Саяси қуғын-сүргін: отызыншы жылдардағы ойран

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия» құрылған еді. Комиссия соңғы екі жылда қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөнінде қомақты істерді бастап кетті. Бүгінге дейін тарихшылар қандай жұмыс атқарды? Архивте қалған жабық тақырыптарды аша алдық па? Келешекте атқарылатын істер қандай? Бұл сауалымызды комиссия мүшелеріне қойған едік.

 

Тарихшы, профессор Гүлжауһар Кө­кебаеваның айтуынша, саяси қуғын-сүр­гін құрбандарын ақтау біркүндік немесе біржылдық мерзімде іске асатын шара емес. «Қазақстан Республикасы Прези­ден­тінің 2020 жылғы 24 қарашадағы Жар­лығы бойынша саяси қуғын-сүргін құр­бандарын толық ақтау жөніндегі мем­ле­кеттік комиссия құрылды. Мемлекеттік комиссияның негізгі міндеті – саяси қу­ғын-сүргін құрбандарын заңдық және сая­си тұрғыдан ақтау. Комиссияның ата­уындағы «толық ақтау» деген сөзге назар аударайық. Толық ақтау үшін ең алдымен саяси қуғын-сүргін құрбандарының бар­лық санаттарын анықтау қажет. Осы мә­селені зерттеп, анықтау үшін мемлекеттік комиссияның жұмыс топтары құрылды. Мен соғыс тұтқындары мәселесін зерт­тейтін жұмыс тобына жетекшілік етемін. Соғыс тұтқындары бұрынғы ақтау туралы құжаттарда нақты түрде қарастырылған жоқ деуге болады. Соғыс тұтқындары­ның өзі бірнеше санатқа бөлінеді, соған орай олардың жазалану жағдайларын тексе­ріп, зерттеп, қорытынды жасауымыз қажет», – дейді.

 

Тарихшының айтуынша, саяси қуғын-сүргін саясаты тоталитарлық коммунистік режим орнаған барлық елдерге тән құ­былыс еді. Кеңес Одағында бұл процесс үнемі жүріп жатты, әрбір кезеңде оның тек масштабы мен түрі ғана өзгеріп отырды. Соғыстан кейін Кеңес Одағының ықпа­лына түскен Шығыс Еуропа елдерінде 1948-1953 жылдары «идеологиялық» және «таптық» жауларын жазалау шаралары кең етек алды. Кеңес Одағында жеке басқа табынушылықтың зардаптарын жою нау­қаны басталғанда Шығыс Еуропа елдерінің басшыларына да саяси қуғын-сүргін құр­бандарын ақтауға нұсқау берілді. Ақтау шаралары осы елдердегі саяси ахуалға орай әртүрлі деңгейде жүрді.

 

Гүлжауһар Көкебаева өзі жетекшілік ететін соғыс тұтқындары тақырыбында да бірқатар тың деректің бар екенін айтады. «Соғысушы әскерлердің бір-бірін тұт­қынға алуы – кек қайтару да, жазалау да емес, тек қана осы соғыс тұтқынының ал­­дағы уақытта соғыс қимылдарына қаты­суына жол бермеу мақсатындағы қамау әрекетi. Сондықтан соғыс тұтқынына қыл­мыскер немесе сатқын ретінде қарауға болмайды, олар халықаралық құқық ережелерімен қорғалуға тиіс. Бірақ Кеңес өкіметі соғыс тұтқындарының құқықтарын қорғайтын халықаралық келісімдерді мо­йындамаумен қатар, тұтқынға түскендерді сатқын деп айыптады. 1941 жылы 16 та­мызда КСРО Мемлекеттік Қорғаныс ко­митеті тұтқынға түскен Кеңес жауын­гер­лерінің отбасылары мен туыстарын қу­ғындау туралы №270 бұйрықты шығарды. Осылайша, кеңестік әскери тұтқындар ұзақ жылдар бойы қоғамдық санада «сат­қындар», «опасыздар», «халық жаулары» деген түсінікпен теңестірілді. Екiншi дү­ниежүзiлiк соғыста Германияның да, Ке­ңес Одағының да соғыс тұтқындарына қатысты халықаралық құқық ережелерi мен заңдылықтарын сақтамағаны даусыз. Демек, кеңестiк соғыс тұтқындары екi то­талитарлық мемлекеттiң, екi диктатордың арасында жаншылып, қорғансыз, мүсә­пiрлiк жағдайға түсiрiлген. Елге қайтқан соғыс тұтқындарын жинақтап, тексеру үшін арнайы лагерьлер және жинақтау-іріктеу пункттері құрылды. Осы жерлерге жинақталған соғыс тұтқындары тексеруден өткізіліп, біреулері НКВД қарамағындағы арнайы лагерьлерге, екіншілері соғыста қираған аудандарды қалпына келтіруге жіберілді, үшіншілері туған жерлеріне қайт­ты. Арнайы лагерьлерге жіберіл­ген­дердің басым бөлігі сотталып, ұзақ жыл­дарға айдауға кетті. Туған жеріне орал­ған­дарға төлқұжаттың орнына арнайы куәлік берілді және басқа облыс, аудандарға шы­ғуға тыйым салынды. Соғыста қаны мен жанын беріп, аямай алысқан, бірақ қа­пияда қолға түсіп қалған арыстай аза­мат­тардың бетіне шіркеу түсті. Олардың ақ-қарасын айырып, арына түскен таң­ба­дан арылтуға жол берілген жоқ, осылайша қаншама адамның Отанына сіңірген ең­бегі ескерілмей қалды», – дейді тарихшы.

 

Гүлжауһар Көкебаеваның айтуынша, 1948 жылы 21 ақпанда КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының «Аса қауіпті мемлекеттік қылмыскерлерді жазасын өтеу үшін КСРО-ның қашық өңірлеріне жер аудару туралы» жарлығы шықты. «Аса қауіпті мемлекеттік қылмыскерлер» қата­рына бұрынғы әскери тұтқындар да жат­қызылды. Осылайша, 1948-1949 жылдары қайта оралғандарға қарсы қуғынның екін­ші толқыны басталды. 1955 жылы 17 қыр­күйекте КСРО Жоғарғы Кеңесі Прези­диумының «1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысы кезеңінде басқыншылармен ын­тымақтасқан кеңес азаматтарына кешірім жасау туралы» жарлығы шықты, осы жар­лық бойынша бұрынғы Кеңес соғыс тұтқындары кеңестік лагерьден босап шық­ты. Алайда «кешірім жасау» (ам­нис­тия) ақтау емес, демек бұл жарлық фа­шистік тұтқында азап көріп, елге қайтқан соң тағы да «сатқын» атауымен лагерьде отырған Кеңес жауынгерлерін тағы да қорлау болған еді, сондай-ақ «басқын­шы­лармен ынтымақтасқан» деген сипат­таманың өзі соғыс тұтқындарының барлық санаттарына тән емес екенін ескеру керек. КСРО ыдырап кеткен соң Ресейде саяси қайраткерлер мен ғалымдардың баста­масымен әскери тұтқындар туралы мәселе қайта қаралды. РФ Президенті 1995 жылы 24 қаңтарда «Ұлы Отан соғысы кезеңінде және соғыстан кейінгі кезеңде елге орал­ған бұрынғы әскери тұтқындардың және бейбіт адамдардың – Ресей азаматтарының заңды құқығын қалпына келтіру туралы» жарлыққа қол қойды. Ресей заңдарының егеменді Қазақстан жерінде заңдық күші жоқ, демек бұрынғы қазақстандық соғыс тұтқындарының азаматтық құқықтары әлі заң жүзінде қалпына келтірілген жоқ. Бұл мемлекеттік комиссияның жұмыс тобы­ның алда атқаруға тиісті міндеттерінің бірі.

 

 

Ал тарихшы Рашид Оразов: «Басты бір міндет – зерттеу­шілер үшін бұрын жабық болған қор­лардағы материалдарды зерде­леп, оларды құпиясыздандыру туралы арнайы заң шығару органдарына ұсыныс беру екенін баса көрсеткеніміз орынды. Кеңестік за­манда жазықсыз қудаланып, атылған кейбір тұлғалар 1956 жылдары ақталды. Бірақ өкінішке қарай аталған тұлғалардың істері зерттеушілерге беріл­мей жабық архивтерде жатқаны белгілі. Біраз уақыт бұрын бұл істер ҰҚК архивінен ІІМ ар­хивіне берілді. Бүгінде ІІМ арнайы архи­вінен аталған істер Президент архи­віне өткізілуде. Комиссия 59, 84-баптармен айыпталғандарға ерекше назар аударуда. 59-баппен сотталғандар Кеңес өкіметінің жүргізген түрлі реформаларына қарсы қо­лына қару алып күрескендер осы уақытқа дейін ақталмаған. Ал жабық архив қорла­рындағы құжаттарды қарау барысында 84-баппен айыпталғандар заңсыз шека­раны бұзғандар, әсіресе бұл баппен Қы­таймен шекаралас аудандардың азаматта­ры көп зардап шеккені анықталып отыр. Бұдан бөлек, «экономикалық қас­тандық жасады» дейтін айыппен соттал­ғандар тағы бар. 107, 109, 111-баптар да қу­ғын-сүргін кезінде азаматтарға айып ре­тінде тағылған», – дейді. Оның ай­туынша, 1929-1931 жылдардағы шаруалар көтерілісіне қатысқандар әлі ақталған жоқ. 1927 жылғы бай-кулактарды тап ре­тінде жою жөніндегі қаулыға байланысты тәркілеуге ұшырап, сондай-ақ 1929-1931 жылдардағы көтері­лістерге қатысып, кейін Қытайға, Моңғо­лияға, тағы басқа жаққа амалсыздан қоныс аударуға мәжбүр болғандар бар. Оларды кеңестік билік «бандиттік топтар», «бан­диттік шайкалар» деп айыптаған. Олар не заңдық азаматтық тұрғыдан, әлеуметтік-саяси тұрғыдан ақ­талған жоқ. Кеңестік биліктің ОГПУ ор­гандары кезінде кө­теріліске қатысқан­дар­ды «бандитизммен», «бандиттік топтарға қатысты» деп айып­тады. Сондықтан кө­теріліске қатысқандар осы бапқа негізделіп ақталмай жатыр. «Негізі, бұл көтеріліске қатысқандар еш­қандай бандит емес, ешқандай бандиттік топтарға қатыспаған, саясатпен шаруасы жоқ, қарапайым шаруа адамдары болатын. Олар өздерін, өздерінің отбасын қайтсек аман сақтап қаламыз деп Кеңес өкіметінің ұжымдастыру, тәркілеу сияқты рефор­ма­ларына наразылық та­нытқандар екенін құжаттардағы деректер арқылы көз жеткі­зіп отырмыз», – дейді.

 

Тарихшы архив құжаттарында 30-жыл­дардағы аштық кезінде аман қалуды ойлаған қазақтар осы жағдайдан шығудың жолын іздегенін, аздаған меншіктерін сатқанынша сатып, Қазақстанды тастап, көршілес мемлекеттерге – Өзбекстан, Қыр­ғыз мемлекеті, Қытай, Монғолия, тіпті шығыс Ауғанстан шекарасына дейін көшкенін айтады. Олар төрт-бес ірі қара малын қорғайтын жер таппай, бір жерден екінші жерге көшіп жүрді және олардың көпшілігі түрлі тонауға ұшырап, барлық жолда ұрылардың жемі болады. Жол бойы аздаған қазақтарды тонамаған басмашылар қалмаған.

 

«Ал қырғыз жеріне аштықтан босып барған қазақтардың тарихи тағдыры мына мәліметте төмендегідей көрсетілген. Қыр­ғыз Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы прокурорының айтуынша, құрбан болғандар негізінен балалар екен. Көшпелі қазақтар арасында аштық бары­сында адам жегіштік оқиғалары жиілеген. Сонымен, 7 маусым күні Тоқмақ қаласы­ның Фрунзе ауданы көшпелі қазақтарды тамақтандыратын жердің жанында 6 жасар қазақ қыздың мәйіті табылды, ішегі мен басы жерде жатқан, ал баланың денесі қазірдің өзінде қазанға пісірілген болатын. Тергеу анықтағандай, қызды аштықтан аман қалу үшін 3 ер адам мен әйелдер пы­шақтап өлтірген. Сол жерде, басқа да жер­ден тамаққа дайындаған қыздың мә­йіті табылды. Жалпы, тамақтану пунктінің айналасынан адамның бірқатар сүйектері (кеуде, қабырға, жілік, жамбас сүйектері) табылды. Қазақ босқыншылары үшін осын­дай қиын азық-түлік жағдайына қарамастан, РКФСР Халық Комиссарлары кеңесінің осы жылғы 21 наурыздағы №246 шешімі бойынша, қазақтарға көмек ретінде Қырғыз АССР-інен – 1 225 000 сом ақша бөлдірткен, өкінішке қарай бұл қаржы әлі түспегенін айтқан (ҚР ОМА. 30-қ. 7-т., 151-іс.)», – дейді.

 

Комиссия жұмысы әлі біткен жоқ. Жалғасып жатыр. Тарихшылар ХХ ғасыр­дағы аштық қасіретінің санын нақты құ­жаттармен айқындау, босқан қазақтардың тағдыры мен санын анықтау, Екінші дү­ниежүзілік соғыс құрбандары мен із-түзсіз кеткендерді, тұтқында болғандардың тарихына қатысты істерді бұғаудан шығару міндеттері тұрғанын айтады. Яғни, саяси қуғын-сүргінге ұшырағандардың соңғы адамы ақталғанға дейін комиссия жұ­мысын тоқтатпайды деп сенеміз.

 

 

 

aikyn.kz

 

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста