Молланың улы уағызында қазақтықты сақтаудың исі де жоқ, мола ғана бар...

МОЛЛА мен МОЛА

Егер қазақтың мүддесіне қайшы келсе, ұлттың мұратына кедергі келтірсе – ондай дінді айыптаудан қорықпа, мұндай шатақ діннің сойылын соғушыларды еш тайсалмай әшкереле, сонда қор болмайсың қазақ ұғлы! Мәселен, есті қазақтың барлығы жер сатылмасын деп ұран көтеріп, ұлардай шуласуда. Ал қай молда яки муфтият жер сатуға қарсылық білдірді? Ешқайсы!
Кезінде ақ патшаға бағыну уәжіп деп сұңқылдаған, сөйтіп аз жылда қазақты отаршыл орыстың аяғына жығып берген указной молдалардың тұқымы бұл күнде шәниіп билікте отыр, жәй отырған жоқ қазақтың несібесін кертіп жеп, қылғыта жұтып, қылғына асап отыр. Ал мешіттерге жайғасып алып, елге улы уағыз айтып ақ сәлдесі дағарадай болып, тазқара күшігенше сұңқылдаған сол указнойлардың тұқымдары мен сарт дініндегі молдалар о дүниенің рахатын уағыздап, халықты шын мәнінде молаға қарай сүйреуде. О дүние бұ дүниеден жақсы болса, кетпей ме өздері алдымен аттанып. Жоқ, өйтпейді, өйткені олардың 'асқаралы" арманы жемқор билікпен бірге қазақты теспей сору, бауыздамай өлтіру. Сондағы уағызының түрі: "Ей, бейшара, сорлы қазақтар, бұл дүниеде неғұрлым құл болып қорлық көріп, аяусыз азап шексеңдер, соғұрлым о дүниедегі жұмақтың төрінде бес мың хор қызын қытықсыз құшып, мәңгі бақи рахат көресііңдер", – деп сұңқылдайды молда біткен. Ал өлімді жерді жағалаған өздерінің майлы бетінің жылтырлығынан бит тайып жығылады. Шөп басын сындырмайтын, белі бүгіліп еңбек етпейтін оның үстіне әлемге әлек салушы, қиратушы күшке ие семиттік идеологиямен уланған мұнша молланың билікке болмаса, бізге қажеті қанша, ағайын?!
Сондықтан ҚҰДАЙДЫ мешіттен іздеме, ҚАЗАҒЫМ, оны анау кеудеңдегі жұдырықтай жүрегіңнен ізде. Құдай әр адамның жүрегінде. АРЛЫ болсаң ғана ХАҺТЫҚТЫҢ сәулесі ақ ЖҮРЕГІҢЕ түспек. (Абай) Ал, арсыз, сұрқия, жемқор, алаяқ болып, арабтың жансыз миссионерлерінің арам ақшасына салынған мешітінде мың жыл мүлгіп отырсаң да Құдайдың рахымы саған еш түспейді, Тәңірдің рахметінен де құр қаласың, Алланың да жұмағы жарық жылдамдығыдай алыс болмақ. Жөйіттен шыққан қаптаған пайғамбарларға, арабтан шыққан сансыз сахабаларға,, Меккедегі қара тасқа көзсіз табына берудің өзі – құдайсыздық! Одан дз қазағыңның тіліне табын, әулиелік те, білім де, ілім де сонда. (Мәшһүр Жүсіп) Өз аруағыңа сиын! Төл өнерің мен салт дәстүріңе құрмет қыл! Өйткені Құдай әр халықтың болмысы мен дүниетанымында. Заманында қазақтың да өз Құдайы болған. Сол күнде қазақтың .алмаған жауы, бұзбаған қамалы қалмаған еді. Бір шеті Үнді мен Атлант, бір шеті Тынық мұхитына тұлпарының тұяғын жудырған еді, ер Алаштың баласы! Ол заманда күллі дүние көшпелілерлің уысында – ашса алақанында, жұмса жұдырығында еді. Бірақ кейін Шыңғыс ханның азған ұрпақтары қазақтың Құдайын арабтардың алтынына сатып жіберді. Сөйтіп Құдайсыз қалған қазаққа ит те құс та қожа боп шыға келді. Қорғайтын Құдайы жоқ, асқақтатар аруағы жоқ қазақтың өмірі содан бері құлдық пен қорлықта өтіп келеді. Бұл енді қанша заманға созылмақ? Егер ес жиып, қайрат қылмасақ, ақырдың күніне дейін құлдықтан көз ашпақ емеспіз.
Қазақтан шыққан әсіредіншіл қауым, егер өз қазағыңды былайша қор тұтсаң, салт-дәстүріңді тәрк етсең, ерлері мен ұлыларыңды танымасаң, иойындамасаң – тірідей қор болғаның,, онда қазақтың жерін басып жүрмей-ақ қой. Жиырма жыл бойы ернін өтірік жыбырлатып жүріп, ақыры ұрлықтары әшкере болған соң, қазақтың аузын бір-ақ ұрып, Түркияға тік көтеріле көшіп кеткен фанерщик "жұлдыздар" сияқты сіздер де Саудияға немесе Дубайға ауып кетіңіздер! Бәрібір сіздер енді қазақ бола алмайсыздар, ғылым тілінде сіздерді субэтнос дейді, бұл сөз: не онда жоқ не мұнда жоқ шөре-шөре тірі жан иелері деген мағына береді қазақтың жалпақ тілімен айтқанда.
Бұл дүниедегі алаш баласының ең басты мұраты – қазақтықты сақтау, оның елі мен жерін қорғау болуы керек. Егер , бұл ұстаным бойымызда болмаса – бәрі бекер! Өйткені жаһан біткен қазақты жою үшін жаппай жабыла күресуде. Егер жер бетінен қазақ ұлты жойылар болса, әлемде тоғызыншы орын алатын оның ұланғайыр жері мен күллі әлемді жүздеген жыл асырауға жететін жер асты, жер үсті байлығы семиттік діндерді санамызға тыққыштаумен әлек боп жүрген жөйіттерге тегіннен тегін олжа болмақ. Жер сату науқанының аржағында да осылар тұр.
Ал молланың улы уағызында қазақтықты сақтаудың исі де жоқ, тек ақырет әңгімесі мен ұзындығы он табан, көлденеңі бес табан үңірейген көр мен мелшиген мола ғана бар...

Ерлан Төлеутай

Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста