Қазақтың әскери өнері мен жауынгерлік дәстүрін әлем мойындай ма?

Тәуелсіз Қазақстан – кешегі заманда төрткіл дүниені тітіреткен, салт атты әскери өркениетімен салтанат құрған айбынды көшпелілердің заңды ұрпағы. Еуразияның Ұлы даласын тұлпар тұяғымен дүбірлеткен баһадүр бабала­ры­мыздың соғыс тәжірибесі мен заңдарын әлем елдерінің қарулы күштері қабылдап, әскери жүйесін жасақтағаны – біз үшін зор мақтаныш. Сондықтан Қарулы Күштері­міздің әскери рухын шыңдауда даңқты әскери тарихымыз жауынгерлік дәстүріміздің өнегесі мен тәлім-тәрбиесі өлшеусіз рөл атқарады. 

Көшпелілердің әскери өркениеті
Көшпелілерге тән әскери жасақтаудың ондық жүйесі ондаған ғасырлар бойы өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Дүниежүзінің көптеген елдері өз жарғыларын далалықтар жасап берген әскери жүйе мен заңдарға, соғыс жүргізу тәсілдеріне, қолбасшылық мектептерге сүйеніп құрды. Сақ, ғұн, түркі тайпаларынан кейін Шыңғыс ханның «Ұлы жасақ» заңдар жинағы бойынша қатаң әскери реформа жасалып, онда ұжымдық жауапкершілік, антқа адал болу, опасыздық жасамау, бұйрықты сөзсіз орындау, қашып кеткен жауынгер үшін басшысының басы алынатын темірдей тәртіп, мызғымас әскери иерархия орнатты. Шыңғыс ханның қатардағы ұланының  дәрежесі басқа қосын қолбасшыларынан үстем болды. Әрбір ұл жастайынан жауынгерлік өнерге машық­танды. Көшпелілердің әскери құрылымы үштік жүйемен: оң қанат, сол қанат және орталық болып бөлініп, әскер қосындары ондықтардан, жүздіктерден, мыңдықтар­дан, түмендерден құралды.
Көшпелілердің әскери өнерінің специ­фи­калық ерекшелігі – әскери-аңшылық тактика еді. Баһадүр бабаларымыз жауға қарсы «Үлкен жарық соғысы», «Ошақ соғысы», «Ай қораланды соғысы», «Құйрық жеу соғысы», «Ұры соғысы» сияқты әскери тактикаларды қапысыз қолданды. Алыс жорықтарға екі-үш атты қосарлап мінетін қазақ сарбаздары бес қаруын сайлап, сауыт киінді. «Ер қаруы – бес қару» демекші, бұ­ған садақ, қылыш, найза, айбалта, күрзі жа­та­ды. Көшпелі халықтарда айқастар көбіне батырлар жекпе-жегімен басталатын. Қалмақтармен соғыста жекпе-жектер бірнеше күнге, тіпті айға дейін созылатын. Жекпе-жек – әскери өнердегі жауынгерлер­дің жетістіктерін айқындайтын батырлар айқасының төресі.

Қазақ қоғамындағы батырлар институты 
Батырлар – дәстүрлі қазақ қоғамында болған ерекше әлеуметтік топ, қаһармандық – батырларға тән қасиеттер мен өмір салты. Қазақ батырлары Еуропаның рыцарьлары, жапонның самурайлары, үндінің кшатрий­лері секілді өзіндік сословиені құрады. Қазақ батырларының өзіндік қоғамдық қызметі, жапон самурайларының «Бусидо» кодексі секілді батырлық этикасы болған. 
Қазақ қоғамындағы батырлардың институционализациялануы олардың тек қана жеке батыр ретінде ғана емес, би, ше­шен, жырау, ұлыс, ру билеушісі ретіндегі функцияларды бір қолға жинақтауынан келіп туындаған. Зерттеуші Қалиолла Ах­мет­жан батырлар институтын төмендегідей талдап береді.
1) Тек әскери кәсіппен айна­лысу. Батырлар елді басқыншылардан құтқаруды, жау қолынан қаза тапқан ата-баба кегін қайтаруды өмірлік мақсат тұтынған.
2) Батырлар әулетінде туған бала жастайынан әскери кәсіппен айналысуға міндетті болды. Тұқым қуалаған батырлар «шынжырлы тұқым» деп аталған. Батырлық жырлардағы Ер Қосай, Едіге, Ер Тарғын, ХVIII-ХIХ ғасырлардағы Райымбек, Қабан­бай, Бөгенбай, Наурызбай батырлар, ұлт-азаттық көтерілістердің көсемдері Исатай, Жанқожа, Амангелді батырлар бәрі де ата-бабасынан ұрпағына дейін батыр болған­дар. Ата кәсіптің батырлар әулетінде ұрпа­ғына жалғасуын «шынжыры үзілмеу» деп атаған. Батырлар ұрпағы үшін ата кәсібін жалғастырмау – масқаралық саналды. Әскери әулеттен болғандықтан батырлар алғашқы ерлік жолын көбіне соғыста өлген әкесінің, туысының кегін алудан бастаған. Әке кегін қумау – батыр үшін ұят. Артында ұл болмаса, кек алу қызына да міндет болған. Батырлар ата кегін қууды кең ұғымда, жал­пы халықтың, елдің кегін қуу мағынасында да түсінген.
3) Көшпелі халық­тарда хандар, әміршілер, ел билеу­шілер батырлар әуле­тінен шыққан, осы қоғамдық топтың өкілі болған. Шыңғыс хан, Әмір Темір, Едіге, Ма­май, Абылай, Кенесары, т.б. батыр болған және батырлар әулетінен шыққан. Олар өздерінің жұрттан асқан ерлігінің арқасында билеушілік дәрежеге көтерілген:
4) Батыр­лар меншік иелері болған. Олардың меншігіне қалалар, елді мекендер, ұлыстар, аймақтар қараған. Бірақ батырлардың бәрі бірдей байлық иесі болмағанын да айта кету керек.
5) Елдің сыртқы қауіпсіздігі мен ішкі тұрақтылығына қызмет еткен.
6) Елдік, мемлекеттік билікті қолдарына ұстаған. Мәселен, батырлар мемлекеттің ішкі, сырт­қы саясатын анықтау­ға араласып, түрлі мемлекетаралық қаты­нас­тарға қатынасып, елшілікке жүріп, хан жанындағы әскери кеңес мүшелері, түрлі мемлекеттік лауазым иелері болды. Қазақ хандығы мен Орыс патшалығының ара қатынасына байланысты архивтік құжат­тарда ру басшылары ретінде көптеген батыр­лардың аттары аталып, қолдары қойы­лып, мөрлері басылған.
7) Хан­дық билікпен тығыз байланысты. Мы­салы, әр ханның есімімен бірге оның айна­ласындағы батырлардың есімдері қоса айтылады. Есім ханмен оның белгілі батыр­лары Қоңырат Алатау батыр, Дулат Жақсұ­ғұл батыр, Жанай батыр, Қарасай батырды айтсақ, Абылай ханмен Бөгенбай, Қабан­бай, Жәнібек, Малайсары, Баян батырлар есімдері байла­нысты, Кене хан есімімен Ағы­бай, Наурыз­бай, Бұғыбай, Иман батыр есімдерін еске аламыз. 8) Батырлардың өздеріне тән жауын­­герлік этикасы, адамгершілік ережесі, діни ырымдары мен салттары, пірлері болған.

«Алаш айнасы» мұрағатынан

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста