Киікбай сыншының ат сынау үлгісі

(ХІХ ғасыр)
Шын жүйрік төсінің астынан адам жүгіріп өткендей кеуделі, омыраулы болады. Мұндай кең кеуделі аттың өкпесі қанша ұзақ шабыс, аламан бәйгеде де ентікпейді.
Екі жақтың арасы алшақ, жұдырық сиып кеткендей кең сағақты. Егер аттың кеудесі кең біткенімен, сағағы тар болып келсе, онда ол кең тыныстай алмайды. Сағағы кең жылқының тынысы да кең. Ақан серінің Құлагерінің сағағы кішігірім баланың басы сыйып кеткендей кең болған.
Қолтығы ашық, шынтағы сыртына қарай айнала біткен. Егер шынтақ қысыңқы болып бітсе, онда ол шапқан аттың қолтығынан соғып, өкпенің еркін тыныстауына кедергі жасайды.
Танауы қол сыйып кетердей кең, делдиіп тұрады. Мұны қазақ «бөкен танау» дейді. Кең танау, кең сағақ, кең қолтық, кең кеуде – осының бәрі де жүйрікке біткен өкпенің қандай шабыста да алқынбай тыныстауын қамтамасыз етеді.
Жүйріктің басы ұшқыр үйректің басындай ұзын, сүйрік болып келеді, әрі онда кесіп аларлық ет табылмайды. Осындай етсіз, сүйріктей басын алдына қарай төсей шапқанда, жүйрік қарсы аққан желдің кедергісін оңай жойып, құстай ұшады.
Мойны жолбарыстың мойнындай жұмырлана бітеді. Мұндай мойын ертеден кешке шапқанда да талмайды. «Қой мойын» деген осындай болады.
Қас жүйріктің алды мен арты тең келеді. Мұндай аттың алдынан қарағанда, арты жіңішке сияқты болады, артынан қарағанда, алды жіңішке сияқты болады, ал, көлденеңінен қарағанда, алды-арты бірдей толық болып көрінеді.
Жүйрік жоталы да жаялы келеді. Жотасы кісі төсек салып жатардай жалпақ бітіп, жаялығы кісі құшағы бойындай кең келеді. Жоны қысқалау, күдістеу де болып келеді.
Тірсегі жолбарыстың тірсегіндей маймиып бітеді. Маймиған тірсекті жүйріктің артқы аяқтарының серпіні ғаламат күшті болады. Жүйрікті жүйрік ететін де осындай серпінділік. Мұндай тірсекті ел арасында «бота тірсек» деп те атайды.
Тұяғы төңкерілген кеседей, жайылмай, бүрісе бітеді әрі қалың, биік болады. Мұндай қалың әрі биік тұяқ қанша ұзаққа шапқанда да еш қызбайды. Жұқа, жатаған тұяқ тез қызады да, аяқтың қаруын тез қайтарады.
Жүйріктің құлағының түбі құланның құлағының түбі секілді бос болады. Жүйрік шапқан кезде, мұндай құлақ желкеге қарай жатып қалады да, оған қарсы соққан жел кірмейді.
Жал-құйрығы сұйық келеді. Олай болатын себебі бар: шын жүйрік майын жалы мен жаясына, қазысы мен қарнына, қартасына емес, етіне жинайды. Жал майға бітеді. Жал майы жоқ жылқының жалының қылы да сирек, сұйық болады.
Жүйрік сарқылмас қайратты болады. Қайраттылықтың сыртқы белгісін жүйріктің азу тісінен байқауға болады. Айқаса, кейін қарай кекжие біткен азу тіс – сондай сарқылмас қайраттың бір белгісі.
Жылқының мінезі қабағында тұрады. Жұдырықтай түйіліп тұрған қабақ қайсар мінезді аңғартады. Қалың жарыста мұндай жылқы қуатына қуат қосып, өршіп, егесе шабады, алдына қара оздыруға намыстанады.

Бекен Қайратұлы,
«Қазақтың атбегілік өнері» кітабынан
argymaq.kz 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста