Әлиханның ұлы - Үгедей... Сергей Бөкейханов...

«Алаш қозғалысының жетекшісі, ұлт көсемі Әлихан Бөкейханның ұлы Үгедейдің осыдан 89 жыл бұрын Жезқазған жеріне табаны тиіп, еңбек жолын Қарсақбай мыс комбинатында бастағанын біреу білсе, біреу білмеуі мүмкін. Кейбір жазбаларда Үкітай немесе Өкітай деп те аталып жүр. Құжат бойынша оның аты-жөні Сергей Александрович Бөкейханов екен. Асылдың ұрпағының Жезқазған өңіріне келуіне қазақтың айтулы геологы, академик Қаныш Сәтбаев себепкер болған көрінеді» деп жазады «SARYARQA» газеті.

Мақала авторы бұл жөніндегі деректерге қалай қол жеткізгенін айта келе, кейбір мәліметтердің ала-құла екенін алға тартады. Сосын автор өзіндегі деректерге сүйене отырып, Сергей (Үгедей) Бөкейхановтың Ұлытау өңіріндегі Қарсақбайға келуіне Қаныш Сәтбаев себеп болғанын жазады.

Дерекке сүйенсек, Сергей Бөкейханов 1930 жылдың басында Ұлытау өңіріне келіп, Қарсақбай комбинатының геологиялық бөлімінде аудандық геолог болып жұмысқа кіріседі. Жезқазғандықтар оны Ақтай деп атапты. КСРО Ғылым Академиясының Үлкен Алтай және Үлкен Жезқазған проблемаларын талқылауға арналған 1934 жылдың 10-15 қарашасында Мәскеуде өткен ғылыми кеңесінің сессиясында белгілі ғалымдардың қатарында Қаныш Сәтбаевтан кейін Сергей Бөкейханов та бес түрлі тақырып бойынша баяндама жасайды.

Бөкейхановтың өмірінің кейінгі жылдары туралы дерек аз екен. Автор бұның бір себебін оның арнайы тапсырмамен жабық әрі мемлекеттік құпия болып саналатын уран кеніштерін ашып, өндірісін басқарғанымен байланыстырады.

1957 жылы жұмбақ жағдайда өмірден өтіпті.

Мақалада айтулы тұлғалардың артындағы ұрпақтары туралы да сөз болады. «Үгедей (Сергейдің) баласы Евгений бүгінде 81-ге қарады, Мәскеуде тұрады. Техника ғылымдарының кандидаты, ақындық қасиеті бар дейді.

Алаш көсемі Әлекеңнің ата тегі Шыңғысханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы екенін ел білсе керек. Евгений мен оның баласы Петр 1992 жылы аталары Әлихан Бөкейхановтың 125 жылдығына байланысты Ақтоғайда ұйымдастырылған ғылыми-тәжірибелік конференция мен мерекелік шараларға қатысуға келіпті. Қайрекең сол жолы оларды аралатып Ұлытауға әкеледі, ұлы бабалары Жошыхан, Алашахан кесенелерінің басына тағзым жасатады. Сол жолғы әсерден туған Евгений Бөкейхановтың «Жошы хан туралы» өлеңі баспадан шыққан «Свидание со степью» атты жинағына енгізіліпті. Жақсыдан қалған тұяқ қазір сексеннен асып, шау тартқанмен өлең жазудан қалмаса керек».

Мақалада сонымен қатар, Әлиханның шөбересі саналатын Петр туралы да аз-кем мәлімет келтіріледі. Ол 1970 жылы туған екен. Мәскеудің энергетика институтын бітірген соң ішкі істер органында қызмет істеген, милиция подполковнигі. Заң ғылымдарының кандидаты, «Курская битва» деген көлемді трилогияның авторы.

 ҚазАқпарат

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста