Дана халықтың ұрпағы едік

Қазақтың басына қара бұлт үйіріліп, мемлекеттің даралығына қатер төніп, тәуелсіздігімізді тәрк етіп ала жаздадық. Әлеуметтік желіде қанталап, құтырынып, іріткі салуды көздеп отыратын бір топтар бар еді. Солардың көксегендері болып, қан төгілді, шаңырақ шайқалды, тыныштық бұзылды. Мәселенің мән-жайына түсініп үлгермегендер бүлікшілердің айтағына ерді, сөйтіп, лаңкестердің қатарын толықтырды. Одан артық надандық, арсыздық, топастық бола ма?! Дегенмен айтарым қаралы күнді еске салу емес еді.

Жамағатқа жау шапқанда басқа бірқатар елдер басшылары сияқты өзге мемлекетке бас сауғаламай, елмен бірге болып, сарабдал саясат ұстанған Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, ризашылығымды білдіру болатын. Мәлімдемесінде де халықтың қамын, елдің жайын, республиканың болашағын ойлаған тамаша жобалар айтылды. Соның бәрін ел болып, ауызбірлікті жұрт болып, жүзеге асыруға кіріссек, ойдағымыз орындалса біздің ел сәулетті де дәулетті ел болатыны хақ. Оған негіз мол. Тек алауыздық іздеп, өз қарындарының қамын ойлаған адамдардың, солардың идеяластарының етектен тартуына, астыртын әрекеттеріне жол ашпау керек.

Елбасы Н.Назарбаевтың да егемендік алуға қосқан, елдің еңсесін көтеруге сіңірген еңбегі бар, оны көрмей, көрсоқыр болуға болмайды. Тәуелсіздік алғанымыз жарияланғанда жартылай ашқарын отырсақ та, еңіреп жылағанбыз. Оған Құдай куә! Мемлекеттің жағдайы өте қиын болатын, Ресей өз ақшасын айналымнан алды, теңге кіріп үлгермеді. Азық-түлік қат. Осының бәрін менің замандастарым біледі. Ондайдың бәрін тізіп неғылайын... Қазіргі тойынған адамдар шет-жағасын білсін, тәуелсіздіктің құнын түсінсін, ілік шығарып, ел іргесін сөкпесін (сөгітпесін) деп айтып отырмын.

Қазақ халқы сөздің мәнін түсініп, бір ауыз ақиқат сөзге тоқтай білген, парасат-пайымы мол, ақылды халық екенін мақтан тұтамыз. Еуропаның талай елінде, Америка, Қытай, Түркия сияқты бірқатар мемлекеттерде болған сайын, журналист болғандықтан жергілікті халық өкілдерін салыстырып, ерекшеліктерімізді екшей жүретін дағдым. Көп жағдайда қазақтың халық ретіндегі қасиеттерін жоғары қойып, елді, жерді, ақыр аяғы суымызды аңсап қайтатынмын. Өйткені Жаратушы Иеміз бізден ештеңені аямаған екен. Сондықтан сол тамаша қасиеттерімізді бағалай отырып, мемлекеттігімізді сақтап, елдігіміздің рухын көтерейік. Бағымызға парасаты мол, білгені көп, сарабдал саясаткер басшыны берген екен, соны бағалай білейік. Ұрпағымызға ұлағатты істер қалдырайық.

Клара Қабылғазина,

Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының

қауымдастырылған профессоры

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста