Рысбек Сәрсенбай Айгүл Орынбекті қолдады

Заңгер Айгүл Орынбек әлеуметтік желідегі парақшасында "ЖЕР, ТІЛ, ҰЛТ мәселесі - ақшамен бағаланбайды! 2016-2018 жылдары Жер комиссиясы мүшесі ретінде өз жүрген-тұрғаныма, біреуден бір тиын алған емеспін!" деп мәлімдеді. Оның бұл жазбасын белсенді Рысбек Сәрсенбай да қолдап, "Айгүл ұстанымың да, сөзің де дұрыс деп" пікір қалдырған.
Одан әрі "Жазылған жазбаларыма, көтерген мәселелеріме ешкімнен қаражат алмағанмын деп Елдің алдында ашық айта аламын!
Ал егер менің атымды пайдаланып Мұхтар Тайжан Үкіметтен ақша алған болса, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі
тергеп-тексеруді сұраймын!
Бұл мәселені неге бүгін көтеріп отырғанымды сұрасаңыздар, айтайын!
Себебі екі күн бұрын Мұхтар ағам өз сұхбаттарында “лоббилік қызметі” үшін ақша алып отырғанын айтты.
Жер мәселесін көтеріп жүрген барлық комиссия мүшелері сондай деп ойламас үшін, Халық алдында жүзімді ашып алғанды жөн көріп отырмын!
“Елдің алдында жүрген белсенділер “заказға” жазады”, “заказ” орындайды”, “біреудің мүдессін ақша үшін мадақтап-мақтайды” деген алып-қашпа әңгімелер осындай кісілердің арқасында шығатынына көзім жетті…
“Мал аласы - сыртында, Адам аласы - ішінде”демекші, бұл ағаларымыздың “Жер мәселесі”, кезінде жеке өз пайдасын ойлап жүргені - расында, жүректі ауыртты!
Жалпы Мұхтар ағамның “бетпердесі” Бадамда Қытай зауыты салынайын деп жатыр деп көмек сұраған кезімде шешілген. Содан кейін-ақ, өзімді ол кісіден алыс ұстауды жөн санағанмын.
Жалпы кәсіпкер, иә өз қызметіне ақы алу керек, бірақ Ұлттық мүде ақшаға сатылмау керек!
Осыны кез келген Ел алдында “атойлап” жүрген белсенділер біліп жүріңдер!
Жер, Тіл, Ұлт мәселесін өз пайдасына пайдаланып, ақша жасап жүрген АДАМ - мен үшін Елін сататын САТҚЫН!" деген Айгүл өз жазбасында. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста