Жақында Ресейлік «Русская Семерка» газеті «Темірланның ұлты кім болған» деген мақала жариялапты:
«Темірлан барлас руынан шыққан. «Барлас» этнонимі Шыңғысхан заманынан белгілі. Көптеген дереккөздерде барластардың түркілер арасындағы күшті, беделді рулардың бірі болғаны айтылады.
Арап тарихшысы Рашид ад-Дин былай деп жазады, Шыңғысханның өз баласы Шағатайға бөліп берген төрт мың қолдың басым көпшілігі барластардан тұрған және олар басында монголдың барулас руы деп аталған, монгол тілінен аударғанда «жуан, күшті». Және сонымен қатар «қолбасшы, көшбасшы, ержүрек жауынгер» деген атақтарды соғыстардағы ерлігі үшін иемденген.
Темірлан үнемі өз аталарының Шыңғысханның аталарымен тумалас екендігін айтып мақтанып жүрген және оған аса көңіл бөлген. Темірланның әскер басшыларының басым көпшілігі барластар болған. Қызығы, парсы патшасы Мансұр Мұзаффари Темірланға жіберген хатында Темірланды «өзбек», «ақсақ Темір» дегеніне қатты арланып, ашуланған. Міне осы сөздер Ақсақ Темірдің парсының Шираз қаласына жорық жасап, қорытындысында қала талқандалып, тонауға ұшырауына себеп болды.
Қазіргі уақытта барлас руы Моңғолиядағы қалқа-моңғолдар және Қалмақ Республикасындағы (Калмыкия) қалмақтар (ойраттар) арасында тараған. Олардың ұрпақтары Өзбекстанда, Тәжікстанда және Қырғызстанда тұрады» (Русская Семерка (27.09.2016 жыл https://russian7.ru/post/kem-po-nacionalnosti-byl-tamerlan/).
Біріншіден, мақала да көрсетілгендей, Рашид-Ад-Дин арап тарихшысы емес. Рашид-Ад-Дин - Парсы (Иран) елінің билеушісі Қазан ханның бас уәзірі, Екеуі де Шыңғыс ханның тікелей ұрпақтары. Қазан демекші, Шыңғыс ханның тегі қазақ болмаса, ұрпағының аты Қазан деп қойылмаған болар еді.
Екіншіден, Барлас руы тек қана қалқа-моңғолдар мен қалмақтар арасында емес, олар Башқұрттардың Табын тайпасының құрамында да бар. Сонымен қатар, барын қырғыздардың арасында этноним ретінде сақталса, қытай, найман тайпаларымен бірге бағыш тобына кіреді. Қырғыз бен Башқұрт барындарының таңбалары да бірдей. Барындар Қырым татарлары арасында да кездеседі.
Үшіншіден, осы Барлас руының атауы тек қана бұлай емес, Баарын, Барын, Барнауыл (Барын ауылы), Барул (Бәрі ұл), Барулас (Бәрі рулас, яғни бәрі бір атаның баласы) деп те атала береді. Бұл атаулардың бәрі таза қазақи сөздер болып табылады. Әйтпесе, біздің сөздік қорымызда Ар, Бар, Бару, Бармау, Барыс, Барлық, Жолбарыс деген сияқты сөздер болмаған болар еді.
Ал, екінші буындағы «ын», «ауыл», «ул», «рулас» деген сөздер өзі–өзінен түсінікті болса керек. Себебі, осы «ын» деген түбірден туындайтын ындын, ындыны кебу, ындық, ындықтың түбі, қын, қынап, (қылыштың, қанжардың қынабы) бұл ұғымдардың тегі әйел дегенді білдіреді. Ауыл – түбірі «Ау» (Ауа Ана), яғни бәрі бір Ананың баласы, Ул (Ұл) – бір Атаның баласы, Рулас – Аталас деген сөз. Өздеріңіз көріп отырғандай, Қазіргі Азия (Қазия, Қазақия) Аталық текті, ал Европа (Ев, Ева, Дева, Девушка) Аналық текті құрайтының сыры осы. Ежелгі шежірешілердің батыс елдерін, соның ішінде орыстарды да жиендер елі дейтіндерінің де сыры осы.
Барынның (Баруластың) рулық бөлімдерін: бурус, бэрэкэн, бутис, дэрджимэн, давлетбай, казах, калмак, караелкэ, кара угез, кулуй, кузян, куй-сары, кустанай, кызылбаш, кыргыз, карим, кэсэк, мышар, мустафа, урюк, сукур, субей, сутек, сыскан, табын, туктагул, тулуптар, туркмен, тунгатар, тэкэ, тупэй, ун, хаискан, сапаш, сарт, хупэис, сызгы, шуран, айле, акунчук, алакай, бурангул, илек-аймагы, имел, исянгул, казах, калмак, катай, суваш, таз, татар, таук, турна, исмаил, юлыш құрайды.
Ежелгі біртұтас Алтай өлкесі төртке бөлінгенде Ресейге қарасты Алтайдың бөлігінде Барнаул атты қала бар.
Ресейге қарасты Алтай өлкесінің орталығы Барнаул қаласы атауының шығу тегіне келсек:
«216. Мұңал шындығы бойынша, бізде нояндық шен – бекі қоятын дәстүр бар. Боданшардың үлкен ұлы Барынның тұқымдары осындай шенге ие болған...» (Мұңалдың Құпия шежіресі. 154 бет.) Маңғыстаудағы Жетібай кенті (Қарақия ауданы) мен Шетпенің (Маңғыстау ауданының орталағы) арасындағы елді мекен күні бүгінде де сол дәуірдің тірі куәсіндей «Бекі», сол сияқты Каспий – Арал аймағы Жем өзені бойында Казбек деген жер, қазіргі Грузияның Аландар еліндегі (солтүстік Осетия) тау мен елді мекен «Казбек», яғни Қазақтың бегі деп аталады.
Сол Боданшар мұңалдың (сол заманғы жазбалардың бәрінде де Боданшардың тегі Мұңал деп жазылған) үлкен баласының ауылынан Барнаул (Барын ауыл) деген топономикалық атау қалды.
Қала Алтайдың солтүстік-шығысында орналасқан, 2014 жылғы санақ бойынша 819 000 адамды құрайды. Бүгінгі Барнауылдықтар (Ресейліктер) Барнаул деген сөздің қайдан шыққанын бірде-бірі түсіндіріп бере алмайды. Себебі, бұл атау олардікі емес. Атасы, баласына ат қоярда, оның мағынасын тек сол Аталары ғана біледі.
Бұған дәлел ретінде «Асыл аңызға» жүгінейік:
Шыңғысхан төрт ұлына үлес бөліп бергенде: «243. Шыңғысхан одан әрі былай деп жалғастырды:
...Шағатайға – үшеуін: Қарашарды, Мөңкені және Үдең Адайды».
Шағатайға бөлінген Қарашар ноян осы Шыңғысхан құрған алып империяны құлатқан Әмір Темірдің (ақсақ Темірдің) бабасы болатын. Ол 1221 жылдың 22 қазан айында Иранның Нишапур қаласын алу кезінде қаза тапты. Ал, Әмір Темірдің өзі Шыңғысхан әулетінің күйеу баласы, туыстық жағынан Шыңғыс ханға тоғызыншы атадан барып қосылады, яғни Әмір Темір де, Шыңғыс ханда Боданшар Мұңалдың ұрпақтары. Боданшар Мұңал – Қабыш Батыр – Менін Тудың – Қашуын (Барлас руы тарады) – Барул Адай...Қарашар ноян... Әмір Темір.
Барын ауыл (Барнаул), Барлас руы, Барул Адай - бұл Ақсақ Темір шыққан рудың аты.
Бұл жайлы Өзбекстанның көрнекті жазушысы Березиков Е.Е. өзінің «Великий Тимур» атты роман-хроникасында былай деп жазады. «Әмір Темір, сен есіңде ұста, ешқашан ұмытпа. Сен Темір Тарағайдың баласысың, ал Тарағай - әмір Барғұлайдың баласы, Барғұлай - әмір Илынғыздың баласы, Илынғыз – Бахадурдың баласы, Бахадур – Анжал Ноянның баласы, Анжал ноян – Суйініштің баласы, Сүйініш – Ердамшы Барластың баласы, Ердамшы Барлас – Қарашар ноянның баласы. Ал Қарашар ноян болса Шыңғысханның тумаласы» (56 бет).
Қазақ қағанатын (Қазақтың Алаш, Алтын Ордаларын) күйретіп, бүкіл әлемге түгелге жуық билігін жүргізсе де Ақсақ Темірге Атам қазақтың ең ұлы қасиетті ҚАҒАН деген лауазымы берілмеген. Оған сен атаның қарашағырағының иесі емессің, деп Гүрген (күйеу бала) және Әмір Темір деген лауазымды еншілеген. Екеуі де «аналық» текке жатады. Ақсақ Темір билігін заңды етуге тырысып, Әмір аталу үшін Шыңғысхан ұрпақтарының қызына үйленген. Әңгіменің ашығын айтқанда, қазіргі моңғолдың «Гэр» – үй сөзі де, «Гүрген» – «күйеу жігіт» сөзі де қазақтың «кір (кірме)» деген сөзінен шыққан. Байқағанымыздай, сөзді зерттегенде халықтың салт-дәстүрімен, тарихындағы мысалдармен салыстыра зерттеу ғана дұрыс нәтиже бермек. Ақсақ Темірдің ақиқаты осы.
Осы тарихи жағдайларға аталарымыздың қандай баға бергендіктерін саралайтын болсақ, кез келген тарихтан сәл-пәл болса да хабары бар жандар мына жағдайды аңғарары сөзсіз: Шыңғыс хан жайлы қазақ шежіресі бірде-бір артық сөз айтпайды. Оны хан, қаған (әлем билеушісі), әділет үшін күресуші, әулие (әулеттің иесі) деп әспеттейді. Ал, қазақтың Алтын Ордасы мен Осман империясын күйреткен Ақсақ Темірге аталарымыз ондай құрмет көрсетпейді. Мына көрші өзбектер оны Әмір Темір, Сақыпқыран, Көреген деп құрметпен атаса, біздің аталарымыз оны жай ғана ауыл, үйдің аяғы ақсақ тентек баласы іспетті Ақсақ Темір деп атаған. Қазақта дені дұрыс, құрмет көрсететін адамының дене кемшілігін есіміне қосып атамайды. Әйтпесе, ежелгі қазақта дене кемшіліктері (соқыр, шолақ, бүкір т.т.) бар билеушілер (хандар мен қағандар) аз болмаған. Демек, адам баласы дүниеге келеді, өледі, өлгесін ұмыт болады. Тек екі адам ғана мәңгі өлмейді: біріншісі елін жақсылыққа жақындатқан адам, екіншісі Ата жұртын сорлатқан адам.
Атам Қазақтың «Іштен шыққан жау жаман» деп Ақсақ Темірді қазаққа жолатпайтындарының сыры осы.
Қожырбайұлы Мұхамбеткәрім,
Маңғыстау
Abai.kz