Қазақстан бөлінген лақайлар тайпасы қайда?

Бұл ұлыс – түркінің қазаққа өте жақын бір бұтағы
Түркі халықтары әлем өр­ке­ни­еті­нің дамуына үлкен үлес қосып, жал­пыадамилық да­му, мәдени және рухани факторлардың дамуын да қамтамасыз етіп келгені т­арихтан жақсы белгілі. Түр­кі­лер шын мәнінде өз дара тұл­ғаларын мақтан етіп, олардың аттарын тарихи идеологияда сақтап келумен бірге, олардың қызметін паш ету сезіміне бөленгені де қуанарлық жайт.
Лақайлар өзбек ұлты құра­мын­дағы түркі ұлысы. Олар не­гізінен қазіргі Тәжікстан Рес­публикасының орталығы мен оңтүстік бөлігінде, яғни Са­ма­ниян (бұрынғы Ленин), Кофарнихон (бұрынғы Ор­джо­никидзеабад), Хиссар ау­­дандарында, Хатлон об­лы­сындағы Қорғантөбе жә­не Колап аймақтарында қо­ныс­тан­ған. Бұл ұлысқа жататын адамдардың саны Тәжікстанда 500 мыңнан астам, ал шет елдерде 500 мыңға жуық, яғни жалпылай саны бір миллионға тая­ды. Лақайлардың бірнеше то­бы Тәжікстанмен көрші Ауғанстандағы Бағлан, Құн­дыз, Тахор провинцияларында, Пәкістандағы Карачи қаласында және оның тө­ңі­регінде, Сауд Араб­ия­сындағы Мекке, Мәдине мен Жидда қала­­ла­рында, Түркиядағы Жай­­лан­панар, Антакия, Ыстан­бұл, Шонли Урфа және Зәй­түн Мұрны аймақтарында, Ирандағы Тегеран қаласы мен елдің Шираз, Захидон, Керманшах, Ғазвин, Хурмуз­хон провинцияларында тұрғы­лықты өмір сүреді.
Лақайлар түркі ұлыс­та­рының қалыптасуында ма­ңызды рөл ат­қар­ған сақтар, одан соң арғындар мен қып­шақ­тардың ұрпағы болып табы­лады. Жұртқа белгілі, X-XV ғасырларда бұл үш ру ірі этностық топ болып, түркі халықтарының этногенезінде ерекше рөл атқарған. Олар этноәлеуметтік және тарихи даму барысында лақайлар ретінде ерекшелігін сақтап келді.
Лақай ұлысының қалып­та­су жолы да басқа түркі тіл­дес ұлыстардың қа­лыптасу үдері­с­теріне өте ұқсас. Ғылыми әде­биетте олардың тарихы туралы бірнеше пікірлер айтылған. Бұ­лар: 1. жоғарыда келтірілген ай­мақтарда қалыптасып да­мыған тұрақты этностық топ; 2. лақайлар – бұрынғы Түр­кі қағанатындағы (VI ға­сыр) түркілердің ұрпағы; 3. олар бұл аймақтарға қар­лұқ­тармен (VIII ғасыр) және моңғолдармен (XIII ғасыр) бірге ауып келгендер; 5. лақайлар – Мауароуннаһрға Шайбани хан әскерлерімен бірге келген Дешті қыпшақ өзбектері (XV-XVI ғасырлар).
Осынау үдерістің нәти­же­сінде XV ғасырдың соңы мен XVI ғасырдың басында Дешті қыпшақ елі, ал жаңа тарихтың соңғы кезеңдерінде басқа түркі халықтарының кейбір топтары да Орталық Азияға ауып келіп, байырғы этнос құрамына табиғи жолмен сіңісіп кеткен. Бұл жағдай XVII-XVIII ғасырларға да тән екендігін қазіргі күннің тарихи фактілері де сипаттап тұр.
Бүгінгі күнге дейін лақай этно­нимінің шығу тегі мен оның ма­ғынасы туралы анық пікірлер жоқ еді. Өзімнің көп жыл­дық ізденістерімнің нәти­же­сі болған және лақайлар ше­жіресінде кездесетін қазақ ұл­ты­на ұқсас этнонимдер тари­хы­мыздың, сонымен қатар эт­ностық қалыптасуымыздың жал­­пылығын білдіретін фак­­торлар жаңа болжамдар айтуға негіз болды. Мен қа­зақтарда «Алақай батыр» дас­та­нының бар екенін естіп, оны іздей бастадым. Бұл та­қы­рыпты жырлаған жыраулар өмірден өткен болса да, оның ізбасарлары ел ішінде әлі де болса бар екенінен үміт­теніп, бір­неше рет Шым­кент, Сайрам, Түркіс­тан қа­ла­­ларына барып, Өмір­зақ Қал­байұлының осы дастанды жырлағанын, дүниеден өткенін, бұл шығарманы жыраудан ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Қыдырәлі Саттаров жазып алғанын есіт­тім. Нәтижесінде, профессор Сайдәлі Оразалиевтің кө­ме­гі­мен Қ.Саттаровтың 2006 жылы Алматыда жарық көрген «Қазақтың ерлік эпостары» шы­ғармасын тауып, «Алақай батыр» дастанымен таныс­тым. Сөйтіп, бұл ұлыстың қалыптасуы және оның этимологиясына қатысты құнды мәліметтердің барлығына көз жеткіздім. Эпос былай басталады:
«Қыпшақ елінен Алаңқай батыр шыққан екен, бірақ ол ерте өмір­ден озады. Одан Алақай батыр деген ұл қалады. Бұл кезеңде, яғни XIV-XVI ғасырларда қыпшақтарға қызылбастардың ша­буы­лы мен басқыншылығы күшейген уақыт еді. Қызылбастардың ханы Пазылшахтың адамдары Алақай батырдың әке­сінен қалған жылқы үйірін айдап әке­теді. Бұны естіген он екі жасар жеткіншек жалғыз өзі жылқыларды қайтарып алу үшін жолға шығады. Қызылбастар Алақайды ұстап алып, Пазылшахтың алдына апарады. Ханның жарлығы бойынша, оның аяғына кісен салып, қызылбастардың малдарын суару үшін құдықтың басына байлап қояды. Жас жігіт күндіз-түні су тартып, әбден сілесі құриды. Әр күні қызылбастардың балалары келіп, оған тас лақтырып, келемеждеп күліп жүреді.
Пазылшах 12-13 жыл бұрын қып­­шақтардан Қыр­мызы деген қыз­ды ұрлап әкел­ген екен, оны тоқал етіп алып, одан 11-12 жасар Шәмсінұр деген қыз туады. Ол да бір күні қызылбас балалармен келіп, тұтқынды, яғни Алақай батырды тамашалап, болған оқиғаны анасына айтады. Ал тұтқынның реңі сізге ұқсайды дейді. Анасы бұл қыпшақ, менің әулетімнен болар-ау деп ойлап, жасырынып, құдықтың басына келеді. Сөйтеді де Алақай батырмен сөйлесіп, тек тамақ қана жіберіп тұра аламын, басқа көмек қолымнан келмейді, өзім де қызылбастардың бақылауындамын дейді. Осылайша қызы Шәмсінұрдан лажы барынша тамақ жіберіп отырады. Біраз уақыт өтеді. Өстіп жүріп, Алақай батыр мен Шәмсінұр бір-біріне ғашық боп қалады. Бұл кезде Пазылшахтың Гузал деген жас тоқалы өз күйеуін онша жақтырмай жүретін еді. Ол да сымбатты Алақай батырды жақсы көріп қалады. Пазылшах Қырымға соғысқа кеткен кезде Гузал осы сәтті пай­­даланып, патшаның қорасындағы аттарға қарайды деген сылтаумен Алақай батырды өз ауласына ауыс­тырып, ойын айтады. Алақай батыр да тұтқындықтан құтылуды ойлап, оның шарттарына разы екенін, тек бірнеше күн өзіне келу үшін мүмкіндік беруді сұрайды. Патшаның аттарына қарап, бір ұшқыр тұлпарға көз салып қояды. Патшаның қыпшақ тоқал әйелі Қырмызының отауы да жақын маңда болғандықтан, Алақай батыр олармен жиі-жиі кездесіп, сөйлесіп отырады. Шәмсінұрды алып қашу үшін оның анасынан ақ бата алады.
Бір күні Гузал оған қосы­лудың кезі келгенін ай­тады. Ал­ Алақай ба­тыр ол үшін ая­ғындағы кісенді ше­шуді жә­не айналадағы бар­лық сақшыларды алысырақ жө­нел­ту керек екенін, егер олар көріп қалса, екеуінің де басы кететінін айтады. Сон­да таң азанда Гузалдың үй­іне келетінін айтады. Кі­сен шешіліп, қарауылдар ай­далған соң, Алақай батыр қараңғы түскенін күтеді де күзет бөлмесіндегі қарумен құралданып, Шәмсінұрды патшаның жүйрік атына мінгізіп алып қашады. Гузал таң атқанша Алақай батырды күтіп, шыдамы таусылған соң, оның жататын жеріне келіп, Алақай батырды таба алмайды. Жүгіріп қораға барса жүйрік аты да, арнайы бөлмедегі қарулар да жоқ. Сонда ғана өзінің алданғанына, батырдың қашып кеткеніне көз жеткізеді де шашын жұлып шыңғырады. Қарауылдар жүгіріп келгенде, түнде қыпшақтар шабуыл жасап, Алақай батырды да, қару-жарақты да, жүйрік атты да алып кетті деп ақтала бастайды.
Қызылбастың әскерлері жиналып, қыпшақтардың артынан қуады. Бірнеше сағаттан кейін жаудың қарасы көрінген соң Алақай батыр Шәмсінұрды аттан түсіріп, өзі олжа етіп алған қылыш және найзалармен қызылбастарға қарсы шауып, бірнеше сағаттық шайқаста жараланса да жеңіп шығып, Шәмсінұрды үйіне әкеледі (мүмкін, қазақтардағы қыз алып қашу дәстүрі лақайлардың атасы – Алақай батырдан басталатын шығар – авт.).
Пазылшах Қырым соғы­сынан же­ңіліп, басы иіліп, еліне қайтып келсе, қыпшақ тұтқынның өз қызын, жүйрік атын және қос қаруын алып қашқанын естиді. Мұндай масқаралыққа шыдай алмай, әскер жинап, тағы да жо­рық­қа аттанады. Бұл хабар қыпшақ еліне жетеді. Алақай батыр қыпшақтардың ханымен кездесіп, бұл соғыстың себебі өзі екенін, сон­дық­тан қанды шайқасқа алдымен өзі шығатынын айтады. Пазылшах бірнеше күн жүріп жетеді. Бұл кезде қыпшақтың сарбаздары мен батырлары да жиналып, дайын тұрады. Алақай батыр майданға шығып, Пазылшахқа енді өзінің қайынатасы екенін, қызы оның қолында отырғанын, туысқандық байланыс орнату керектігін айтып, жаудың бүкіл әскерін үйіне қонаққа шақырады. Пазылшах бұл ұсынысты қабылдамайды. Соғысатынын айтып, ортаға өз батырын шақырады. Қыпшақтардан Алақай ортаға шы­ғып, жаудың батырын жеңеді. Нәтижеде екі арада қантөгіс шай­қас басталады да, қызылбастар қып­­шақ­­­­тардан жеңіле бастайды. Қып­шақ­тар соғысты тоқтатып, тағы да туысқан болғандарын ескертіп қо­наққа шақырады. Жеңілген Пазыл­шах ұсынысты қабылдаудан бас­қа шарасы қалмайды. Алақайдың үйіне келіп қызымен көріседі. Бір­неше күндік сый-сияпаттан кейін Ала­қайдың басшылығында қыпшақ батырлары да Пазылшахты қорғап, қызылбастардың еліне барады. Ол жерде де үлкен дастарқан жайылып, сияпат болып, екі ел тыныштықта өмір сүруге кіріседі.
XVII-XVIII ғасырлардан бас­тап лақайлар Жиделi Байсын, яғни Оңтүстік Бұхара маңын мекендеді. Қазақ елінде бұл кезеңде жоңғарлар мен қалмақтардың басқыншылығына қарсы елді біріктірген Қараменде би деген әулие болған. Қазіргі Тәжікстанның астанасы Душанбе қа­ласынан 20 шақырым жерде ла­қайлар тұратын үлкен Қараменде, Алматы ауылдарының екі жарым ғасырдан бері бар екені лақайлардың қазақтармен этногенетикалық жа­қын­дығын айқындай түседі.
1920 жылдың қыркүйегінде Бұхара әмірлігі құлатылды. Енді қа­зіргі Тәжікстан аума­ғының бір бө­лігі шығыс Бұхара округі деп ата­лып, оның құрамында Душанбе, Қор­ғантөбе, Кулаб және Ғарм облыстары құрылды. Сонымен қатар, Душанбе облысының құрамындағы ауылдар Лақай, Жаңабазар, Ға­зымәлік, Ябан, Хисар және Файызабат аудандары құрамына біріктірілді. 1924 жылы Кеңес өкіметінің әкім­ші­лік-аумақтық шекаралау саяса­ты нәтижесінде Өзбекстанның құ­ра­мында Тәжікстан автономиялы рес­публикасы құрылған соң, 1927 жылы бұрын өмірге келген аудандар одан сайын кеңейтіліп, қазіргі Рудаки, Ябан, Қорасан, Варзоб ау­дандарын біріктіретін лақай-тәжік ауданы құрылған болатын. Сол ауданда Қараменде ауылдық кеңесі белгіленеді де, ол құрамына Кавки, Жермешіт, Қызылқыстақ, Қорқұдық, Пахрабат, Борбұлақ, Хораз, Қышылы, Күрдексай, Мыр­зағұлабат, Түйешіабат, Еш­ме, Шар-шар, Тасбұлақ, Кішімерген, Оразбай, Ақбас, Күнтуабат, Өзденабат, Ақса­рыабат, Қараменде және Алматы сынды ондаған ауыл­дарды қамтыды. 1959 жы­лы орталықтандыру оң­түс­тік Тәжікстан, яғни Вахш аңға­ры­на көшірілді. Қараменде ауыл­дық кеңесінің тұрғындары азайған соң, оны басқа ауылдармен қосып, Даханакиік ауылдық кеңесі деп атай бастады», делінген 2007 жылы Ду­шан­беде жарық көрген Қ.Ахмедовтің ең­бегінде. Сөйтіп, Қараменде деген ат ресми шеңберлерде өшіріліп, тек халықтың тарихи жадында ға­на қалды. Қараменде бидің қа­бі­рі Қазақ­станның Қарағанды облы­сы Ақтоғай ауданында 1992 жылы қайта қал­пына келтіріліп, 2012 жылдың қыр­күйегінде Балқаш қаласында үлкен ескерткіштің орнатылғаны осы тарихи тұлғаның халқымыздың этноәлеуметтік және мәдени даму­ын­дағы орнын көрсетеді. Қазіргі Тәжікстанда жасайтын лақай елінің мақсаты – Қараменде ауылында Ақтоғайдағы атамыздың қабірінен топырақ ала барып, әулиенің қасиетті қабірін тіктеп, оған ескерткіш орнату. Бұл ондағы елдің рухани кемелденуінде өте маңызды болып тұр.
Сонымен, лақайлардың қазақ­тар­мен туыстық, тарихи байланыстарын дәлелдей түсетін жағдай осы Қараменде би. Қараменде деген ауыл қазір Фахрабад деп өзгергенімен, лақайларда бүгінге дейін бар. Демек, бұл ауыл тұрғындары Қара­мен­де бидің ұрпақтары болып, өз ата­ла­ры­ның құрметі үшін жерді сол кісінің атымен атаған.
Екі халықты жақындата түсетін тағы бір жағдай: лақайдың үлкен руы Есенқожа деп аталады. Шымкент маңындағы Сайрамда Есенқожа, яғни Қазы Байзабидің кесенесі бар. Оның төменгі бөлігінде Көктас деген ауыл жатыр. Лақайлардың Есенқожа руы орналасқан Душанбе қаласынан 10 шақырым қашықтықта Көктас ауылы болған. Қазір Саманиян деп аталады. Бұдан тыс Сай­рамдағы Көктастан 20 шақырым қа­шық­тық­та Сұлтанрабат ауы­лы бар екен. Душанбедегі Көктастан да дәл осын­дай қашықтықта Сұлтанабад ауылы қоныс тепкен. Біздіңше, бұлар ке­з­дейсоқ жағдай емес. Ол бір кез­дер­дегі осы халықтарға қатысты өткен тарихи оқи­ғалардың дәлелі болуы мүм­кін.
XVIII-XIX ғасырларда аймақтағы лақайлардың абы­рой-беделі артып, ірі жайлау­лар соларға қарасты болады. Олардың асыл тұқымды жылқылары мен ғиссарлық қойлары тарихи даму барысында Мауароуннаһр өңірінің мал шаруашылығында жетек­ші орынға шыққан.
Бүгінгі күндері таулы ауылдар­да әйелдер еркектермен қатар атқа мінеді. Бұл құбылыс, әрине, ла­қай­лардың Қамбар ата түлігіне деген қы­зы­ғушылығын байқатады. Лақайлар­да жылқы шаруа­шылығы дамыған. Жетпісінші жылдарға дейін қымыз өнді­рісі болды. Екі халық бір-бірі­мен қыз алысып, қыз берісіп, мың жылдық құдан­далы сыйластықта өмір сүрді.
Төңкеріске дейін лақайлар түркі құрамдас бөліктерінің бірі ретінде Бұхара әмірлігінің өмірінде белгілі бір орын алып, өзіндік мәртебеге жет­­к­ен. Олар негізінен мал ша­руа­шылығымен айна­лыс­қан. Көкпар тартуда даңқы шығып, лақай деп аталатын асыл тұқымды жылқыларды өсіріп, тәуелсіз де еркін өмір сүрген.
XX ғасырдың 20-30-жылдарында лақайлар да ұлт-азаттық қоз­ға­лыс­қа ел қор­ғанышы ретінде қаты­нас­қан. Сон­дықтан да бұрынғы ке­ңес заманында, басқа этностық топ­тар сияқты, лақайлар да қуғын-сүргін саясатының бас­ты нысанына айналған.
Лақайлардың 1921-1931 жыл­дар­дағы большевиктерге қарсы көтерілісіне басшылық жа­саған – Мұхаммед Ыбырай­ым­бек. «Ол ал­ғаш­қы­да өз айна­ласына төрт мыңға жуық адам жинаған болса, 1921 жылғы желтоқсан айына таман оған бағынышты әскер­лер­дің саны он мыңға жетті». «Ыбырайымбек қысқа уақытта 10 000-нан астам әскер жинап, Колап, Балжуан, Қаратегін, Дарбаз, Хиссар облыстарын қызыл әскерлерден босатты» деген деректер бар. 1984 жылы Ташкентте жарық көрген «Басмачество: социально-политическая сущность» деген кітапта.
Жалпы алғанда, 1926 жыл­дың жазғы шағына дейін Ыбы­райымбек Байсын, Денау, Хиссар, Қорғантөбе, Даңғара, Қызылмазар, Жарыпкөл, Колап, Балжуан аймақтарында со­ғыстар жүргізіп, ірі жеңіс­тер­ге қол жет­­кізеді. Бірақ большевиктердің сан жағынан да, соғыс техникасы жағынан да басым болғандығынан 1926 жылы жазда Ауғанстанға ауып кетеді. 1929 жылдың көктемінде билік басына Омонулланың орнына Бачаи Сақо келген соң, Ыбыра­й­ым­бек Ауғанстанның сол­түстік бө­лігіне көшіп, әуелі Бачаи Сақоның би­лігін нығайту үшін күреске кірі­седі. Ал кейінірек сол­түстіктегі түрік­мендердің пірі – ишан Ха­лифа­мен бірлесіп, түркілердің өкімет билігін орнатуға атсалысады. Осы уақыт­қа таман ауғандар билігі Нәдір шахтың қолына өткен еді. Нәдір шах Ұлыбританиядан жәрдем алған­да, Ыбырайымбектің әскерлері Әмудария­ның Тәжікстанмен шек­тес тұсына шегіне бастайды. Нә­тижесінде, 1931 жылдың көк­те­мінде ол кеңес жерлеріне өтіп, боль­ше­вик­тер­ге тұтқынға беріледі. Со­ңыра оны Душанбеден Ташкентке алып келіп, бір жыл бойы тергеуге са­л­ған соң, 1932 жылғы тамыз айында Өзбекстан астанасында атып өлтіреді.
Лақайлардың өзгеше бір әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері бар. Олардың қыздарының қолынан шық­қан тігін макрамесі, жүк шары­ғыш, айна-қалталар және соларға ұқсас басқа да ұлттық мәдениет үлгілері тек қана Орталық Азия, ТМД елдерінде ғана емес, тіпті Батыс Еуропадағы этно­графиялық мұражайлардың көр­кіне көрік қосып отыр. Әсіресе, ла­­қай­­лардың тігін жапқыштары мен кестелі тақиялары ұлттық мәде­ниет­тің өзгеше бір үлгілері болып көзге түседі. Лақайлардың әдет-ғұ­рыптары мен салт-дәстүрлері, бұл халық­тың қайталанбас ауыз әдебиеті мен диалектісі тұрақты ғылыми зерттеуді керек етеді.

Нәсіреддин НАЗАРОВ,
саяси ғылымдар докторы, Ташкенттегі Камалиддин
Беҳзад атындағы сурет және дизайн институтының профессоры
"Егемен Қазақстан" газеті

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста