Найманның соңғы ханы - Күшілік

Жезқазғанда Кетбұқа кемеңгерге ескерткіш қойылғаны бұл бабамызға, сол тұстағы Найман Мемлекетіне деген қызығушылық туғызды. Найзағайды найзасына шашақ етіп, сапысымен жау сапырған Қетбұқа кемеңгер туралы небір дерек алып, мерей тасыды, қан ысыды. Осы кезде Кетбұқаның қанды балақ замандасы, найманның соңғы ханы Күшілік туралы да ғаламторда әңгіме қозғалып, коментшілер арасында пікір талас туды. Бір бауырымыз, тіпті, «Наймандар Шыңғысханның батысқа жылжуын жиырма шақты жылға тежеді. Мұның не қажеті бар еді?» деп азаттығы, тәуелсіздігі үшін күрескен наймандар мен Күшілік ханды кінәлауға дейін барыпты. Бұған, енді, не дерсің? 

Осы жағдай ой салды. Күшілік хан туралы не білеміз? «Мыңғұлдың құпия Шежіресі», «Алтын тамыр», Шыңғысхан туралы жазылған кітаптарда Күшіліктің жастық шағы, Шыңғысханмен соғысханға дейінгі өмірі жайлы дерек жоқ. Қандай тәрбие, қандай білім алғанынан хабарсызбыз. Болжайтынымыз-ол тұста найман елі шығыстағы жазуы, сызуы бар, кеңселік хаттама жұмыстары жолға қойылған, мөрді пайдаланған, шет елдермен елшілер алмасқан, заңнамалары бір ізге түскен жалғыз өркенниетті Мемлекет болатын. Осыған қарасақ Күшілік өз тұсындағы ілім-білімді игерген, мемлекет ісіне жастайынан араласқан, Хан ордасындағы тәрбиеден толық өткен, өзінің де өзгенің де орнын білетін ханзада болуы тиіс.
Алайда, сол тұстардағы мыңғұл және мұсылман елдерінің деректері Күшілікті тәрбиесіз, дөрекі, берекесіз, қатын тіліне ергіш етіп көрсетуге тырысады. Араша түсер ешкім жоқтығын пайдаланып, Күшілікті әбден жерден алып, жерге салады. Қаламдары қалай қисайса, солай бұрады. Мысалы, Күшілік хан соғыс алдында Таян ханмен ұрыс тактикасы туралы келіспей қалып, былай дейді «Таян хан қатындарша жасқанып, үрейі ұшуын қарашы! Моңғолдар қайтіп көбейе қалады? Моңғолдың Жамұқаға ерген көпшілігі осы жерде, біздің жақ та емес пе?» деп хан әкесін «Сідік шаптырым жерден арыға бармаған, бұзау өрісінен ұзамаған, кемпір» деп тілдеді» дейді. (Мыңғұлдың құпия шежіресі. Алматы «Өнер» 1998 жыл,124 бет) Сол заманда хан тұрсын, үлкенге қарап осылай сөйледі дегенді кім естіген? Абсолютті монархқа жаңағыдай сөз айтылса, баласы болса да, заматта бас кетеді емес пе? Көшпелі шығыс халқы үлкенге де, ханға да бұлай сөйлемеген. Бұл қып-қызыл өтірік. Жала. Міне, Күшілікті әп дегеннен жағымсыз етіп көрсету басталды. Онан соң мынадай ақпар береді: «Найман мен меркіттердің шағын адамдары Ертістен өтіп, найманның Күшілік ханы ұйғырдың Қарлұғын басып, Сартауыл жерінің Шүй өзеніндегі Қарақытайдың гүр ханына барып паналайды» ( Мыңғұлдың құпия шежіресі. Алматы, «Өнер», 134- бет). Ал Рашид ад-Дин Күшіліктің қиданға келісін екі вариантпен айтады. Біріншісінде қарақытайларға өз еркімен келді десе, келесіде тұтқынға түсіп келуі де мүмкін екеніне назар аударады. (Рашид ад- Дин Сборник летописей т 1, ч 2, стр19) Мұнда да Күшілікті тұтқын еді деген емеуірін бар. Бұл да аса сенімсіз. Себебі, Күшілік сартауыл-қарлұқтардың өлкесін еш тосқауыл-кедергісіз, соғыссыз басып өтті. Олардың көшіне қарлұқтардың шабуылдамауы ханзаданың сақадай-сай қарулы қолмен азбай-тозбай келгенін көрсетеді. Ол басқа заман. Шамасы келсе қарлұқтар оңай олжаны басып қалмаққа күш салар еді. Алайда Күшілікке әлімжеттілік жасалмаған. Мұршалары жетпегені анық. Мұны Рашид-ад-Диннің білмеуі мүмкін емес. Себебі, Рашид кәсіпқой тарихшы, дерек талдаудың сол тұстағы ең озық ғұламаларының бірі. Амал не, кейде өстіп адалынан да жаңылған екен. Бірақ біз ақ пен қараның арасына ажырата аламыз.
Таян хан Күшіліктің жоғарыдағы сүйектен өтетін сөздеріне, шежіренің айтуы бойынша, басу айтумен ғана шектеледі. Бұл не? Бұл-Таян ханды да әлсіз, баласына да сөйлей алмайтын ынжық етіп көрсету. Бірақ, іле-шала Таян хан «Шығатын жан мен шырылдаған тән бірдей емес пе! Олай болса тиісейік» деп майданға түседі. Бұл сөзден Таянның осал еместігін көреміз. Жанын да, тәнін де аяп тұрған жоқ. Шежіре ертесіне Таян ханды әжуалап ұстап алды дейді. Ал Рашид ад-Дин Таян ханның аянбай соғысқанын, ауыр жараланып өлгенін, тіпті нөкерлеріне дейін тірідей берілмей түгел мерт болғанын айтады. Осындай адам босбелбеу, ынжық бола ма екен?
Қидандардың ханы Жылғу наймандарды жылы қабылдайды. Күшілікке қызын беріп, күйеу бала етіп алады. Күшілік Рашид ад-Дин айтатындай тұтқынға түскен адамға ұқсамайды. Осыны тарих көзімен деректеп, астарына үңілсек-қидандардың Көк Түріктермен ежелден аралас-құралас болғаны, бір тілде сөйлескені, қандас, түбірлес, сыйлас екені көрінеді. Қидан-қарақытай туралы профессор Тұрсын Жұртбайдың пікіріне назар салайық: «Қидан мемлекетін кім қалай атап, қай саққа жүгіртсе де, ол құрамында қоңырат, найман, керей, уақ, арғын, қаңлы, жалайыр, адай, телеуіт, қыпшақ және де басқа тайпаларды біріктірген қазақ халқының алғашқы құрамасы...» (Т. Жұртбай Дулыға 2 кітап, Алматы. «Жазушы», 2007 жыл, 190 бет) Қидан-қарақытай мемлекетінің территориясы туралы Т. Жұртбай «Қиыр шығыстағы Уссури өлкесінен бастап, Орта Азиядағы Әмударияға дейінгі» ұшы-қиырсыз, аса кең өлкені алып жатқанын айтады. (Аталған кітап 189 бет) Қазіргі қазақ даласына қарата айтсақ қидандар Алтай сілемдерінен бас алып, Табағатайдан асып, Жетісуды, Балхаштың терістігі мен Қарқаралы тауларын ішіне алып, Қаратау мен Алатауды қосып, Жамбыл, Шымкент облысын қамтыды. Бұл өңірде ол кезде және бүгінге дейін қандай ру-тайпалар отырғанын шамалай беріңіз. Қарақытай дегендердің кім екенінен ой түйіңіз.
Тумысынан еттірі, ширақ Күшілік тез арада наймандарды, меркіттерді, керейдің үлкен тобын жинап алып, зор күшке айналады. Қартайған қайын атасының бар шаруасын мойнына алады. Кейбір дереккөздерге қарағанда 1211 жылы қайын атасы Жылғуға «Тай шан хуан» (Жоғарғы император), ал анасына Хуан тай хоу (жесір император қатын) деген атақтар беріп, бар билікті қолына ала бастайды. Қоқан-лоқы жасап маза бермеген Хорезмді майдан үстінде талқандайды. Қашқар, Тұрпанды басып алады.
Бұл екі ортада, 1206 жылы бүкіләлемдік маңызы бар, жер жаһанның географиясын да, ұлттық құрамын да, мемлекеттер арасындағы ара салмақты да біржола өзгерткен, сарқыны мен қарқыны күні бұгінге дейін жетіп отырған оқиға өткен еді. Шығыстағы Көк Түрік жұрты Шыңғысханның туының астына бірікті, қаған етіп, ақ киізге көтерді. Бұл Тәңірге табынған көшпелілер өмірінде болмаған жаңалық. Көшпелілер енді бір адамға бағынды.
Найманның ордасын түзегені Шыңғысханға екі бастан ұнамады. Жебе ноян бастаған жиырма мың таңдаулы жасақты аттандырды. Абайсыз қалған Күшілік жандәрмен шегіне соғысып, Тәжікстанның Таулы Бадахшанындағы Сарыққолда (кей тарихшыларда-Сарыкөл) Жебе ноянмен жекпе-жекте 1218 жылы өлді. Найманның соңғы ханының басын Шыңғыс қағанға Жебе ноян алып келеді. Сонда, Шыңғыс хан Күшіліктің басын жуып-тазалатып, қадірлеп, көрнекі жерге қойғызып, ұлдарына көрсете бүй депті:
-Артында мынадай ұл қалған әкеде арман бар ма! Үйреніңдер! Атымды-белдеуден, қылышымды-белбеуден алғызбай он бес жыл соғысып, мені шар болаттай шыңдаған осы найман еді. Енді, мына әлемде кім бар менімен тең тұрып айқасар? Қане кім бар? Қайсар ұлдың басын ханға лайық құрметтеп, жерлеңдер!
Күшілік Шыңғыстан өзгелерге де «етбауыр» болмаған екен. Тіпті, 1540 жылдары, арада 320 жылдай уақыт өткенде М. Х. Дулати былай деп жазады: «Олар (Күшілік) ханифиттердің таза дінін кәпірлікке айырбастауға мәжбүр етті...Аллаға бас июдің орнына қарғыс атқан сайтанға мойынұсындырды.» (М. Х. Дулати.Тарих и рашиди Алматы, 2003 ж. 320-321 бет.) Тарихшы атамыздың жанына батқаны тек қана дін мәселесі. Басқа жағдайларға тап осынша күйзелмейді. Орта Азияны қанға бөктірген Шыңғыс жорығын басқыншылық деп қарамайды. «Шыңғысхан мемлекеттерді жаулап алуға бет алған кезде Кучулуктің жөнсіз бұзақылығына тойтарыс беру үшін бір топ нояндарын жіберді. Сол уақытта ол (Күшілік) Қашқарда болатын.» дейді. (Аталған кітап-320 бет) Сөйтіп, Күшіліктің найман мемлекетін қайта құруға әрекеттенгені үш ғасырдан соң да қарсылық туғызғанын ұқтық. Күшілік те, Шыңғыс та Дулати үшін ол кезде сырттан келген басқыншы. Екеуі де басқыншы. Ендеше, бірінен-бірінің не айырмасы бар? Айырмасы-Дулатидың мұсылманшылығында, Күшіліктің Көк Түрік діні-Тәңіршілдікті мемлекетінің ресми діні етпек болғанында. Көк Түріктердің ата дінін сақтап қалу үшін жанталасуында.
Алдыңғы сөз ту баста Дулати секілді білімді адамның сөзі еместей көрінетін. Тереңірек ойлансам, Дулати қазақ даласынан саналы түрде бас тартып, жат ел, жат жерге кеткен соң ұлттық сана-сезімінде, болмысында өзгерістер болған сияқты. Оның үстіне өзі көрмеген, арада 300 жылдан астам уақыт өткен оқиғаны болған күйінде жазу мүмкін бе? Дулати Күшілік заманын көрмеген, 300 жыл кейін туған адам. Ендеше не кектесін? Бар мәселе Күшіліктің мұсылмандарға қатты қысым көрсеткенінде жатқаны анық. Мұсылмандар мемлекет ішінде Құран талаптарымен ғана жүргісі келеді, басқалай билік түрін мойындамайды. Ал Күшілік Мемлекеттік Заңдарды алғы кезекке қояды. Дін талабына емес, Заң талабына бағынатын Мемлекет құрғысы келеді. Өркениетке ұмтылады. Міне, тартыстың нақты себебі. Күшіліктің Дулатиге жақпайтыны.
Сөйтіп, найманның соңғы ханы Күшіліктің өлуімен, Қарақытай мемлектінің құлауымен Шыңғыс империясында жаңа кезең басталды. Ендігі соғыс көшпелілермен емес, қамалы бар, тастап кете алмайтын егісі мен тамы бар отырықшы халықпен болады. Шыңғыс әскері бұған толық дайын емес еді. Ал, Күшіліктің соңында қалған наймандар, керейлер, арғын, меркіттер, дулаттар, бүгінгі үйсін құрамындағы біршама тайпалар, қарақытайлар Хорезм, Қашғар, Тұрпанды алған, қамалды елмен қалай соғысудың тәсілдерін игерген. Ендеше, Шыңғыстың Орталық Азияны жаулап алуында бұлар алдыңғы сапты бастайды.
Күшіліктің соңында Сарыққолда Жебеден қашып кеткен бір ұлы, және келіншегі Күңкемен бірге Шыңғыс ордасына жеткен ұлы Сауыс қалды. Өзге ұрпағы да бар болуы тиіс, одан хабарымыз жоқ. Сауыстан Беден туады. «Жолбарыс соққан генерал» деп бүкіл қытай таңдай қағатын батыр осы Беден екен. Қытайланып кетіпті. (Ж. Мырзахан, Күшілік хан, Үрімжі, 161- 164 бет) Ал, Сарыкөлде қалған ұлдың кейінгі бір ұрқы-Өкіреш Шал. Екі ортадағы аталарды әзірше көздей алмадық. Бір ғана деректі Қаракерей Қабанбай батырдың тікелей ұрпағы, шежіреші Ахмадидің немересі Қапшырбай Оспанов ақсақалдан естігенбіз. Ол ақсақал:
Атамыз Беден, Екем, Бердім деген,
Соңынан тоғыз ханды жетелеген.-
деп Күшіліктің соңындағы үш ұлдан тағы да тоғыз хан тарағанын айтып еді. Бұларға қоса Өкіреш Шалға дейінгі Тоғыс, Тоғым, Тоқта хандар туралы әңгімелесе де, қай атаның қай буыны екенін дәл көрсете алмаған. Кәсіби тарихшы Ж. Мырзахан жазатын Беден мен Қапшырбай ақсақал айтқан Беден бір адам ба, әлде аттас адамдар ма? Әлі көп зерттеу керек.
Шыңғысханның алдына қайта орала соқсақ мынадай саяси картаны көреміз. Сол кезде Азияның шығысында нақтылы Мемлекеттік-хандық нысандары орныққан екі ғана мемлекет-Найман және Керей мемлекеттері болды. Бұлармен шекараласып қырғыз, шүршіт (қытай), тағбаш (мәнжүр), қидан (қарақытай), қыпшақ мемлекеттері, ары қарай Хорезм жатты. Кім не десе, о десін, сол кездегі Көк Түрік руларының негізі (көпшілігі бүгін қазақ аталады) осы аталған Мемлекеттердің-найман, керей, қыпшақтардың құрамында немесе ықпалында болғаны даусыз. Мұны Шәкірім Құдайбердіұлы басын ашып айтып, арғындардың Ойрат атадан тарайтынын және Шыңғысхан тұсында найманның құрамында екенін жасырмай, бүкпей жазды. (Шакарим Кудайбердыулы. Родословная тюрков, киргизов, казахов и ханских династий. Алматы «Жазушы» 1990 г. Стр-77) Сондай-ақ, найман хандығын паналаған меркіт, ойрат, дөрбен, салжиут, қатаған, адай қатарлы руларды профессор Зардыхан Қинаятұлы жазып кетті. Осылардың біршамасы бүгін өз атымен жеке шаңырақ ұстады, біршамасы аты өзгеріп найманның құрамында қалды, және де басқа руларға сіңіп кетті.
Келесі бір нәрсені айтпай кетсек сөз түгел болмас.
Найман Мемлекеті құлаған соң Азияның ұшы-қиыры жоқ сайын даласында Шыңғысханға қарсы тұрар қуатты күш қалмады. Кеше ғана ен далада еркін көшіп жүрген ру-тайпалардың бірі түгел қырылып кетті, келесілері Алтайдан таудан асып итжеккенді паналады, адам аяғы аспаған ну орманына тығылды. Бүгінгі қазақ даласына қотарылғанының санын кім білген. Ұшқан қыранның қанаты талар осынша шексіз аймақ самайына ақ түсе бастаған Шыңғыстың дәргейіне жығылды. 1206 жылы Темужинді қаған сайлап, Шыңғыс хан атады.
М. Х. Дулати Керей мен Жәнібектің Моғолстанның ханы Есенбұқаға келіп, Қозыбасты сұрап алғанын айтады. Бұл бүгін біз Ұлы Жүз деп жүрген территориямыз. Ал, бүгінгі Кіші Жүз ол тұста Ноғайлы аталатын. Сонда Қазақ Мемлекетін құрған арғын, найман, қоңырат, керей рулары және жалайырдың бір бөлігі екені анық. Ғалымдарымыз осы тарихи фактіні айтуға құлықсыз, әлде, жікке түспейік деп көлегейлей ме? Кім біледі, олары да дұрыс та шығар. Есенбұқа Керей мен Жәнібек бастаған көшке Қозыбасты бекерден-бекер бере салмағаны анық. Шығысынан қалмақ күш ала бастағанда елін қорғайтын жасақ керек еді. Мына келгендер ат үстінен түспеген, өңкей сен тұр мен атайын сарбаздар. Бір ғана найман-матай Қаптағай батырдың аты мың жауға сес.
Сол тұстағы найман тайпалары туралы айтар болсақ-бүгін өзбек, қырғыз, татар, ноғай, түркімен, тәжік, тыва, алтай, мыңғұл, әзірбайжан, тағы да басқа елдердің құрамында-қызыл, қара, дүрмен, өкіреш, босторғай, базар, болдай, чантеке, үштай, бүйе, мырза, жуанбұт, көкші, сар, құран, қашай, қашарқұл, пәс, лақай, малыш, күн, жерде, төртқара, күжігет, нартоқ, ақсауыт, барлас және де басқа аттауларымен осы өсіп-өніп жатыр. Балталы, бағаналы, көкжарлы, бура, саржомарт, терістаңбалы, дүрмен, қаракерей, матай, садыр, төртуыл қазақтың құрамында. Ең мол найман өзбек арасында. Талайымен бірде іздеп барып, келесіде жол үстінде кездестім.
Өзбек тарихшылары Әбілхайырдың өзін өзбектің ханы ретінде мойындамайды. Самарқан Университетінің тарихшыларымен кездескенімде «Әбілхайыр басқыншы, ол қазақ» деп бой бермеді. Ендеше, Әбілқайыр 1428-1429 жылдары хан сайланса және оны сайлауға негізінен бүгінгі қазақ ру басылары барса Қазақ хандығының тамыры 1460 жылдары емес, одан арыда жатыр. Осы Әбілхайырды хан сайлауға найманнан ғана сегіз Елтұтқасы қатысыпты. Айтқандайын Шыңғысхан заманында, Күшілік хан уағында, М. Мамыровтың және Т. Сыздықовтардың деректеріне қарағанда, наймандар бүгінгі аталарынан өзге бетеге, көшеуіт-күжігет, дало-теле, ақсауыт, найман керей (бүгінгі қаракерейдің ар жағы секілді көрінеді өзіме), найман қызыл қаңлы, найман қара қаңлы т. б. болып бөлінген сияқты. Бұлардың арасына әзірше біз білетін белгілі тұлға Рессейдің Қорғаныс Министрі С. К. Шойгу. (Ғаламтордан «Современный Тувинский Эпос о Богатыре Шойгу» деген мақаланы ашып оқыңыз. Өте қызғылықты.)
Қайсібір оқырман «Күшілік қай Тәңіршілдікті қорғап жүр? Ол кезде найман мен керей християн емес пе еді?» деген сұрақ қойғанша байыз таппай отырған шығар. Бұған да шама-шарқымызша жауап берейік. Аптығыңызды сәл баса тұрыңыз. Неге екенін ішім сезеді, кейбір тарихшы бауырларымыз найманды түп-түгел «христиан» еткен Рубрукты ғана алдыға тартып, оның алдындағы Карпинидің найманды көпқұдайшыл дегенін айтпай кетеді. Карпини найманның христиан екені жөнінде бір ауыз сөз қалдырмаған. Өз басым найман мен керей түп-түгел христиан болды дегенге сенбеймін. Себебі, батыс тарихшылары бір ғана Рубрукқа сүйенеді. Осыны талдайық.
Шығыстағы несторияндар жайлы дақпырт таралуы Европаға ХІІІ ғасырдың басында,1210 жылдардан бері болған оқиға. 1240 жылдардың мөлшерінде «Давид деген несториян патша мұсылмандармен соғысып жатыр» деген кесауат шығады. Қызығы-Рим Папасы Християндардың Нестор тармағын християн емес деп жарлық таратып, христиандардың қатарынан шағарып тастағанына ол тұста неше ғасыр өткен. Сирияда қалыптасқан бұл христиандар Исусты Құдай емес дейтін. Исус-Исаны барлық адамдар секілді еркек пен әйелдің төлі, кәдімгі пенде деп қарастыратын. Айта берсек, бұдан да сорақысы бар. Ал, бұл қағида христандықтың негізігі тірегіне тікелей қарама-қайшы еді. Бірақ желіккен християндар Несторияндықты християн емес дегендерін уақытша ұмытты. Монахтарын аттандырды.
Өзім ойлаймын, осы кезеңде Үгедей хан мұсылман елдеріне, батысқа жорыққа шықты ғой. Угедейді өз тілдеріне аударып, Давидке ұқсатып жүрген жоқ па екен? Қалай қарасам да Күшіліктің атынан Давидті шығара алмадым. «Күшіліктің шын аты Давид болуы мүмкін. Күшілік-оның мықтылығына, ержүректілігіне, батырлығына қарап сырттан таңылған есім» дегенді оқып қалдым. Мұны да талдайық. Күшіліктің есімі- шынымен де Давид болса мұны «Мыңғұлдың құпия Шежіресі», Рашид ад Дин, қарадан-қарап өштесіп жүрген М. Х. Дулати «Міне, ол оңбағынның есімі де шоқынды» деп жазуы тиіс-ті. Бірақ бұларда ондай ақпар жоқ. Үнемі-«Күшілік» деп атайды. Европаның евроцентристік бағыттағы ғалымдары жерден жеті қоян тапқандай шулап жазуы тиіс еді. Бірақ олар да ондай дерек қалдырмаған. Не араб, не Европа ғалымдары мұндай айғақ ұстанбайды. Бұл бір. Екінші, Күшіліктің тұсында да, онан соң да найманда бір де бір христиан есімі кездеспейді. Сол дәуірде жұртқа таныс найман есімдері-Таян хан, Байбүйрек, Көкеген Сабырақ, Күшілік, Кетбұқа, Келбұқа, Күңке, Гүрбесу, Сауыс, Беден, Екем, Бердім. Христиан түгілі, батысқа ұқсатар ат жоқ. Демек, Күшіліктің есімі-Давид еді деген найманды қайтсе де шоқындырудың амалы ғана. Жалған ақпар.
Алғашқы болып жолға П. Карпини аттанды. Ол Пападан «Азиаттардың арасынан християндар тауып кел» деген нақты тапсырма алғанын Карпиниді зерттеушілер жазып жүр. Мұны қазбаламайық.
П. Карпини осы сапарында расында да наймандардың діні туралы қадап тұрып жазады.
«(https://www.hist.msu.ru/ER/Etext/carpini.htm 1/1)
XVII. Затем мы въехали в землю черных Китаев, в которой Татары построили сызнова только один город, по имени Омыл. Император построил здесь дом, в который мы приглашены были выпить, и тот, кто был там со стороны императора, заставил плясать пред нами старейшин города, а также двух своих сыновей. Выехав оттуда, мы нашли некое море, не очень большое, имя которого, так как мы не испросили о нем, нам неизвестно. На берегу же этого моря существует некая небольшая гора, в которой, как говорят, имеется некоторое отверстие, откуда зимою
выходят столь сильные бури с ветрами, что люди едва и с большою опасностью могут проходить мимо. Летом же там слышен всегда шум ветров, но, как передавали нам жители, он выходит из отверстия слегка. По берегам этого моря мы ехали довольно много дней.; это море имеет довольно много островков, и мы оставили его с левой стороны. Земля же изобилует многими реками, но небольшими; на берегах рек с той
и другой стороны стоят леса, но необширные. В этой земле живет Орду, старший над Бату; мало того, он древнее всех князей татарских; там имеется также орда, или двор, его отца, в котором живет управляющая им одна из его жен. Ибо у Татар существует такой обычай, что дворов князей и вельмож они не разрушают, а всегда назначают для управления ими каких-нибудь женщин и им отдают часть подарков, как обычно давали их владыкам. После этого мы приехали к первой орде императора, в которой была одна из его жен; и так как мы еще не видали императора, то они не захотели нас пригласить и допустить к его орде, но устроили
нам в нашем шатре очень хорошее, по обычаю Татар, угощение и удержали нас там на один день, чтобы дать нам возможность отдохнуть.
XVIII. Выехав отсюда в канун дня, посвященного блаженному Петру, мы попали в землю Найманов; они язычники. В день же апостолов Петра и Павла там выпал глубокий снег, и мы ощутили сильнейший холод. Эта земля чрезмерно гориста и холодна, а ровных мест там немного. (И эти два народа {74} не занимались земледелием, но, подобно Татарам, жили в шатрах; Татары также их уничтожили.)
Через эту страну мы ехали много дней.»
Енді, осы ақпарды шұбалта бермей, қысқарта аударайық. «ҮІІ. Онан соң біз қарақытайлардың жеріне келдік, ол жерге татарлар бір қаланы қайта салған екен. Ондан аттанған соң біз үлкен көлге тап болдық... Осы көлдің жағасында кішірек тау бар, оның тесігі бар көрінеді. Одан қыста алапат жел соғады екен...». Тарихшылар бұл ежелгі Еміл қаласы екенін айтып жүр. Көл-ежелгі Итішпес, бүгін Алакөл аталады. Тауы-Жоңғар Алатауы, тесігі-Жоңғар қақпасы. Аңғардыңыз ба, Карпини Итішпестің маңын қарақытай жері деді.
«ХҮІІІ. Одан аттанған соң киелі Петр күнінің қарсаңында біз наймандардың жеріне келдік, олар-көпқұдайшыл («язычыники» ). Бұл елдің жерімен көп жүрдік.» (Плано Карпини и Гильом де Рубурук. Путешествие в Евразиские степи. ИД «Кочевник», Алматы 2003 г. Стр-95) Бұл 1246 жылғы жаз-маусым.
Сөйтіп, П. Карпини найманды християн демеді. Тәңіршілдікке немесе шаманға саиыды. Көп күн жүргенде бұл монах не бір християн, не бір шіркеу көрмеген. Найманда не шіркеу, не бір християн жоқ. Найман жері Алтайдан басталды. Бүгінгі Алакөл, Тарбағатай маңын, одан ары Алтайға дейін қарақытай мекені.
Енді, Карпиниден соң 1253-1255 жылдар Қарақорымға барып қайтқан Гильом де Рубрук не жазды, соған келейік. Карпини найманнан христиа таппаған соң қысқа ғана дерегін ұсынғанбыз. Рубрукке көлемді орын берейік.
« (https://www.vostlit.info/Texts/rus3/Rubruk/frametext2.htm 1/1)
Именно в то время, когда франки взяли Антиохию 68, единовластие в упомянутых северных странах принадлежало одному лицу по имени Кон-хам 69. Кон — имя собственное, а хам 70 — обозначение достоинства, значит же оно то же, что «прорицатель». Всех прорицателей они называют «хам». Отсюда их государи называются хам, так как в их власти находится управление народом путем прорицания. Поэтому в истории Антиохии читаем, что турки послали за помощью против франков к королю Кон-хаму. Ибо из этих стран явились все турки. Этот Кон был каракатай 71. Кара значит то же, что «черный», а катай — название народа, откуда каракатай значит то же, что «черный катай». И это они говорят для различения их от Катаев, живущих на востоке над океаном, о которых я скажу вам впоследствии. Эти катай жили на неких горах, через которые я переправлялся, а на одной равнине между этих гор жил некий несторианин-пастух (pastor), человек могущественный и владычествующий над народом, именуемым найман (naiman) и принадлежавшим к христианам-несторианам. По смерти Кон-хама этот несторианец превознес себя в короли, и несториане называли его королем Иоанном, говоря о нем вдесятеро больше, чем согласно было с истиной. Именно так поступают несториане, прибывающие из тех стран: именно из ничего они создают большие разговоры, поэтому они распространили и про Сартаха, будто он христианин; то же говорили они про Мангу-хана и про Кен- хана 72 потому только, что те оказывают христианам большее уважение, чем другим народам; и, однако, на самом деле они не христиане. Таким-то образом распространилась громкая слава и об упомянутом короле Иоанне; и я проехал по его пастбищам; никто не знал ничего о нем, кроме немногих несториан. На его пастбищах живет Кен-хан, при дворе которого был брат Андрей 73, и я также проезжал той дорогой при возвращении. У этого Иоанна был брат, также могущественный пастух, по имени Унк 74; он жил за горами каракатаев, на три недели пути от своего брата, и был властелином некоего [114] городка по имени Каракорум 75; под его властью находился народ, именовавшийся Крит и меркит 76 и принадлежавший к христианам-несторианам. А сам властелин их, оставив почитание Христа, следовал идолам, имея при себе идольских жрецов, которые все принадлежат к вызывателям демонов и к колдунам...»
Бұл монахқа да өлсе де, тірілсе де християн тауып келуді жүктегені белгілі. Рубурук те дәл Карпинише қарақытайлар, олардың жері туралы айтады. Сонан соң найман жеріне келгенін хабарлайды. «Бұлар мен асқан тауларда тұрады. Осы таулардың арасындағы бір жазықта несториян малшы тұрыпты. Ол найман халқына билік жүгрізіпті, өзі аса қуатты және християн-несторияндардың қатарында екен. Кон-хам өлген соң бұл өзін король дегізіпті және несторияндар оны Иоан король деп атапты... Осылайша Иоан король атағы жұртқа жайылыпты. Мен оның жайылымдықтарымен жүріп едім, аздаған несторияндар болмаса өзгелер ол туралы ештеңе білмеді...» (Плано Карпини и Гильом де Рубурук. Путешествие в Евразиские степи. ИД «Кочевник» Алматы 2003 г. Стр146)
Рубуруктың найманның «християн» екені туралы жазғаны осы. Карпини келіп кеткен соңғы жеті жылда, Рубурук келгенше найман аяқ асты християн бола қалды дегенге, Сіз, сенсеңіз өзіңіз біліңіз. Мен сенбеймін. Рубруктың шығыстағы християндар туралы жазғандары жүз пайыз өтірік. Найман тарихында Иоан деген хан болған емес. Тіпті ұқсас ат та кездеспейді. Тарихшылар бұл Иоан қытайдың «ван» деген сөзі, керейдің Уаң ханынының Европаға бұзылып жеткен нұсқасы дейді. Мүмкін. Дүниенің төрт бұрышынан христиандарды көргісі келетін Рим Папасы дақпыртты өзі шығарса да таң қалмаймын. Оның үстіне меркіт пен керейдің бір адамын көрмей, басшыларымен, жұртымен сөйлеспей оларды да християн қатарына қосты. Күні бүгінге дейін евроцентристік ғалымдардың және осы жалған ағымға енгендердің жұртқа, ғылымға сіңіріп келе жатқан шып-шылғи өтірігі бар. Бұларға сенсек керейдің таңбасы-крест. Християндар кресті + таңбалайды, қазақ айқыш дейді. Ал, керейдің таңбасы-Х ашамай аталады. Міне, бұрмалаушылық.
Менің ойымша Рубрук келген сапары бос болмауы, Папаның алдына құр қол бармауы үшін әйтіп-бүйтіп христиандар «тауып алған». Әйтпесе, найманның патшасы несториян болса Рубрук өл-тіріл найманның сол несториян патшасын тауып, қайтсе де жолығар еді. Рим Папасының «сәлемін» жеткізер еді. Ал Европалық христиан ғалымдар көзге ұрып тұрған осы өтірікті «көргісі» келмеген. Мен өз пікірімді, екі кітапты, оларға жазылған түсіндірмелерді әбден саралап, бірнеше қайтара оқып шықаннан соң жазып отырмын.
Европалық екі монах та жиі-жиі өздері көрген шығыс ұлттарының бір құдайға-Исусқа сенетінін жазып отырады. Бұл енді адам нанғысыз жалған. Көшпелі шығыс жұрты түгелдей христиан еді дегісі келеді. Өтіріктің де қисыны болушы еді. Бұлары енді астамдық. Біздің бір құдайымыз-Көк Тәңірі! Көк Тәңірінің ұрпақтары тек қана бір Тәңірге табынғаны тарихи шындық. Осы Көк Тәңірді екі монах та қасақана Исус деп қайталай береді. Білмей емес, біліп отырып жазады. Папаға бірдеңе айту керек қой.
Рубруктың Ком-хан (?) өлген соң оның орнына бір малшы өзін король жариялапты дегені тіптен өтірік. Найман Мемлекеті 1204 жылы құлап, Таян хан өліп, Күшілік Қарақытайға өтіп кеткен соң бар билік Шыңғыс ханға, оның ұрпақтарын тиді. Бұлар, енді, Найман Мемлекетін қайта құрғызып, хан сайлатып қарап отыра ма? Тағы майдан ашса да, найманға мемлекет құрғызбайды, хан сайлатпайды. Хан да жоқ, топырлап жатқан несториан христиандар да жоқ. Осы жерде тарих ғылымдарының докторы, профессор, қытай тарихының жетігі Бақыт Еженханның бір пікірін келтірмесек, тарихқа қиянат жасайтындаймыз.
-Халықтың арасында қашан да әр түрлі көзқарастағы, әр түрлі діни ағымдағы адамдар болады. Бүгін де сондай ғой. Қазіргі қазақтың арасынан шығып жатқан өзге дін өкілдері бар. Сол секілді Рубрук келген кезде найман ішінде аздаған топ несториан тармағын ұстануы мүмкін. Деректерде Күйік хан монахты қабылдамай қояды. Бұларды Күйік ханның анасы Тұрақын қатын күтіп, демалтады. Осыған қарағанда Тұрақын қатынның христиандыққа бір байланысы болуы, нестор ілімі найман арасына жалпы тарамаса да, ішінара орнығуы мүмкін. Ал, барлық жұртты христиан екен деу түбірімен қате.
Профессор да ой қосты. Тұрақын қатын ұлы Күйік ержеткенше Орданы жалғыз өзі билеген, бүкіл Империяға сөзі өтетін, адуынды жан. Қағанның анасы. Ендеше, монахты жылы қарсы алған Тұрақын қатын неге нестор тармағындағы христиандарды, найманның христиан дінін ұстаған ханын тауып бермейді? Бүкіл империяны ашса-алақанында, жұмса-жұдырығында ұстап отырған ханның анасы өз елінде не болып жатқанынан, кімдер барлығынан әбден хабардар екеніне дау қайсы. Бар ақпар Хан Ордаға жиналады емес пе. Демек, Рубрук жазатындай найман, керей, меркіт христиандар болса Тұрақын қатын олардың басшысын Ордаға алғызар еді. Немесе монахтың қасына кісі қосып, найманға жіберуі тиіс. Мұның бірі де істелмейді. Тіпті, монахтардың өздері де жылышырай танытқан қатынға христиандарды тауып беруге өтініш те айтпайды. Бұл не сонда? Мұның себебі, монахтар найман түгел христиан еместігін көздерімен көріп келді. Европадағы ақпар бос даурықпа екенін анық таныды. Найман ғана емес, керей мен меркіт те түгелдей христиан болмаған. Профессор Б. Еженхан қытай деректеріне сүйене қазіргі қазақтың ішіндегі найман, керей, меркіттен өзге бір рудың сол тұста нестор бағытын ұстанғанын да айтады. Бұл бүгінгі күннің әңгімесі емес.
Батыстағы Рим Папасының, Европа ғалымдарының найманды шоқындыруға сонша құмарлығын түсіну оп-оңай. Көшпелі шығыстағы өркениетті, әр түрлі билік тармағының нақтылы Иниституттары қалыптасқан, жазу-сызуы бар жалғыз озық Мемлекет-Найман Мемлекеті. Христиан басшыларының айтпағы да осы. «Көрдіңдер ғой, осындай дәрежеге тек қана христиан діні арқылы жетуге болады. Христиан діні ғана жабайылықтан құтқарады. Христиандықты қабылдаңдар» деп жарнама жасауға лайық. Осындай қитұрқылықты ұқпай, евроцентристік астамшылықтың шылауынан шыға алмай жүргендерге айтар сөз жоқ.
Күшілік христиандықты да, буддашылдықты да енгізуге ұмтылмаған. Қолдағаны-Тәңіршілдік. Ол Тәңіршілдікті тастап християн, одан буддашы болды деу Күшілікті тұрақсыз, құбыла беретін етіп көрсетуге бағытталған амал. Ал, шын мәнінде бұл Күшіліктің бірбеткей, алған бетінен қайтпайтын қайсар мінезімен тіпті де үйлеспейді. Күшіліктің бүкіл өмірінде бұлғақтаудың, екі айтудың, біреудің сөзіне ерудің нышаны жоқ. Шыңғыспен соғысуға бір бекінді, өлгенінше айқасып өтті. Біреудің ығына жүріп, басын ию Күшіліктің жаратылысына жат. Өлсе де ешкімге тізе бүкпей өлді. Найман мен керей несториян-християн болса, Шәкәрім атамыз арғынды найманның құрамында болды деп атап көрсеткеніндей, Найман және Керей хандықтарының құрамындағы барлық рулар да християн болғаны. Бүгін бұл рулардың саны ең кемі жиырма шақты. Қажет болса манадан бері біршамасының атын атадық.
Найманның соңғы ханы Күшілік туралы әлі талай мақала шығар. Мақтар да, даттар да. Мен Күшіліктің бүкіл ғұмырын, қайраткерлігін, қолбасшылығын, әлсіздерге өктемдігін, соғысқұмарлығын, мұсылмандарды қан қақсатқанын және де басқа кереғар, жақсылы, жаманды барлық қасиеттерін толық қамти алмадым. Ықшамдап ұсынып отырған шағын мақалам алдағы ірілеу дүниенің негізі болады-ау деген ойдамын.

Камал Әбдірахман
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста