Орыс тарихындағы сұлтандар мен хандар
Мынау Куликово шайқасында Дмитрий Донско́й деген атаққа ие болған Мәскеу мен Владимирдің кнәзі Дмитрий Ивановичтің мөрі.
2-сурет. Дмитрий Ивановичтің мөрі
Дмитрий Донскойдың теңгесінде «Ұлы мәртебелі сұлтан Мұхаммед Өзбек хан» деп арабша жазылыпты. Кейбір тарихшылар татарлардан қорыққаннан кейін олар теңгелеріне арабша осылай деп жазғанын айтады. Енді мына қызықты қараңыз. Иван III-нің кезінде орыс тарихшылары: «Русь өзін екі жүз жыл бойы қанап келген езгіден біржола құтылды» дейді. Бірақ, дәл осы патшаның тұсындағы монеталарда Тәңірдің болмысы туралы христиан көзқарасына мүлде қайшы келетін түсініктер жазылған. Ол кімнен қорыққан сонда? Тиындағы барлық сөз орысша, тек, патшаның аты ғана арбша беріліпті. Енді соған тоқталып өтсек...
3-сурет. Дмитрий Ивановичтің теңгесі
Тиындағы жазуды былайша оқуға болады: «КНЯЗЯ ВЕЛИКОГО ВАСИЛИЯ (орысша), ЛЯ ИЛЛЯХИ ЛЯ ИЛЛЯХУ МУХАММАДДУН РАСУЛЮЛЛЯХИ (арабша): «Алладан өзге Тәңір жоқ, Мұхаммад оның елшісі».
4-сурет.
Орыс тарихында арабша жазылған мұндай теңгелер толып жатыр.
Ресейде елшілік қызмет атқарған Австрия дипломаты Сигизмунд Герберштейн (1486 — 1566 ж.) өзінің гравюрасында орыс патшасы Василий үшіншінің бет-әлпеті мен киім киісін былай бейнелеген.
5-сурет. Василий III-ші елшілерді қабылдауда
Бір қызығы, орыс кнәздерінің бәрі Иван Калита деп аталған. Калита дегеніміз не? Ескі славян текстерінде бұған қатысты былай депті: «Они (латындар) того Папу чтут, что мы Калиту». Яғни, католиктер үшін Рим папасы қандай болса, орыстар үшін де калитаның маңызы сондай болған. Ал, «калита»-бұл арабтың «калиф» деген сөзі. Сонда Иван Калита мұсылмандардың билеушісі болған ба? Себебі, XIV–XV ғасырларға дейінгі орыс монеталарының барлығы арабша, не орыс-араб тілінде аралас жазылған.
XVI ғасырда өмір сүрген «Хафт Иклим» кітабының авторы орыстар туралы былай деп өкпеге толы пікір білдіріпті: «Олар исламның киімін киеді, бірақ шошқа етіне әуес». Орыстардың шошқа етін жейтініне автор жағасын ұстаған!
Мәселен, Афанасий Никитиннің «Хождение за три моря» деп аталатын жазбасын алайық. Қолжазбасын аяқтар кезде автор былай деп Құдайға жалбарынады: «БИСМИЛЛЯ РАХМАН РАХИМ. АЛЛАХ АКБАР. ИСА РУХ ОАЛЛО. АЛЛАХ САЛАМ. АЛЛАХ АКБАР. ЛЯ ИЛЛЯХИ ЛЯ ИЛЛЯХУ. АЛЛАХ ПЕРВОДИГЕРЬ…»
Мұнда Афанасий Иса пайғамбарды «Құдайдың рухы» деп атап өтеді.
6-сурет. Афанасий Никитиннің қолжазбасы.
Бұл - православиенің емес, мұсылман дінінің кәлимә-шаһадаты. Себебі, Лә Илляһа ил Аллах, Мұхамаддүр расулаллах» деген кәулікті мұсылмандар ғана айтады. Яғни, бұл жазбалар орыстардың Құран-Кәрімді оқып, Құдайға мұсылмандарша құлшылық еткенін көрсетеді.
1499 жылы Інжіл алғаш рет славян тілінде аударылады. Бірақ, бұл тағы сол Құранның аудармасы болып шықты. Сол кездегі бұқара Құдайға мінәжат ету үшін осы кітапқа сүйенген. 1828 жылы «Еуропа жаршысында» мұсылмандар мен староверлардың арасында 16 ұқсастық барлығы жазылыпты. Мұсылмандар сияқты, староверларда құлшылықтың алдында жуынған. Су болмай қалса, топырақпен тазаланған. Ал сақалды қыруды олар үлкен күнә санапты. Егер староверлердің үйіне православ не католиктерден біреу келсе, олар кетіп қалған соң, артынан тамақ ішкен ыдыстарын лақтырып жіберген. Арамдап кетті деп ойлаған. Ал амандасқанда сол кездегі орыстар «Салом» дейтін болыпты. Бұны Георг Шлейзинг өзінің «Московиттердің діні» деп аталатын еңбегінде айтады. Ал қазіргі православ діні 1666 жылы Никоннның реформасынан кейін дүниеге келген. Жаңа дінді енгізуді көздеген Никон Болгариядан христиандықтың алғышарттарын түгел қабылдап алады. Алайда, Никонның реформасынан кейін бұрыңғы сенімдегі адамдардың барлығы қудалауға ұшырайды. Ұстағандарын атып, асып, көпшілікке жаңа дінді күштеп мойындатады. Бұған келіспегендері орман-тоғайларды паналап, тарыдай шашырап кеткен. Староверлер әлі бар. Өткенде интернеттен солардың бір видеосын көріп қалған едім. Исаны «еврейлердің пайғамбары», бізге жат дін деп жатыр екен. Бұл сол кезден қалған қарсылықтың (протест) жұрнағы болса керек. Бірақ діни түсініктері христиандықтың қазіргі догмасына жақындап кеткен. Мүмкін адам аяғы баспаған ну орманда жүрген, Құдайды бір, Иса пайғамбарды оның рухы деп қабылдайтын староверлер әлі бар шығар. Анығын Алла біледі!!
Қорытынды: Орыс тарихының өн бойы толып тұрған жұмбақ. Жаңағы староверлердің діни сенімі кезінде Ұлы даладан сол жаққа ауып барған біздің бабаларымыздың ықпалымен қалыптасқан тәрізді. Себебі, сол кездегі Ресейде билік басында болғандардың көбі түрік тұқымынан шыққан еді. Кейін ғана Ресей діни-саяси реформа жасап, өткен тарихындағы осы «ақтаңдақтардан» түгел арылды. Бұл тақырыпты жылы жауып тастап, тарихын жаңаша бастады...