Наполеон әскерінің бетін қазақтар қайтарған...

Наполеонның әскері 1812 жылы Ресей аумағына басып кірді. Орыс халқының, Ресейдің құрамындағы басқа да халықтардың француз басқыншыларына қарсы соғысы басталды. Патша үкіметі империя халқына үндеу таратып, Ресейді қорғап алуға шақырды. Ол үндеудің мазмұны Орынбор өлкесінің губернаторы Г. С. Волконский арқылы сол жылдың күзінде қазақ ауылдарына да жетті. Манифест татар тіліне аударылып, мұсылман халықтарына, соның ішінде қазақ халқына да таратылды.
Ресей мемлекетін қорғау үшін Орынбор өлкесі соғысқа 31 атты әскер полкін аттандырды. Олардағы солдаттар әр түрлі халықтардың өкілдері: Орынбор казактарының 5 полкі, Жайық казактарының 5 полкі, башқұрттардың 19 полкі, тептярлардың 2 полкі еді. Қазақтардың дербес әскери құрамасы жасақталған жоқ. Бірақ қазақтар бұл соғысқа башқұрт және тептяр полктерінің құрамында қатысты. Шоқынған қазақтардың едәуір бөлігі Орынбор полктерінің құрамында болды. Генерал М.И.Платовтың казак корпусының I Тептяр полкінің құрамында қазақтар француз басқыншыларына қарсы атақты Бородино шайқасы кезінде ерекше ерлікпен соғысты.
Осы шайқастағы ерлігі үшін қазақ жауынгері Майлыбайұлы күміс медальмен марапатталды. Ал старшина Қарынбай Зындағұлұлына көгілдір лентаға тағылып, арнайы медаль алды. Ер жүрек жауынгерлер Мұрат Құлшоранұлы мен Еркін Азаматұлына «хорунжий» шені берілді. Француз басқыншыларына қарсы шайқастарда қатардағы жауынгер Боранбай Шашубайұлы мен жасауыл Ықсан Әубәкірұлы да ерен ерліктің үлгісін көрсетті. Вьязма түбіндегі шайқаста көрсеткен ерлігі үшін I Тептяр полкінің жасауылы Сағит Хамитұлы үшінші дәрежелі Қасиетті Анна орденімен марапатталды. Башқұрт құрамаларының қатарында соғысқан Нарынбай Жанжігітұлы Георгий орденіне ие болды.
Осы құраманың полктерінде басқа да қазақтар соғысты. Мәселен, Әмен Байбатырұлы Лейпциг пен Глогау түбінде болған шайқастарда көрсеткен ерлігі үшін күміс медальмен марапатталды. Олар орыс әскерінің шетелдегі жорықтарына да қатысты. Осы соғыстарға қатысқандардың арасында шоқынған қазақтарда аз болған жоқ. Мәселен, З-Орынбор полкінде қызмет еткен Яков Беляков орыстың атақты әскери қолбасшысы, генерал-фельдмаршал М. И. Кутузовтың өз қолынан награда алған болатын. Кейін полотставкаға шығып, өзінің туған аулына қайтып оралады, қайтадан ислам дінін қабылдайды. Соғысқа қатысқан бірқатар қазақтар найза, сойыл, айбалта, шоқпар, садақ сияқты ұлттық қару-жарақтарымен шайқасқа түсті. Оларға орыс халқы құрметпен қарады.
Осы соғыс бастала салысымен қазақ-орыс сауда қатынасы күшейе түсті. Өйткені майданға мал, азық-түлік және киім-кешек көп керек болды. Ішкі Орданың, Кіші жүз бен Орта жүздің қазақтары орыс әскеріне соғыс кезінде майдан қажетіне киіз үйлер мен жылы киімдер, қыруар көп жылқы берді. Мәселен, Ішкі Орданың қазақтары 1804 жылдан 1815 жылға дейін 47,2 мың жылқы жөнелтті. Шығыс Қазақстандағы Риддер, Зырян кеніштерінде жұмыс істейтін қазақтар Ресейді басқыншылардан қорғау үшін 22 мың сом ақша жинады. Елтондағы тұз кеніштеріндегі қазақтар әскердің мұқтажын өтеу үшін миллион пұт түз жіберді. Қазақтар майданға қажетті жүкті тегін тасыды, т. б. көмектері аз болған жоқ.
Орыс халқының француз басқыншыларына қарсы жүргізген 1812 жылғы соғысына қазақтардың белсене қатысуының орасан зор тарихи маңызы болды. Қазақтар кескілескен шайқас даласында жауынгерлік рухы әрқашан жоғары болатынын дәлелдеп шықты. Осының алдындағы жылдарда өздерінің жалпы жағдайы өте ауыр болғанына қарамай, тамаша ерлік үлгілерін көрсетті.
tarih-begalinka.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста