тек қана ханға бағынған қолбасшы, абыз, әулие.
Жылқы малын айтқанда алдына жан салмаған, «Жылқы — батырдың жан серігі» деген Ақтамберді жырау да, қазақтың қара тілі, хас биі Ақтайлақ би де, «Халық жайын айтуға, Хан алдында тайсалмайтын» қазақтың орақ ауыз, от тілді ақыны Ринат Зайыт та таза найман — Сыбандар.
Қазіргі таңда кейбіреулер: «Шыңғыс ханның қазақ болғанынан қазаққа не пайда?» дегенді айтады. Мен бұндайларды рухани қайыршылар деп атаймын. Рабиндранат Тагордың: «Әрбір ұлттың борышы – әлем алдында өзінің үлттық болмысын таныта білу. Егер де, халық әлем дамуына ешнәрсе қоспаса, бұл адамзат тарихында ешқашан да кешірлмес, өлімнен де зор ұлттық қылмыс ретінде қаралуы тиіс» дегені бар.
Ал енді, жоғарғы рухани қайыршыларға қатысты Серікбол Қондыбай марқұм: «Уа, Тәңірім! Қазақтың табысынан бұрын намысын қайтарып бере көр! Тәңірім, Қазақты және Қазақстанды жарылқа!» деп айтып кеткен еді.
Міне, құрметті оқырман қауым! Аллаһтың қалауымен Шыңғыс қаған бабамыз жөніндегі әңгімемізді тәмәмдәп қалдық. Енді, қазіргі халха-маңғолдар жөнінде бір-екі ауыз сөз айта кетелік. Қытай деректерінде б.з. 945-ші жылы Мэн-у ши-вей деген тайпаның аты аталады. Бұлар орман халқы, өркениеті төмен, рубасылары биліктерін балаларына қалдырып отырған, балық, аң аулаған, шошқаның етін жанындай жақсы көріп, шошқаны көп асыраған халық екен. Міне, осыларды орыс және Қытай ғалымдары маңғолдар деп атаған. «Маңғолдар жөніндегі ең алғашқы дерек» дейді. Шатыстың бәрі осыдан кеткен. Қытай тілін білетін қазақ ғалымдары бұларды «мәни» дейді. Башқұрттарда «мән» деген ру бар. Қазіргі маңғолдар осы Мәнилер. Бұлардың Шыңғыс ханның маңғолдарына ешқандай да, қатыстары жоқ. Қытайлардың дерегінде айтылған «жабайы татарлары» осылар. Қияттар мен Байырқулар, Қоңқыраттар Бұрхан тауы мен Керөлеңге Ергене қонысы жақтан келгендерінде бұлар араларында болмаған. Мәнилердің отандары осы маң болған, болады да.
Менің айтқандарымдағы маңғол дегендеріміз Су сақтары болып тұр. Яғни, Шежіредегі Созақтан (су сақ) маңғол. Алай да, анығырақ айта алмай отырмын. Сондықтан да, Серікбол марқұмның аруағынан аян күтемін. Алдағы келе жатқан қасиетті Рамазан айында бір хабар келер…
Жоғарғы Ферғана алқабының Ергене қоң екеніне, тіпті мың жерден тарихшы-академик болса да, дәл қазақта ешкім де, ешқандай да, дау айта алмайды. Мен Күллі Түрік әлемінің отанын, Серікбол марқұмның қасиетті аруағының аяны бойынша тауып, осыны тарихи дерекпен негіздеп отырмын. Жошы ханның меркіт емес екенін де, мен тарихи дерекпен негіздеп отырмын. Енді маңғол атауына келетін болсақ, орысша айтқанда: по моему глубокому убеждению, где-то, в закромах историй существует некий исторический документ, поясняющий суть и значение тюркского слова Монгол. Я уверен, что в один прекрасный день, да будет мне знамение, и я укажу на сей документ. И следующая моя статья будет называться «Монгол».
Әрине, Серікбол Қондыбайдың жазғандарын қарабайыр адам ұға алмайды. «Арғықазақ мифолгоиясын» түсіну үшін үлкен тәжірбие, үлкен дайындық керек. Қазақтың қай тарихын іздесең де, осы кітәптің ішінен таба аласың. «Бас десе, құлақ дейді» дегендей, бір Жеңісбек деген Талдықорғандық қу матай менің Жошы хан жөнінде жазғандарыма Көлбай туралы айтып көлгірсіп коммент жазыпты. Бұл Жемісбек дегеннің рухани байлығы, сол баяғы, елбасы «қалмақ», Кәрім Мәсімов «бухарский еврей» дегендерді айтып, ел арасында ылаң салу. Өзі атадан — Кәріммен бір туысқан. Мен Қазақстандағы көптеген шежірешілерді танимын. Мынандай, елбасының түбін «дәл» айтып отырған «ғұламаны» көрген емеспін, естідім. Мен ол айтқандай өтірікші болар едім, егер де, айтқандарымды тарихи дәлелдермен негіздемесем. Жоғарыда айталғандардың бәрінің дәлелі ретінде Алпамыс жырын келтірелік. Алпамыстың Ергене қоңнын маңындағы Жиделі Байсында жұргені белгілі. Жырда мынадай сөздер бар: «Қарақан тауда қамалым, Қарақан тауда бабамыз».
Осы Қарақан дегенді Серікбол «Қара қаңғ» деп түсіндірген екен. Алай да, жоғарғы Бибі Садуғаш ханым айтқандай, ары қарай дамыта алмай кеткен. Бұл жердегі Қанғ дегеніміз – Қонғ, Қиянғ, Қиян. Демек, «Алпамыс» жырындағы қамал Ергене қоң. Орыс зерттеушілері Қоңырат дегенді Конг+арат, яғни, Қиян тайпасы деп түсіндірген. Қазақ тарихшылары Айтым Абрахмановтар болса: «Жоғарыда айтылған Қиян деген кісіден тараған ұрпақ көбейіп, сан-сан руға бөлінгендіктен, оларды Қият деп атаған. Осы Қияттан қоңырат тарайды» деген еді. Мен болсам, алдыңғы жазғандарымда Әлкей атамыздың айтқандарына сүйеніп, Қоңырат дегеніміздің қазақ атауының синонимі екенін айтқан едім. Осыдан шығатын тұжырым: Ергене қоң дегеніміз ең алдымен арғықазақ қоңғыраттың отаны. Сондықтан да, аталмыш жырда «Қарақан тауда қамалым, Қарақан тауда бабамыз» деп айтылған. Серікбол болса, Қарақанға қатысты: «Ала атты, ала тай ,ала бие, Алаш – қара атты – ақ боз атты» деген екен. Бұл жерде ақ боз ат деп, әрине, жоғарыдағы Адай жылқысы айтылып тұр. Осымен қатар, Серікбол жоғарыда айтылған Юечшжилардың қазақ тарихшыларының назарынан тыс қалғандарын айтып: «…нақ осы юечжилер – түркі, қазақ тарихының үздіксіз тарихын қалпына келтіруге мүмкіндік беретін ең басты тірек-буын болып табылады» деген еді. Міне, маңғолды осы Тірек-буынның маңынан іздеу керек. Иә, қасиетті Қазақтың тарихын, абыз тұлға Шыңғыс ханның тарихын сөйлеу үшін ең алдымен қасиет керек. Тілі мен жағына сүйенгендер — адасқандар!
Аллаһ тағала Серікбол марқұмның артында қалған ұрпақтары болса, оларға, және де, оның туған-туысқандарына, қолдап-қолпаштаған жанашырларына, соның ішінде ел тұлғасы, Алшынның ұлы Иманғали Тасмағанбетке шапағатын жаудырсын! деймін.
Әуминь, Аллаһу акбар!

Қайрат Зарыпханұлы Дәукеев. Шежіре жазушы.
Ұлт порталы 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста