Қобыланды қорымынан табылған қанжар қайда?!

Қазақ даласында Қарақыпшақ Қобыланды батыр есімімен аталып келе жатқан екі мазар бар. Бұл тарихи көне ескерткіштер «Қобыланды күмбезі» деп аталады.

Біреуі Орталық Қазақстандағы Сарысу өзенінің бойында тұр. Қазақ даласында белгілі бір тарихи тұлғаның есімімен аталатын жерлер, бейіттер баршылық. Сондай-ақ, бір есіммен аталатын би, сері, батырлар жөніндегі деректер де аз емес. Оның бәрін жалғыз тұлғаға телуге болмайтынына өмір сүрген уақыты мен жерленген жерлерінің әрқилы екендігі дәлел.

Енді екінші мазар жөніне тоқталсақ, ол – Батыс Қазақстан облысында орналасқан. Беріректе қоршалып, басындағы белгі 1995 жылы қойылды. Марабай, Мергенбай, Айса, Нұрпейіс тәрізді атақты жыршылар арқылы бізге жеткен «Қобыланды батыр» дастанында бабамыз қалмақтармен шайқасқан Жалғызоба, Қособа, Бесоба, Жиренкөл, Ешкіқырған, Тасбұлақ тауы, Тұшман бұлағы – Ақтөбе өңірінің Жиренқопа жеріндегі қазақтардың атамекені. Бұл жерлер ғасырлар бойы сол жырдағы күйінде, өзгеріссіз аталып келеді. Демек, Қобда өзенінің шығыс жақ жағалауындағы осы екінші бейіт Қобыланды сүйегіне тиесілі. Халық ақыны Нұрпейіс Байғаниннің нұсқасындағы «Қобыланды батыр» жырында да:

«Ерлердің артық данасы,

Артықша Қобылан ағасы,

Халықтың қорған панасы.

«Ешкіқырған» сағасы,

«Ұлы Қобда» жағасы,

Адамнан жоқ жаласы,

Тоқсанға жасы келгенде,

Судан болды жаласы,

Қартайып жетті қазасы.

Діңкиіп тұрған Қара оба –

Тоқтарбай қарттың баласы

Ер Қобыланның моласы»,– деген жолдар бар.

Нақты дерекке сүйенсек, 1969 жылы профессор Ноэль Шаяхметовтің жұмыс тобы жергілікті қарттардың көрсетуімен Жиренқопа елді мекенінен батырдың сүйегін қазып алып кетеді. Жай қазып қана қоймай, ол батыр ұрпақтарының, жалпы халықтың рұқсатын алмастан, кесененің орнын бульдозермен оңды-солды таптатып, қырғызған. Ондағы құлаған кірпіштерді тың игеру желеуімен келген мұжықтар пеш салу үшін үйлеріне тасып алып кетіпті. Ал алынған қаңқа Алматыдағы Орталық мұражайдың антропология зертханасында сақталды.

Бертінде анықталғандай, Ноэль Шаяхметов Алматыдан Мәскеуге қызмет ауыстырады. Содан 31 жыл өткен соң, яғни 2000 жылы Алматыға қайта келгенінде бір қорап сүйектерді саудырлатып Орталық Мемлекеттік мұражайдың зертханасына тапсырған. Мұндайда бабамыздың бәлен жыл бойы көмусіз сақталып келген асыл сүйегінің жоғалып кетпегеніне де шүкір етуге тура келеді. Кейіннен ол сүйектер басқа антрополог Оразақ Исмағұловтың қолына түскен. Оған әлгі Шаяхметовпен бірге қазба жұмыстарын жүргізген академик Сайым Балмұханов көмекке келеді де, сүйектерді саралап, қайта жинап, қалпына келтіреді. Одан кейін Қобыландының бас сүйегі Мәскеуде мұқият зерттеліп, XIV-XV ғасырдағы Қыпшақ дәуірінде өмір сүрген батырлардың киім ерекшеліктеріне сай етіп киіндірілді. «Еуразия тарихы мен мәдениеті аясындағы Арал-Каспий аймағы» атты Халықаралық конференция аясында Герасимов зертханасында батырдың бас сүйегі негізінде жасалған антропологиялық кескін-бейнесінің тұсаукесері болды. Осы салтанатта Оразақ Исмағұлов: «Мұнда жатқан қаңқаның Қобыланды батырдыкі екендігі еш күмән туғызбайды. Біз мұндай шешімге жан-жақты жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде келіп отырмыз. Енді оны көп жылдан кейін жер қойнына қайта тапсыру рәсімі – үлкен тарихи оқиға», – деген еді…

Сөйтіп, батыр сүйегі түгелімен бұрынғы орнына қайта көмілді. Кірпіштен өрілген үлкен кесене бой көтерді. Оның басына жеткізілген батырдың қайрақ тасы бүгінде «Қобыландының меңгіртасы» деп аталады. Ортасы ойық, бас жағы сынықтау, ұзындығы 5 метр қайрақ тасқа Ноғайбайлы дәуірінде Қырымның қырық батыры семсер, қылыштарын қайраған деген сөз бар.

Бұл тұрғыда, ерекше мән берілуі тиіс дәйекті Ноэль Шаяхметовтің қабірді қазғанына куә болған жиренқопалық Зейін Сейітов айтып берген. «Бір сүйектің жанынан ұзындығы жарты метрлік қанжар шықты. Өз көзіммен көрдім. Тат басып кетіпті. Қабында ұзын өрнегі бар. Тек қабының ортасы шіріпті. Осылайша, Ноэль Шаяхметов бір аптада қазба жұмыстарын аяқтап, оны арнайы жәшікке салып, кеңшардың жаңа автокөлігімен Ақтөбеге алып барды да, сол жерде бәрін де ұшаққа тиеп, Алматыға ұшып кетті», – дейді ол. Айтылып отырған қару Қобыланды батырдыкі болуы әбден мүмкін ғой!? Қазір кімнің қолында екен? Бар болса, ол қанжар Шаяхметов ұрпақтарының бірінде сақталуы тиіс. Әлде Алматыдағы Орталық мұражайдың қоймасында жатыр ма екен? Бәлкім, антрополог Оразақ Исмағұловтың үйінде шығар?.. Әзірге белгісіз…

«Әзірге» дейтініміз, асыл заттың түбінде бір жарқ етіп шыға келмеуі мүмкін емес. Оны іздеу керек. Өйтпесе болмайды.
 ult.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста