«Ортақ Түркі әліпбиі» неге ортақ болмай отыр?

1991 жылы Стамбулда өткен «Қазіргі түрік әліпбиі» атты симпозиумда бір топ ғалым түркі елдерінің ортақ пайдалануы үшін «Ортақ түркі әліпбиі» деп аталатын әліпби жүйесін жасаған болатын:

 

 

Алайда бұл әліпби ортақ әліпби қызметін атқара алмай отыр.

 

«Ортақ түркі әліпбиі» жүйесі бойынша түркі халықтары өздерінің әліпбилерінде осындағы таңбаларды пайдалануы және бірдей дыбысты бірдей таңбамен таңбалауы тиіс еді. Бірақ мына кестеге назар салатын болсақ, түркі елдері латын негізді әліпбилерін қабылдағанда бұл айтылған шарттарға бағына қоймағанын аңғаруға болады.

 

 

«Ортақ түркі әліпбиі» ортақ әліпби қызметін неге атқара алмай отыр? Мұны ұлттық әліпбилерде оған қандай өзгертулер жасалғанына қарап анықтауға болады.

 

1. «Ортақ түркі әліпбиінде» өзбектің «тұтық» дыбысына лайық әріп жоқ болғандықтан олар өз әліпбиіне (’) таңбасын енгізген. Сол сияқты ортақ әліпбиде біздің ұ-мыздың да өз алдына таңбасы жоқ, латынның u әрпі әрі у, әрі ұ деп оқылады. Бұл «бір дыбыс – бір таңба» қағидасына қайшы болғандықтан қазақ әліпбиінің Орфотоп ұсынған нұсқасында ұ дыбысын белгілеу үшін ортақ әліпбиде жоқ ū әрпі пайдаланылған. Демек, кей дыбысты белгілеуге лайық әріптің болмауы ұлттық әліпбилерді ортақ әліпбиден тыс таңба енгізуге мәжбүр етуде.

 

2. Ортақ әліпбиде дж деп оқылатын c әрпінің орнына түркмендер j әрпін алған. Бұл орайда латын әліпбиін пайдаланатындардың көпшілігі c әрпін ц не к деп оқитынын, ал j әрпінің халықаралық тіл − ағылшын тілінде дж деп оқылатынын ескерсек, түркмендікі бұрыс деп айта аламыз ба? «Ортақ түркі әліпбиінде» ы дыбысы ı әрпімен, і дыбысы i әрпімен белгіленеді. Ал қазақ әліпбиін құрастырушы орфографиялық топ і дыбысын белгілеуге ɪ әрпін қолданып, ы-ны латынның y әрпімен белгілеуді ұсынып отыр. Жиі кездесетін і дыбысын ноқатты әріппен белгілеу жазуға қолайсыздық келтіретінін және i әрпі техникалық пәндерде и деп оқылатынын ескерсек, «Ортақ түркі әліпбиінше» таңбалауды тиімдірек деп айта аламыз ба? Демек, кей дыбыстың «Ортақ түркі әліпбиіндегі» таңбасының дау туғызарлық болуы оны мойындамай, басқаша белгілеуге соқтырып отыр.

 

3. Әзірбайжандар ә дыбысының ортақ түркі әліпбиіндегі ноқатты  таңбасынан бас тартып, оны ә әрпімен белгілеген. Өйткені әзірбайжанда бұл әріп өте жиі кездесетіндіктен оның ноқатты болуы қолмен жазғанда әріптер арасының үзілуіне мәжбүр етіп, қолды кідіртеді және мәтіннің көркін кетіреді. Мұндай ноқатты әріптер қазаққа да қолайлы емес. Оны «өңшең» деген сөздің осы әліпбимен жазылуынан  аңғаруға болады. Соған байланысты кейбір ғалымдарымыз ң дыбысын ноқатысыз ŋ фонетикалық таңбасымен белгілеуді ұсынып жүр. Демек, ұлттық әліпбилерде ортақ әліпбиден тыс таңбаларды пайдалануға себепші болып отырған тағы бір нәрсе − кейбір әріптердің жазуға қолайсыздығы.

 

Жоғарыдағы талдаулар әліпбилердің «Ортақ түркі әліпбиіне» бағынбауы жайдан-жай емес, ол әліпбидің ортақ әліпби ретінде қолдануға жарамсыздығынан екенін көрсетеді. Соған қарамастан кейбір ғалымдар бүкіл түркі халықтарын әлі де осы әліпбиге бағындырғысы келеді. Алайда бұдан өнжейлі нәтиже шығады деп ойламаймыз. Өйткені әліпбиін бұрын қабылдағандардың оған қайтадан өзгеріс енгізуі екіталай. Сондай-ақ латын негізді әліпбиге болашақта көшетіндердің де «Ортақ түркі әліпбиіне» бас шұлғи қоятынына сенім аз. Мұның  бір дәлелі − қабылданғалы жатқан қазақ әліпбиінде ортақ әліпбиден өзгешеліктердің орын алуы. Сол сияқты екі түрлі з дыбысы бар башқұрттар да латын негізді әліпбиді пайдаланатын болса, онда «Ортақ түркі әліпбиінде» таңбасы жоқ екінші з-сына жаңа таңба тағайындауға мәжбүр болады. Сондықтан «Ортақ түркі әліпбиін» пайдалану туралы қаузай бергеннің пайдасы шамалы.

 

Бұл орайда «түркі бірлігіне қарсысыз ба» деп шыға келетіндер болар. Жоқ, біз түркі бірлігіне қарсы емеспіз. Біз «Ортақ түркі әліпбиі» жарамсыз болғандықтан оның орнына басқа әліпби пайдалану керек деп есептейміз. Мұндай әліпбиді құрастырам деп әуреленудің де қажеті жоқ, себебі түркілердің қарым-қатынасына жарамды әліпби бүгінде де бар. Ол −  «Халықаралық фонетикалық әліпби» деп аталатын әліпби.

 

«Халықаралық фонетикалық әліпбидің» жарамды болатын себебі, ол ортақ әліпбиге қойылатын шарттарды толықтай қанағаттандырады әрі «Ортақ түркі әліпбиіне» қатысты айтылған кемшіліктерден ада.

 

Атап айтқанда, біріншіден, онда кез келген халықтың кез келген дыбысының таңбасы бар.

 

Екіншіден, «Халықаралық фонетикалық әліпбидегі» таңбалардың оқылуы барлық халыққа ортақ, сондықтан оны пайдаланса, барлық түркі жұрты бірдей дыбысын бірдей таңбамен белгілейтін болады. Мысалы, ʒ әрпі − барлық халық үшін де ж-ның таңбасы, ŋ әрпі барлық халық үшін де ң-ның таңбасы, тағы сол сияқты.

 

Үшіншіден, фонетикалық таңбалардың көпшілігі ноқатсыз, сондықтан жазуға қолайсыздық тудырмайды.

 

Фонетикалық таңбалардың төмендегідей ерекшеліктеріне байланысты оны қолданымға енгізу де қиындық тудырмайды.

 

а) Фонетикалық таңба − әріптің дыбысталуын көрсететін қосымша таңбасы. Сондықтан кез келген ұлт оны өзінің ұлттық әліпбиімен қабат қолдана беруіне болады (мысалы, ағылшынша сөз латын әріптерімен қоса транскрипциялық (фонетикалық) таңбалар арқылы да жазылады).

 

б) Сөзді фонетикалық таңба арқылы жазу үшін адамға өз әліпбиіндегі әр әрпінің қандай фонетикалық таңбаға сәйкес екенін көрсететін (Аа (a), Бб (b), Ңң (ŋ), Жж (ʒ) деген сияқты) түсіндірмелі әліпби-кесте қажет болады. Бұл орайда мұндай түсіндірмелі әліпби барлық елде де бар. Бүгінде ол ғылыми қолданымда ғана пайдаланылады, алайда оны көпшілікке қолжетімді етудің еш қиыншылығы жоқ.

 

г) Түсіндірмелі әліпбиді пайдаланып, кез келген адам сөзді арнайы үйретусіз-ақ фонетикалық таңбалармен жаза алады. Ал фонетикалық таңбаны компьютер немесе ұялы телефонның пернетақтасында теруді оңайлату үшін оны өзіне сәйкес әріп тұрған пернеге орналастырса болғаны. Мұндай пернетақтаның драйверін дайындау қолдан келетін шаруа.

 

д) Түркі халықтары әр түрлі әліпби қолданса да, бірдей дыбысының фонетикалық таңбасы бірдей болып келеді. Ал бір-жар өзгеше таңбасы болған жағдайда, оның дыбысталуын «Халықаралық фонетикалық әліпби» арқылы анықтай алады, өйткені онда барлық таңбалардың сипаттамалары берілген, тіпті дыбысталу үлгілері де тұр.

 

Сондықтан түркі халықтары бір-бірінің фонетикалық таңбалы жазуын оқи алады.

 

Жоғарыдағыларды баяндай келе біз жалпытүркілік қарым-қатынаста фонетикалық таңбаларды қолдануды ұсынамыз.

 

 

Қуантқан Ырзаұлы Ванов

Abai.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста