Дүнгендер қалай ұлт болып қалыптасты?

 "Қазақ осы - қарасың ба, ақсың ба, Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін",- демекші, қазақтың кең даласын отанына балап, шаңырағының астында бейбіт ғұмыр кешіп жатқан көп ұлттың бірі — дүнгендер. Олардың Қазақстан топырағына аяқ басқанына биыл 142 жыл болады екен. Қазір аталған ұлттың 70 мыңнан астам өкілі елімізде мекен етеді.

XIX ғасырдың соңына қарай Қытай тарапынан қудалауға ұшыраған дүнгендер барынан айырылып қоныс аударуға мәжбүр болды. Басына күн туғанда қазақтардың көрсеткен көмегін дүңген халқы ұмытпайды.

Дүнгендер — Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Өзбекстан жерлерінде тұратын ұлт. Өздерін "Хуэй" атайды. Ол — Орталық Азия ұлттарын басты төркін ете отырып, миграциялық көшу және сауда қарым-қатынастары арқылы Қытай жерінде біртіндеп қалыптасқан, бірлікке келген, әрі ислам мәдениет дәстүрін сақтаған ұлттық топ. Дүнгендер ұлт болып қалыптасып, даму барысында, Қытай тілін өз ұлтының ортақ тілі ретінде таңдап алды. Дүнген — Қытай аз ұлттары арасындағы халық саны көбірек, бытырай қоныстанған ұлт. 2000 жылғы санаққа қарағанда, Қытайда 9 млн. 816 мың 805 дүңген бар екен. Жалпы халық саны жағынан Қытай, Жуаң және Манжур ұлттарынан қалса Дүңгендер төртінші орында тұрады. Дүнген Қытайдың барлық жерінде бар. Солтүстікте Амурдан (Хилұңжяң) оңтүстікте Хайнан аралына дейін, батыста Памир үстіртінен, шығыста Шығыс теңіз жағасына дейін дүңгендер қоныс тепкен.

Дүнген — Қытайда «Кең көлемде бытырап, шағын көлемде шоғырланып» қоныстанған халық. Қытайдағы аудан-қалалардың көбінде дүңгендер бар. Ал Ниңшя, Гансу, Хынан, Шыңжаң Ұйғыр аутономиялық ауданы, Чиңхай, Йүннан, Хыбей, Шандұң қатарлы өлке, автономиялы райондарда дүңгендердің халық саны көбірек, тарихи және тұрмыс әдеті қатарлы жақтардағы себептер салдарынан, дүңгендер орналасқан өңірлерде, көбінше мешітті орталық етіп шоғырлана қоныстанған. Әдетте қалаларда өздіктерінен көше, маһалла, ал ауыл-қыстақтарда өздігінен қыстақ болып құралып, үлкен-кішілігі әр-түрлі қоныс қалыптастырған. Дүнгендер Қытайда шашырай қоныстанған, ал олардың автономия алған өңірлері де Қытайда шашыраңқы. Ниңшя — Қытайдағы дүнгендердің өлке дәрежелі автономиялы районы (НДАР). Дүңген ұлтының аймақ дәрежелі автономия алған өңірлерінен Шинжяңда Санжы Дүнген автономиялы облысы (СДАО) және Гансуда Линшя Дүнген автономиялы облысы (ЛДАО) бар. Мұнан сырт тағы Шинжяңда Қарашәр (Янжи) Дүнген автономиялы ауданы және дүңген ауылдары бар. Дүнгендердің ең арғы тегі б.з. VII ғасырдағы (Таң — Сұң династиялары дәуірі) Қытайға сауда байланысымен келіп қоныстанып қалған шетелдік мұсылман ұрпағы; Ал дүнгендердің басты тегі — б.з. ХІІІ ғасырда моңғолдар батысқа жорық жасағанда, сонымен бірге Юан династиясы дәуірінде, түрлі салауатпен Парсы, орта азия және Араб елдерінен топ-тобымен куәлікпен келген немесе өз бетімен шығысқа ауып келген әр ұлт мұсылмандары. Олар алдымен, Юан династиясындағы қоғамдық орны жоғарырақ түрлі кәсіп шеберлерінің басты құрамдас бөлігіне айналып, халық саны неше жүз мыңға жеткен; дүнгендер қалыптасу, даму тарихы барысында, өздері тұрған өңірдегі қытай, ұйғыр, моңғол қатарлы ұлттардың бір бөлімін сіңіріп алған. Мысалы, ұлы теңіз жиһанкезі Жың Хы да шығу тегі жағынан осы ұлтқа жатады.

Дүнген ұлт болып қалыптасып, даму барысында Қытай тілін өз ұлтының ортақ тілі ретінде таңдап алды. Алайда, ислам дінінің ықпалымен, сөйлегенде Араб тілінің және Парсы тілінің сөз — сөйлемдерін көбірек қосып айтады. Сонымен бірге, дүңгендер туғанда, Арабша азан шақырып ат қояды. Жазу жағында да осындай жайыт бар. Құранды оқығандар Қытай жазуынан гөрі Араб жазуын көбірек қолданады. Мұнан қала берсе, кейбір асхана-шайханалардың маңдайшалығы немесе сауда маркасына араб жазуын жазады, немесе араб не қытай жазуын бірге қолданады. Қытай тілін қолданудан сырт, дүнгендер басқа ұлттармен аралас қоныстанған болса, басқа ұлттардың тіл-жазуын қолдана береді, яки басқа ұлттардың да тіл-жазуын, өз ұлтының да тіл-жазуын біледі, сондай — ақ сол ұлттардың мәдениет ықпалында болады. Мысалы: Йүннан өлкесіндегі Шишуаңбаннада тұратын Дүнгендер Дай ұлтының да тіл-жазуын қолданады, Дай ұлтынша киінеді, Дай ұлтының үй жасау формасымен бамбуктен салынған үйлерде тұрады. Йүннанның Ырюан ауданындағы Дүнгендер Бәй ұлтының тілін қолданады. Йүннан Дичиң Тибет автономиялы облысындағы және Тибеттің Лхаса аумағындағы дүңгендер Тибет тілін қолданады. Сычуанның Ляңшан деген жеріндегі И ұлтымен аралас қоныстанған Дүнгендер И ұлтының тілінде сөйлейді. Ішкі моңғол мен Шинжяң районындағы Дүңгендердің бір қыдыруы моңғол, ұйғыр немесе қазақ тілін де біледі. Дүнгендер Қытайда бытыраңқы мекенденген болса да, исламдық діни нанымдарын сақтап қалған. Ислам діні Дүнгендер арасында ұзақ уақыт сақталып, Дүнгендердің саяси, экономикасына елеулі ықпал жасаған. Оның үстіне, олардың қоғамдық өмірінің және ғұрып-әдеттерінің әр қайсы жақтарына сіңіп Дүнгендердің дәстүрлі мәдениетінің маңызды құрамдас бөлігіне айналған.

Тарихтағы Дүнгендердің ұлт болып қалыптасып, дамуы барысындағы біртіндеп бытырауына байланысты, мешіттер де Қытайдың жер — жеріне салынған, мұның ішінде, Гуаңжоудағы Хуайшың мешіті, Чуанжоудағы Шыңйоу, Хаңжоудағы Жынжяу мешіті, Яңжоудағы Шианхы мешіті бар. Бұлар оңтүстік және шығыс теңіз жағалауындағы "Төрт ірі ерте заман мешіттері " деп аталады; Ши-ан қаласы Хуажө көшесіндегі мешіт, көлемі зор, сәулет үлгісі ерекше, салтанатты да көркем, айбынды да қарапайым болып келген де, Қытайдағы мешіт сәулет үлгілерінің бірегейі саналады. Жиниңдегі батыс үлкен мешіттің намаз залы көлемінің кеңдігі жағынан Пекиннің Гугұң (яғни патша сарайы) сарайындағы Тайхы залынан қалса екінші орында тұрады. Ниңшядағы Тұңшин үлкен мешіті, өзінің тұтас тұлғалық сәулеттік үлгісі жағынан ислам мәдениет өнері мен Қытай дәстүрлі сәулет стилін шеберлікпен тұтастырған. Сәулет үлгісі салтанатты да көркем, қарапайым әрі кең-мол. Жоғарыда айтылған мешіттер, Қытайдың ішкі өлкелеріндегі өздерінің ислам діні ерекшелігін алған құрылыс стилімен Қытай ерте заман мәдениет қазынасындағы құнды мұраға айналып, Қытай сәулетшілігі тарихында маңызды орын иелейді.

Дүңгендер көбіне егін шаруашылығын экономикалық тұрмыстың басты қайнары етеді. Әйткенмен, Дүнгендер Қытай жерінде бытыраңқы мекенденуі себепті, олардың экономикалық жағдайы Қытайдың ұлан-байтақ жерлерінің, жаратылыстық ортасының және экономикалық шарт- жағдайының алуан-түрлі объективтік болмысымен сәйкесіп, көп деңгейлі, көп құрылымды болудай көрнекті ерекшелік алған. Гансу, Ниңшя, Чиңхай аумағындағы дүңгендер егіншаруашылығын негіз етіп, мал шаруашылығымен қосымша шұғылданады; Шинжяң мен ішкі Моңғол аумағындағы Дүнгендер егіншаруашылығы мен мал шаруашылығын ұштастырған, немесе, мал шаруашылығын негіз еткен; Хынан, Хыбей, Шандұң қатарлы ішкі Қытайдағы Дүнгендер егіншаруашылығымен шұғылданудан сырт, маусымдық шағын саудамен, шағын қолөнер кәсіппен көбірек айналысады; Йүннандағы және Қытайдың оңтүстік-батыс өлкелеріндегі дүңгендер егін шаруашылығымен де, саудамен де шұғылданады, немесе сауда, тасымал кәсібін негіз етеді; Хайнан өлкесі қатарлы оңтүстік және шығыс теңіз жағалауы районындағы Дүңгендер теңізшілік және балықшылық жұмысымен шұғылданады. Қытай қалаларында бытыраңқы қоныстанған Дүнгендер саудамен және түрлі қызмет өтеу кәсіптерімен көбірек айналысады. Тарихтан бері Дүнгендердің өз үйлерінде мұсылман тағамдарын жасау, сату дәстүрлері бар. Мұның ішінде, мұсылманша қышқылтым сорпа, қой еті тұшпарасы, асқан қой еті, буға пісірілген құйрық май, қой сорпасына малшыған бу нан, қуырған бидай, мұсылманша торт-праниктер секілді тағамдары бар. Дүнгендер тағам даярлау жағынан Қытайдың дәстүрлі тағам дайындау мәдениетінің жауһарын қабылдап, оны жасампаздықпен дамыта түсіп, осы заман Қытай сауда базарына салып, әрқайсы ұлттардың алқауына ие болды. Көнеден келе жатқан мұсылман асханалары жаңарып, өркендеп, ірі мейрамханаларға айналды.

Қазақ энциклопедиясы

Massaget.kz

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста