Қазақ әлі де баласы орысша білім алмаса, лауазымды қызметке тұра алмайды деп ойлайды

Кейде қаладағы аулада ойнап жүрген бүлдіршіндердің бір-бірімен орысша сөйлесіп жатқанын көріп ойланамын. Яғни олар – орыстілді балабақшада, орыс мектебінде білім алып, тәрбиеленіп жүргендер.

 

Кеңес дәуірінде қаладағы қазақ баласын өз ана тілінде оқытуға мүмкіндік болмағаны есіме түседі. Ал еліміз тәуелсіздік алғасын қазақ мектептері көптеп ашылды, балалардың өз ана тілінде білім алуына жағдай жасалды. Алайда қазір де қалалардағы, аудан орталықтарындағы орыс мектептерінде қазақ балалары оқып жүр.

 

Мысалы, Шымкент қаласындағы №38 гуманитарлық мектеп-гимназиясындағы орыс тілінде оқытатын сыныптардағылардың көбісі қазақ балалары. Қаланың «Қайтпас», «Самал», «Қайнарбұлақ», «Айқап» шағын аудандарынан келіп оқып жүр. «Тұрған жеріңізде қазақ мектебі бар ғой. Баланы неге мұнда жетектеп әкеліп оқытып жүрсіз?» – деп сұрағанымызда ата-анадан: «Қазақ мектептері нашар оқытады», – деген жауап алдық.

 

Ал шын мәнісінде қазақ мектебінің оқыту базасы, жаңа технологиялармен қамтылуы, мұғалімдердің білім деңгейі орыс мектебіндегіден кем емес. Сонда да кейбір ата-аналар «орысша білім алмаса бала күнін көре алмайды, нанын тауып жей алмайды, қызметке тұра алмайды» деген теріс ұғымнан әлі арыла алмай келеміз. Себебі осы күнге дейін ірі зауыт-фабрикаларда, компанияларда, фирмаларда, банктерде, қаржы және медицина секілді салаларда іс қағаздары орыс тілінде жүргізіліп келеді. Техникалық, медициналық оқу орындарында дәріс орыс тілінде оқытылады. Оқулықтар, әдістемелік құралдар, ғылыми әдебиеттер орыс тілінде жазылған. Осыны көріп-біліп отырған ата-ана баласының болашағына алаңдап, орыс мектебінде оқытады.

 

«Кезінде Мақтаарал ауданының орталығы Славянка (қазіргі Мырзакент) селосында бірде-бір қазақ мектебі болмаған соң ата-анам мені орыс мектебіне берді. Сөйтіп ұлтымыздың бай құндылықтарынан, ана тілінің қайнар бұлағынан, әдебиетінен сусындай алмадым. Ал қазір қазақ мектебі ашылса да қандас­тарымыз баласын орыс сыныбына оқытып жүр. Осыған қарным ашады», – деп өкінеді бүгінде Шымкент қаласының тұрғыны, құрылыс саласының инженері болған зейнеткер Талғат Бисенбаев.

 

Дана Абай «Интернатта оқып жүр талай қазақ баласы» деген өлеңінде өзі өмір сүрген кезеңдегі қазақтың орысша оқытудағы мақсатын сынға алды. Өйткені сол заманда ашылған аралас мектептер отарлаушыларға тілмәш, писарь, тағы басқаларды дайындап, солардың саясатын жүргізу үшін ашыл­ған еді.

 

Қазір де аралас мектептер жұмыс істейді. Ондағы іс-шаралардың бәрі орыс тілінде өтеді. Сондықтан аралас мектепті тоқтату керек. Балабақша мен мектеп бір тілде болғаны дұрыс.

 

Абай заманынан бері бір ғасырдан астам уақыт өтсе де баяғы қалпымыздан өзгере алмай келеміз. Баламызды өз тілінде оқытуға енжармыз. «Бала өз тілінде тәрбиеленбесе, өз халқына қызмет ете алмайды», – дейді Алаш арысы Ахмет Байтұрсынов. Анығында орыс мектебінде оқыған қазақ баласы өз ана тілінің қайнар бұлағынан сусындап, мейірін қандыра алмайды. Ана тілінде ұлттық құндылықтарымызбен танысып, көкейіне тоқып, болашағына бағыт-бағдар ала алмайды. Себебі уызға жарымаған бала әр нәрсеге, шетелге еліктегіш келеді. Өз ұлтына мұрнын шүйіре қарайды. Өз ұлтын менсінбейтін ұрпақ өз елін де, жерін де сүймейді.

 

Ал өз ана тілінде оқыған жас ұрпақтан ұлтын сүйген ер-азаматтар өсіп шығады. Осы орайда орыс мектебі балаларға ұлттық идеологияны, ұлттық тәлім-тәрбиені бере алмайды. Бала ең алдымен өз ана тілінде білім алуы керек.

 

Мәселен, Жапония балаларға 12 жасқа дейін өз тілін, мәдениетін, тарихын сіңдіріп, басқа тілдерге содан кейін барып жол ашады. Сол себепті жапон баласының өз ана тіліне, еліне, жеріне деген сүйіспеншілігі, құрметі ерекше. Осылайша жапондықтар өз еліне адал қызмет етіп, Жапонияны әлемдегі ең алдыңғы қатарлы елге қосып отыр емес пе?

Ойланайық, ағайын!


Көшкінбай ЕЛІКБАЕВ,
Білім саласының ардагері, «Құрмет» орденінің,
Ы.Алтынсарин медалінің иегері.
Қаратөбе ауылы. Төлеби ауданы. 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста