Қазақ ханы Жәнібек туралы не білеміз?

Енді Жәнібек хан орыс жерінде өлмесе, онда қайда жерленген: Сарайшық, Сығанақ, әлде басқа жерде ме? Бұл жайында да нақты байлам болмай тұр. Мысалы С.Кляшторный мен Т.Сұлтанов «Для суждения о време­ни смерти Джанибек-хана и о том, был ли он, один из основателей Казахского ханства,самостоятельным правителем, могут быть привлеченены­ из-за отсутствия прямых указа­ний в источниках лишь косевенные данные», - деп жазады («Казахстан лето­пис­ь трех тысячелетий», Алматы, 1992 год, стр. 242).

С.Кляшторный мен Т.Сұлтановтың зерттеу еңбектерінде Жәнібектің қай уақытта өлгені көрсетілмейді. Олар тіпті Жәнібектің қазақ ханы бол­ғанына күмән келтіреді. Ал С.Кляшторный мен Т.Сұлтановтың жазғандарына М.Тынышбайұлы қарама-қай­шы пікір айтып кеткен. Мысалы былай деп: «8. Казахские ханы ханствовали в такой последовательности: 1) Джанибек (1456-1477); 2) Касым (род. 1448 г., умер в 1523 г.); 3) Мамыш (1524); 4) Таир (1592); 5) Бойдас (1582); 6) Тогым (1537); 7) Ак-Назар (1537-1570); 8) Сыгай (1582); 9) Тауе­кел (1582-1598); 10) Есым (1598-1643); 11) Джангыр (1643-1680); 12) Тауке (1680-1717); 13) Болат­ (1717-1730); 14) Абульмамбет (1730-1771); 15) Абылай (род. -1711, умер-1781) (Великие бедствия... (Ақтабан-шұбырынды) – Алма-Ата, 1992. стр.96)
М.Тынышбайұлы Керей ханды жазбайды. Сонымен тарихи айналымдағы жазылғандай, бірінші Қазақ ханы Керей хан болған дегенге сенуге бола ма?
Ал, М.Тынышбайұлының жазғанына қарама-қарсы пікірді Мұхтар Мағауин жазады: «Когда образовалась Казахская Орда, на белой кошме­ сначала был поднят и объявлен ханом старший по возрасту Керей. Точный год его смерти неизвестен, но после него ханский трон переходит к Жанибеку. ...Азь-Жанибек - не толь­ко­ великий хан, объединивший казахский народ и укрепивший Орду, но родоначальник славной, элитарной династи казахских правителей...
Столицей Казахской Орды был святой­  Туркистан, где стоит мавзолей Азрет-Султан (Ходжа Ахмета Яссави)­ – центр поклонения тюркского мира.
1456-1470 гг. приблизительно годы правления Керей-хана.
1471-1480 гг. примерно годы правления Жанибек-хана»
(Мухтар Магауин. Азбука казахской истории. – Алматы, 1997. стр. 15, 16, 205)
Жоғарғыда жазғандарымды сараптасам, тарихшылардың арасында ортақ бір пікір жоқ. Тарихты тазартып өшірудің немесе әдемілеп өңдеп, саясаттың ыңғайына қарай жазудың қажетті шамалы. Кешегі КСРО-ның кезіндегі саясатты басқарып отырған идеологтарға солай жазылған тарих керек болған шығар... Б.Қойшыбаев осы туралы былай деп жазады: «Бізге тарихи тұлғалардың шуақты істерімен қатар, көлеңкелі тірліктерін де ашып қараған жөн. Бұндай әрекет оларды тарих қойған тұғырынан тайдырмайды, бейнелерін еш кішірейтпейді. Есесіне, олардың кескін-келбетіндегі барша көмескілікті жойып, толық адам ретінде тануға мүмкіндік береді. Бізге шын тарихтан толымды да жан-жақты сабақ алуға жәрдем­деседі».
Шындығында солай емес пе?
Қазақ ханы Жәнібектің өлімі туралы:­
С.Кляшторный мен Т.Сұлтанов Керей­ мен Жәнібектің өлімі туралы: «Когда, где и при каких обстоятельствах скончались Гирей /Керей/ и Джанибек источниках умалчивают», - деп жазады. (Казахстан летопись трех тысячелетий – Алма-Ата, 1992. стр. 241). Енді ҚСЭ-нан бастап, басқа да кітаптарда не жазғанын көрейік.
1) Қазақ Совет Энциклопедиясында: «Жәнібек хан (Әбу Саид деген атпен белгілі, туған, өлген жылдары белгісіз) – қазақ хандығының негізін салушылардың бірі, Барақ ханның бала­сы, 15-ғасырда өмір сүрген, 15- ғасырдың 50 жылдарына дейінгі өмірі мен қызметі туралы нақты деректер жоқ. 1456 жылы Жәнібек хан мен Керей хан өздерін қолдайтын рулармен бірге Өзбек ұлысынан Моғолстанға қоныс аударады. ...Оның есімі (Жәнібектің) тарихи мәліметтерде соңғы рет 1473 жылы кездеседі. Ел арасында сақталған аңыз-жырларда Жәнібек ханды «Әз-Жәнібек» деп те атайды»,- деп ресми басылымдарда осылай жазылып келді (IV том, -Алма­ты, 1974. 350-б)
2) Ілияс Есенберлин «Көшпенділер» трилогиясының «Алмас қылыш» атты тарихи романында қазақ ханы Жәні­бектің қалай өлгені туралы: «Екі жақ Сауран мен Яссының ортасындағы кең жазық далада кездесті. Бұ жолы ешкім де жекпе-жекке шықпады. Жәнібек бастаған қалың әскер екінді* кезінде Мұхамед-Шайбанидың шебі­не ат қойды. ...Әбілқайыр Ордасының ойлағаны хан Жәнібекті құрту еді. Бетпе-бет кеп, тұра қашқан бір топ әскерді қуа түскен Жәнібек пен Саян кенет өздерінің Мұхамед-Шайбани мен Ақсофы батыр басқарған Қосшы омағаның ер жүрек он сан жауы­нгерлерінің ортасына қалай түскендерін білмей қалды. Алпыстан асқан Жәнібек қанша айбын көрсеткенімен, Мұхамед-Шайбанидың қасындағы алып күшті жас батырға қарсы тұра алмады. Бетпе-бет келіп қалғанда, ананың қос қолдап ұрған шоқпарының салмағымен омырт­қасы үзіліп, ат-матымен жер құша омақата құлады. Осы кезде сәл соңынан келе жатқан батыр Саянның да жігіттері жолындағы жау шебін қамыстай бытырлатып, жетіп үлгірді. ...Ханы өлген қазақ әскері жауының соңынан қумады. Жәнібектің денесін ақ киізге­ орап, ақ түйеге артып, екінші баласы Махмұт билеп тұрған Созаққа бетте­ді. ...Әбілқайыр жат­қан Жуантөбеде­гі көк күмбезді мазардың жанында тағы бір салтанатты алтын айлы мазар­ пайда болды. Тірі жүргендерінде бүкіл Дәшті Қыпшақтың кең даласына сыймаған қос тарлан, енді он шаршы құлаш жерге қатарласа көмілді. Өмір татуластыра алмаған екі ханды, енді өлім татуластырды»,-деп осылай суреттеп жазады. Кітап тарихи-роман болғанымен, Жәнібек ханның өлімін қандай тарихи құжаттар­ға сүйеніп жазған­ын көрсетпеген.
Екінді*- күн батар алдындағы уақыт, жазды күні сағат жетінің ша­ма­сы.­ Бесін намазынан кейінгі оқы­латын намаздың уақыты.
3) Зайыр Сәдібекұлы Қаражанидың «Ұрпақтар ұғымында» атты зерттеу кітабының халық шежіресі аңызынан: «Жәнібек ханның бойжеткен жалғ­ыз қызы болады. Ол Ізбике бәйбішенің үйіне келіп киім тіктіріп жүргенде, Ойсыл биі Арыстан батырдың Бораш мырза деген ақ жарқын, ер жүрек баласымен кездесіп қалады. Екі жас бірін-бірі ұнатады. Арада біраз уақыт өткенде хан қызының аяғы ауыр екені байқалады. Ел арасындағы суық сөз хан құлағына да жетеді. Ол қараның хан қызына қол артуын намыс көріп, қатты ашуланады да ...Ойсыл балаларын жазалауды ойлайды.
Той жасап, Ойсылдың балаларын түгелдей қонаққа шақырады. Оларға арнайы тоқсан үй тіктіріп, есіктерін бір жақтан шығарып қояды.
Қонақтар үйге кіріп жайғасып бол­ған соң, сөреге байлаған аттарының мінер жағындағы үзеңгі бауларын қидырып, тартпаларын босат­тырып тастайды.
Сосын олар ас-суын ішіп, жайбарақат отырған кезде, «жау келіп қал­ды, аттан!» деп айқай шығарады. Ойсыл­ балалары ішіп-жеп отырған тамақтарын тастап, есікке қарай ұмтылысады.
Далаға шыға бергендерінде, қараң­ғыда есік алдында дайын тұрған жендеттер бір-бірлеп найзамен түй­реп, айбалтамен шауып өлтіре береді..­.
Хан көп сарбаздарын жіберіп, олардың ауылында қалған еркек кіндіктерді кәрі-жас демей түгел өлтіреді... Сондағы қырғын орны «Өлікті» деп аталып кетеді... Жауға қарсы жорыққа аттанып кеткен Ойсылдың Арыстан батыр деген биі мен ханның Туын ұстаушы тубегі Тұрымбет батыр екеуі тойға келе алмай аман қалған еді. Хабар­ды естіп ауылына келген олар Дулат­ пен Алшыннан қол жинап алып, Жайыққа кеткен Жәнібек ханның соңын­ан қуып барып, оны өлтіреді» (Оңтүстік Қазақстан Шежіре қоры. 2010 жыл, 127,128-б)
«Ойсыл қырғыны» шамаман 1475 жылы көктем мезгілінде болған болуы керек деп жазады (Сонда 64-б)
4) Мұхамеджан Тынышбайұлының «Великие бедствия...» (Ақтабан-шұбырынды) кітабынан: «В 1476 году Крымом управлял сын Ахмеда, а в 1477 году –Джанибек-хан. Гаммер считает, что этот Джанибек – бывший казахский хан; с этим Вельяминов-Зернов не соглашается, между тем как по преданиям, хорошо сохранившимся в Младшей Орде («Джанибек и Асан-Кайгы»), Джанибек-хан одно время жил в Астрахани. Ахмед золотоордынскому, разумеется, не хотелось держать вблизи себя этого удельного хана и влиятельного сородича, и мог послать в Крым под благовидным предлогом предоставления ему Крымского ханства; к тому же Ахмед избавиться и от непо­корного, беспокойного вассала Менли-Гирея. Из приведенных Вельяминовым-Зерновым справок видно, что Джанибек прибыл в Крым в 1475 году, а около 1480 года переехал в Россию к вел. кн. Ивану III Васильевичу и умер в Ковно*. (Алма-Ата, 1992 стр. 58)
Ковно*- Литва, Каунас қаласының маңындағы көне қорған.
Автор түсініктемесі: Орыс ханнан>Құйыршық>Барақ хан. Одан үш ұл, бір қыз туады: 1) Мир-Сайид 2) Мир Касим 3) Абу (Бу)-Саид, «которого называют и Джанибеком», қызының аты - Саадат-бек.
Барақ ханның өлімі туралы: «По словам И.Шильтбергера, современика Барак-хана, этот внук Урус-хана погиб в Дешт-и Кипчаке в борьбе с Улуг-Мухаммадом*. Барак-хан был убит в 831/1427-1428 гг.»,- деп жазады (Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан летопись трех тысячелетий – Алма-Ата, 1992. стр.209)
Улуг –Мухаммад* /Ұлығ-Мұхаммед/ - Тоқай-Темір нәсілінен шыққан Алтын Орда ханы (1420-1446 жж). Тоқтамыс, Едіге, Тоқтамыстың баласы Қадырберді­ден кейін Алтын Орда­ға хан болады. 1445 жылы Суздаль қаласының маңында Мәс­кеудің ұлы князы Василий II «Темный» (1415-1462 жж), Дмитрий­ Донскойдың немересі, Қазан ханы Ұлығ-Мұхаммедпен бол­ған соғыста жеңіліп, өзі тұт­қынға түсіп қалады. Аман қалу үшін 200 мың рубль төлеп, Мещерск аумағын Қазан хандығының қарамағына берген.
«Бала - атадан кем туады» деген осы ғой. Мәскеудің «Ұлы» княздарының сүйегіне таңба түсіріп, атасы Дмитрий Донской сияқты Мамайды «жеңгендей» жеңе алмай, қайдағы қысық көз моғолдан шыққан «батыр­ға» тірілей қолға түскені мас­қара ғой.
1452 жылы Ұлығ-Мұхаммедтің балас­ы Қасым бірінші хан болып таққа отырады. Тарихқа «Қасым хандығы» деген атпен енді. Қазіргі Рязань облысы Ока өзенінің бойында орналасқан, астанасы Қасым қаласы.
М.Тынышбайұлы Барақ ханды Орыс ханың шөбересі Кіші-Мұхаммед өлті­реді дейді. «В это время Барак владел восточной частью Золотой Орды, около 1425 года завладел и сарайским прес­толом, в 1428 году погиб в борьбе с другим претендентомКичи-Мухамедом*, праправнуком того же Орус-хана» (Вели­кие бедствия (Ақтабан-Шұбырынды) –Алма-Ата, 1992. стр. 56, 57).
Кичи-Мухамед* /Кіші-Мұхаммед/ - Орыс ханның шөбересі. Жәнібектің Қырым ханы болуына көмектесетін Кіші-Мұхаммедтің баласы, Үлкен Орданың ханы Ахмет хан.
Бұл арада ақылға симайтын бір жағдай, Ахмет ханның әкесі Кіші-Мұхаммед, Жәнібек ханның әкесін Барақ ханды өлтіреді. Ал, Ахмет хан Жәнібекті Қырым ханы етіп қояды. Кек қайда?
С.Кляшторный мен Т.Сұлтанов Барақ ханды өлтіретін Ұлығ-Мұхаммед деп жазса, ал М.Тынышбайұлы Барақты өлтіретін Кіші-Мұхаммед деп жазады. Бұл екеуі екі адам. Сонымен Барақ ханды өлтіретін кім? Ортақ бір пікір жоқ.
5) XV  ғасырдың ортасында жазыл­ған­ Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян» кітабынан: «Былтыр Жиренше шешен науқастанып, сырқатына шипа ем дарым зәруатын дарымдап, сауыққан соң ой тапсырғы айтып, қайтқалы жатқанымда, Жиренше шешенге хан Әз Жәнібек тақай­ шақырғыш жасауылын жіберіп, шешен­ді шақыртыпты. Жиренше:  - Сен қайда бармақсың, бірге жүр, егіз­деп барайық, -деген соң, мен оған ілесіп Ақордаға* барсам, Жәнібек хан тағында уәзірлерімен шенді-шекпенділері екіге жарылып, ортасын бос тас­тап отырыпты...
- Бізде қараүзген шипагер бар ма?-деп сұрады Жиреншеден. Жиренше:
- Тақсыр, өзі білгі алдыңызда, біл­месеңіз қарызыңызда тұр,- деді. Хан аз-кем бөгеліп:
- Ол кім? - деді. Жиренше мені сұқ қолымен нұсқап көрсете тұрып:
- Мұның сүйегі ұлы жүз, Зарман, Зарман ішінде Албан. Лұхман хакімнен тәлім алған. Аты Өтейбойдақ, шипагерлікпен өтерден мормахы әліжан,-деді. Менің төбем көкке жеткендей болды...
Осы кезде хан кенет сол қол көз құлақ уәзірі Жарманадан:
- Сенің алғыншың қанша ата арала­ған?- деп сұрады. Жармана:
- Аллажар тақсыр! Туған жиенім еді. Қараүзген шипагер Өтекеңнің мына сөзі менің шығуыма сығу бол­ғандай дәл тиіп, жығып отыр. Өте жақын­ қандастан алғыншы алғаныма өкініп отырғанымды, тақсыр, сіз қалай біліп қойғаныңызға маған таңғалмақ уәжіп болмағы шарт,- деп, қол қусырғы езгі тағызым жаса.
Хан болмашы жымиды да:
- Сенен бала тумаған еді. Мен Өтейбойдақтың шипагерлікте қара­үзген-үзбегендігінен айқын ұғыныс таппағым үшін, сен есіме түсіп қарасам, өңің бұзылып, уайым басқан әлпет байқадым. Содан сұрағаным еді,-деді. Жармана өкіріп құлап түсті.
Жарлығым: Жармана, жылауыңды тоқтатпағың шарт. Әлі көретін қызығың бар, кім екі алғыншы алмай жатыр. Алыс қанды бір елден тағы бір алғыншы алмағың жарақ....
- Шижаламағыштар қайда?- деді дауыстап.
Екі шижаламағыштар еніп келіп, шижаламағыштар орындарына отырысты. Хан етектеуіш жарлығын шижал­амағыштарға нақтап, дақтап шижаламалатты.
Ақорда ханы Жәнібек Әздің жарлығы.
Күллі алаш ұранды қазақ қараша бұхараларымның өздерінің және ұрпағының мінсіз бітістік болмағы шарты үшін:
Ауыз. Жат төселмелік жат ниет, бәт қылық бүгіннен бастап тыйым болмағы шарт жарағы.
Көз. Жеті атадан ілгері қыз алысқан­дар бүгіннен бастап болмауы шарт жара­ғы. Әгәр олай болса, болғанына көз жетсе,­ жұбайларды тең бас қылыштамақ шарт... (Авт. - қысқартылып берілді).
Өнгер, үлгіңді титтей қалдырмай, жасырып жаппай, бүкпесіз, толық, ашық жазып шық. Болған соң ордаға келіп, жеке өзіме оқып бер, қазынада сақтатамын. Қасырқағаңа қарай сыйыңды алып, мәртебеңді иелейсің, - деді. Мен хан жарлығын қасиеттей, «хұп» деп, езгі тағзым жаса.
Ордадан оңаша, арнаулы сыйла­сар­дан жайлы орын бергесін, миыма тоқығаным мен қайта еске жазғандарымды, ойға жиғандарымды жазуға кірістім.
Қуанышым өте ерте болған екен. Сол түні ғақбытлы хан Темір* ойда жоқта қандауыш қырғы бастады да, хан Жәнібек жан жаһанам тұлға қандықыр болды. Мен жан сауғалап, бас аманда дестірді көтере босқындармен бірге Ақорда­дан қашып, әрең құтылып, «ес бар ел табар» деп туған мекеніме тартым. Ағбытқан Темір алладан торығар. «Баяжаннан бал тамбас, кізінеу қайдан тұр­ғызар» деген осы-ақ шығар нақ...» - деп жазады («Шипагерлік баян». – Алматы­, 1996. 37, 42, 43, 44-б)
Ақорда*- Сығанақ. Қазақ хандығының бірінші астанасы. Қызылорда облы­сы, Жаңақорған ауданының Сунақ Ата ауылының жанында. Өтейбойдақ: «Былтыр Сырдария бойында суға кеткен­ бір адамның қатыны күйеуінің сүйегін көргеннен-ақ мелшиіп, ұйқы көрмей , не жатпай ...мылқимаға тап болып­ты. Мен барғанда, алты күн болған екен»,-деп жазуына қарағанда Ақ­орда деп отырғаны Сығанақ қаласы, Сыр бойынан 10 шақырымдай жерде орналасқан. (Сонда 66-б)
Темір хан* - Авт. кім екені белгісіз, зерттеуді қажет етеді.
Автор түсініктемесі. Кітаптағы сөздер еш өзгертілмей берілді, орта ғасырда қазақ тілі осылай айтылған болуы­ керек, көптеген сөз біздің осы замандағы сөздерімізге келмейді. Кітаптың соңында көне сөздердің баламасы берілген (Сонда 437-463-б)
Сонымен, қолдағы зерттелген шығармаларда бес болжам түрінде, Жәні­бек ханның өлімі жайында жазады. Осы авторлардың ішінде Жәнібек ханның көзін көрген, онымен тілдескен Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагерлік баян»*кітабында жазылған оқиға шындыққа жанасатын сияқты. Жәнібекті Әз Жәнібек десе, Жиренше шешен Жәні­бектің замандасы, әрі ақылшысы ретін­де көрсетіледі. Сонымен бірге «Шипагерлік баян» Жәнібектің тікелей жарлығымен жазылады. Өтейбойдақтың Жәнібекті Ақ Орда ханы деп, жеті атаға дейін жастардың үйленбеуіне жарлық шығаруы және Жәнібек ханың соңғы сағатта­рында қасында болуы, оны кім­нің өлтіргені туралы бұрын-соңды қазақ тарихында жазылмаған.
Шапырашты Қазыбек бек Тауасар­ұлы – XVIII ғасырда өмір сүрген, артында қалдырған үлкен мұра «Түп-тұқияннан өзіме шейін» атты кітабын кезінде тарихшылар бірден қабылдамағанын да білеміз. Баспа беттерінде кітаптың шынайы жазылғанына сенімсіздік білдіріп, «ғылыми экспертизадан өткізіп, анықтаған да ешкім жоқ» деп дау-дамай туған.­
Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының XV ғасырдың соңғы ширегінде Қазақ ханы Әз Жәнібектің жарлығымен жазылған «Шипагерлік баян» кітабын (шамамен 1466-1467 жылдардан бастап жазып, 1473-1474 жылдары шамасында алғаш­қы нұс­қасын аяқтаған) Жәнібек ханға енді тапсырамын дегенде, Сығанаққа жаудың (Темір хан) тұтқиыл шабуылынан Жәні­бек хан қаза табады. Шипагер ғалым Ақордадан қашып, еліне кетеді. Кітап 1994 жылы араб әрпімен Үрім­шіде (ҚХР) басылып шыққан. Кейін егемендік алғаннан кейін 1996 жылы арабшадан аударылып, қазақ оқырмандарының қолына тиген. «Шипагерлік баян» ғылыми сараптамадан өтті ме, ол жағы маған(авторға) беймәлім. Ал, ғылыми сараптамадан өткен жағдайда, Қазақ хандығы туралы­ шығармалардың ең көнесі болып табылар еді. Себебі Мұхаммед Қайдар Дулатидың «Тарих-и Рашиди» (1546), Әбілғазы-Баһа­дур ханның «Түрік шежіресі» (1664), Қадыр­ғали Жалайырдың «Жылнамалар жинағы» (1602), Өтеміс Қажының «Шың­ғыс-наме» кітабы XVI ғасырдың бірінші жартысында жазылған. Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының «Шипагер­лік баяны» 1466-1467 жылдары жазыл­ған, Қайдар Дулатидың «Тарих-и Рашиди» шығармасынан жүз жылға жуық бұрын жазылған болып есептеледі.
Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының жазуы­нша, Әз Жәнібек шамаман 1473-1474 жылдардың шамасында Ақорданың астанасы Сығанақ қаласында жау қолынан қаза табады. Қайда жерленгені туралы мәлімет жоқ. Соған қарағанда Ақорданың астанасы Сығанақ қаласының маңындағы қорымдардың біріне жерленген болуы мүмкін.
Қорыта айтқанда, Мұхамеджан Тынышбайұлының «Қазақ халқының тарихына қатысты материалдар» атты еңбегіндегі Қазақ ханы Жәнібектің орыс жерінде көз жұмып, сол жақта жерленді деп жазғаны шындыққа қайшы келеді деп өз ойымды білдіремін. Тарихшылар, жазушылар әлі де Жәнібек ханның өмірі туралы зерттесе, мүмкін, маған кездеспеген Жәнібек хан жайында жа­зыл­ған басқа да құжаттар табылар. Заман бір орнында тұрған жоқ, келешекте­ Жәнібек хан туралы зерттеймін деген жас буын зерттеушілерге менің жазған мақалам бағыт берер, септігі тиер.

www.halyk-gazeti.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста