"Мыңқ-мыңқ етіп тұруға ұялмайсыздар ма?": Жандарбек Бұлғақов ант берген депутаттарды аяусыз сынға алды

Белгілі айтыскер Жандарбек Бұлғақов ант берген депутаттарды сынға алы. Айтыскер ант мәтінін дұрыс оқи алмаған депутаттарға халық тағдырын сеніп тапсыруға болмайтынын алға тартты.

Айта кетейік, 15 қаңтарда VII шақырылған парламент мәжілісінің жаңа сайланған депутаттары ант берді. Қазақ тіліндегі мәтінді оқи алмағандар мазаққа қалды. 

 
Жандарбек Бұлғақов депутаттардың әрекетін талдап, бес ауыз сөзді жатқа оқи алмаған шенеуніктерді аяусыз сынады.

«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі мен тұтастығын нығайтуға, оның Конституциясы мен Заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін!». Бар болғаны осы 4-5-ақ сөйлемнен тұратын кішігірім мәтінді бүгін елдің елеулісі, халықтың қалаулысы деген депутаттарымыз айта алмады. Ант беру рәсімінде дал-дұлын шығарып, каша қылып жібердіңіздер ғой, құрметті депутаттар», &mdash деді айтыскер. 

Бұлғақовтың айтуынша, депутаттар алдын ала берілген мәтінді жаттамай, мәртебелі іске немқұрайлы қараған.

«Депутаттарға халық тағдырын сеніп тапсыра ма? Әлде әліппені қайтадан өту керек пе мен түсінбедім. Ант беру рәсімінде сіздер антты бұзып тұрсыздар ғой. Халыққа адал қызмет етемін дейсіздер. Бірақ халықтың тілінде сөйлей алмай жатсыздар. Аяқ астынан сөз келіп қалса түсінемін. Адам аяқ астынан сасып қалуы мүмкін. Бірақ сіздерге «Ертең сағат осындайда, осындай жерде ант беру рәсімі өтеді деп айтатын рәсімдеріңізге дейін алдын ала берілді, берілмеді емес. Ол ақымақ адамға да түсінікті. Сол үш-төрт-ақ сөзден тұратын мәтінді мыңқ-мыңқ, быдық-быдық демей халықтың көзіне қарап шын жүректен ан беруге болатын еді. Мына тірліктеріңіз үшін сіздер ұялу керексіздер», - деді айтыскер. 

"Мен осыдан кейін бала-шағам мен болашағымның алдында сіздерге ешқашан дауыс бермеймін деп ант беремін. Айтпақшы, мен бұл жолы да сіздерге дауыс берген жоқпын", - деді Бұлғақов.

Оның сөзін журналист Дәулет Мұқаев қолдады.

"Біраз күліп те алдым. Негізі күлетін нәрсе емес. ЖЫЛАУ КЕРЕК! Олар үшін мен ұялып отырмын", - деп жазды ол.

10 қаңтарда Қазақстанда парламент мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауы өтті. Дауыс беру қорытындысы бойынша Мәжіліске үш партия - Nur Otan, Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы және «Қазақстанның Халық партиясы» өтті. Сондай-ақ Мәжілістің жаңа құрамына Қазақстан халқы Ассамблеясынан атынан сайланған тоғыз адам кірді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста