Әруақ туралы бір ауыз сөз

Кез-келген жаратылыста жан бар. Себебі, жансыз нәрсе Алладан тыс тұрады. Ал біз мұсылман болғандықтан Алладан басқа Тәңір жоқтығына иман келтіреміз. Сондықтан қалайық-қаламайық кез-келген жаратылыстың әруағы болатындығына бас шұлғуға тура келеді.
Алайда осы басы ашық мәселенің өзі бітіспес дауға ұласып жатады. Ал біз бұған Алланың жарату сипаты адамға да тән дегенді қосып айтамыз. Демек... Дұрыс. Біз де жарату құзыретіне иеміз. Жалпы мұны діндарлар негізінен жоққа шығармайды. Алайда кейбір түйткілді мәселелер тұрғысында кілтипандар бар дә. Сондықтан біз шамалы тәптіштеңкіреп айтқанды жөн көріп отырмыз.
Сонда біз не жаратамыз? Айналамызға назар салайық. Айналамызда адам баласы иелік ететін нәрсеге көз тұнады. Соладың бәрін адам игілігіне айналдырған бізбіз. Иә. Оған талас жоқ. Талас... Дұрыс. Біз сол барлық жаратылған нәрселерде жан, яғни әруақ бар дедік. Егер оларда әруақ жоқ десек, онда олардың шынайы иесі, яғни Құдайы біз болып шығамыз. Сондықтан оларда әруақ бар дегенге тағы да еріксіз бас шұлғуға тура келеді. Білген жөн. Қай заттың да әуелі әруағы жаратылады. Жаратылар нәрсенің кескіні, сұлбасы әуелі ойда піседі. Ол ой одан әрі дамиды, жетіледі. Бір сөзбен айтқанда, әруағы дайын болғанда оның сұлбасы да көзге елестей бастайды. Ал қалғаны жәй теxникалық жұмыстар. Жолға шыққан адам екеу болса да біреуін басшы сайлап алу қажеттілігі туралы xадис бар. Себебі, басшы сайлау арқылы әлгі сапар әруағы жаратылады. Сондықтан сайланған басшы сөзі әруақ иесі болғандықтан үстем болады. Бұрын әр ауылда аузы дуалы қариялар болған. Себебі, әр ауыл адамы өз сенімдерін сол адамға артқан. Сондықтан бір ауыл адамдарының сенім қуатына, яғни әруағына иелік ететін әлгі қарияның дұғасы әмәнда қабыл болатын. Соған орай біздің ата-бабаларымыз қай істі де бастамас бұрын әуелі батаға жүгінетін. Ал ондай батагөйлер "әруақты адам" деп дәріптелетін.
Ал бүгін... Иә. Әруақты тәркі еттік. Нәтижесі - қаптаған Құдайлар. Біз қазір әр сала тұлғаларының бәрін бір-бір Құдайға балаймыз. Себебі ол адам өзі қол жеткізген нәрсенің иесі. Сондықтан мадақ Аллаға емес, жеке адамдарға айтылады. Шынтуайтына келгенде оның иесі - әруақ. Дұрысы - әруақтағы Аллалық сипат. Ал біз оның әлеуетіне ешқашан мән берген емеспіз. Мән бермек түгілі оның өзін де жоққа шығардық. Әруақ қызметін түйсіну үшін әуелі өзімізде болып жатқан мына бір ғылыми тұжырымға назар аударайық.
Адамның денесі орасан зор завод-фабрикалардан тұрады. Адамның денесі сансыз бөлмелерден тұратын үлкен ғимаратқа ұқсайды. Бұл үлкен ғимаратта сан түрлі фабрикалар жұмыс атқарады. Олар қызметінде еш кемшілік болмайды. Адам денесінде әр түрлі және өте аралас формуладағы заттар өндіретін, түрлі xимиялық реакциялар құратын, анализ жасайтын,емдейтін, тазалайтын, улы заттарды жоятын, жараларды жазатын, заттарды сүзгіден өткізетін, энергия беретін жүйе, электр желілері, басқару жүйесі, электроникалық компьютер, xабар беру қондырғысы, микроппен күресу және оларды жою жүйесі бар. Жүрек болса еш тоқтамай істеп тұрған бір насос. Дене ғимаратында азық қоймасы, қауіп-қатер дабылы, жылыту жүйелері, есту, күш-қуат, әскери база, радарлар, бөлмелер арасындағы жолдар, таситын көліктер, асxаналар, канализация желілері, обсерваториялар, мазарат сияқты қажетті мекемелердің бәрі бар және олар тоқтаусыз, әрі мүлтіксіз қызмет етуде.
Міне осы біздің еркімізден тыс "өздігінен" атқарылып жатқан қызметтер адам руxы денеден шыққан кезде тоқтайды. Бүкіл жаратылыс, 18 мың әлем де өз тыныс-тіршілігін тап осылай тоқтатады. Ал одан кейін... Ол енді бөлек әңгіме.

Құдияр Біләл,
Ұлт порталы 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста