Әлемді мойындатқан Рахат-Би

Бүгінде білім, ғылым, өнер жолына түсемін деген жастарға мүмкіндік мол. Бойында табиғи дарыны болса, соны ұштап, ізденіп, мақсатына ұмтылғандар биіктен көріне алады. Алматылық Рахат-Би Әбдісағин есімді азаматты осындай жастарымыздың ішіндегі бірегейі деуге болады.

 

13 жасында студент атанған

 

Рахат-Би Әбдісағин 1999 жылғы 2-ақпанда Алматы қаласында өмірге келген. Ол мектепте оқып жүрген кезінде, 10 жасында алғашқы музыкалық шығармасын жазған. Музыка мектебінде оқи жүріп Алматы консерваториясындағы профессорлардан дәріс алған. Ол тек музыкалық білім алумен ғана шектелмей, кітапты көп оқыпты, жүзумен айналысыпты, кескіндеме салуға, балаларға күрделі тиетін математика мен физика пәндеріне қатты қызығыпты.

 

Рахат-Би 13 жасында студент атанған, бір­неше халықаралық байқаулардың жеңімпазы болып, П.Чайковский атындағы халықаралық конкурс байқауы жеңімпаздары қауымдастығының мүшелігіне қабылданған. Ол – 14 жасынан бері «Импульс» заманауи музыка орындаушылары мен композиторлары халықаралық академиясының ең жас әрі тұрақты қатысушысы, жыл сайын әлемдегі 24 елдің 200-ге жуық ең үздік музыканттары мен педагогтары қатарында П.Чайковский атындағы жасөспірімдер бай­қауына әділқазылық етеді.

 

Ол 14 жасында «Математика және қазіргі заманғы музыка» атты ғылыми еңбекті өмірге әкелген, ол кітап бірнеше тілде жарық көрген. Осы еңбегі 2013 жылы Мәскеуде өткен VІІ халықаралық ғылыми жобалар байқауында 1-ші орынды иеленген.

 

Рахат-Би – «Дарын» мемлекеттік сыйлығының ең жас иегері. Ол – 17 жасында ТМД парламентаралық ассамблеясының «Мәдениет пен өнерді дамытудағы ерен еңбегі үшін» құрмет белгісімен марапатталған ең жас және жалғыз мәдениет қайраткері. 2017 жылы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» ұлттық жобасының жеңімпазы деп танылған.

 

Ол 17 жасында магистрант болған, ал 18 жасында магистрлік диссертация қорғаған, сөйтіп, өнертану ғылымдарының магистрі атанған. 18 жасында П.Чайковский атындағы Мәскеу Мемлекеттік консерваториясында бір айлық тәжірибеден өткен. Клин қаласында оған әйгілі Чайковскийдің жұмыс кабинетіндегі пианиносында ойнау құрметі көрсетілген. Мәскеу мен Берлиндегі баспа үйлерінен оның «Ғажайып жол» және «Тұңғиықтың төбесінде» деп аталатын симфониялық партитураларын жарыққа шыққан. Сондай-ақ оның «Үйлесім қырлары», «Ғарыш үніне он мәрте жанасу» атты туындылар жинақтары жарық көрген.

 

Шығармалары әйгілі әлемдік қорға ендірілген

 

Бүгінде Рахат-Би аты әлемге танылған композитор, пианист. Оның шығармалары АҚШ-тағы Оңтүстік Иллинойс университетінің «Дискографи» оркестрімен фортепианоға арналған туындыларды орындайтын әлемдік қорға енген. Бұл қорда Бах, Моцарт, Гайдннан бастап, қазіргі әлемдік классикалық музыка өнерінің жауһарлары жинақталғанын ескерсек, Рахат-Бидің музыкалық шығармалары солардың қатарында тұрғанының өзі Қазақстан үшін зор мақтаныш. Оның туындыларын Еуропа, Азия, Америка құрлықтары елдерінің симфониялық оркес­тр­лері, камералы ансамбльдері мен атақты ән­шілері орындайды.

 

Бүгінде Рахат-Биді жұрт «Қазақтың Моцарты» деп атайды. Осы уақытқа дейін ол 100-ден астам музыкалық шығармалар жазған. Шетелдік сарапшылар оған «Қазақтың нағыз ғажайып құбылысы, мінезінде амбициясы, қолында күші бар асқан шебер пианист» деген баға берген.

 

Оның шығармаларынан концерттер әлемнің Лондон, Париж, Берлин, Вена, Мәскеу, Лос-Анжелес, Анкара, Сеул, Бейжің, Каир, Александрия сынды ондаған үлкен қалаларында болып өткен. Рахат-Бидің өзі жеке және авторлық концерттермен әлемнің көптеген елдерінде болған. Ол 2017 жылы Италияның Рим және Падуя қалаларындағы екі бірдей жоғары оқу орындарының, ал 2018 жылы Милан қаласындағы консерваторияның докторантурасына қабылданған. 2019 жылы осы үш бірдей музыкалық жоғары оқу орнын өте жақсы деген бағалармен бітіріп шыққан.

 

Рахат-Бидің концерттері астанадағы, Алматыдағы үлкен залдарда өтеді. Ол Оқушылар сарайында, Қазақ Ұлттық өнер университетінде, Құрманғазы атындағы Ұлттық консерваторияда, сондай-ақ бірқатар шетелдердің музыкалық оқу орындарында лекция-концерттер өткізіп тұрады.

 

Рахат-Би қазақ тілінде еркін сөйлейді, ол орыс, ағылшын, испан және итальян тілдерін меңгерген.

 

Ол қандай отбасында туып-өскен?

 

Рахат-Бидің ата-анасы да есімі көпке белгілі, елге еңбегі сіңген жандар. Олар баласына өмірлік азық болар тәрбие берген, тамаша білім алып, өнер меңгеруіне барлық жағдайды жасаған.

 

Рахат-Бидің әкесі Төлеген Қожамқұлов – Қазақ Мемлекеттік университетінің түлегі, белгілі ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық ғылым академиясының академигі, ғылым мен техникаға еңбегі сіңген қайраткер, ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері. Кезінде Жетісу Мемлекеттік университетінің, Қазақ Мемлекеттік университетінің ректоры, Ғылым академиясының вице-президенті болған. Көптеген ғылыми еңбек­тердің авторы.

 

Т.Қожамқұлов – Алматы облысының, осы облыстағы Жамбыл ауданының, Талдықорған қаласының, сондай-ақ АҚШ-тағы Тусон қаласының Құрметті азаматы атақтарының иегері. Ол «Парасат» және 2-дәрежелі «Барыс» орденде­рімен марапатталған.

 

Ал Рахат-Бидің анасы Гүлмира Есімбаева – белгілі педагог, заңгер-құқықтанушы. Жамбыл педагогика институтын, Қазақ Мемлекеттік уни­верситетін бітірген. Қазақ, орыс, ағылшын тіл­дерінде еркін сөйлейді.

 

Ол кезінде мектептерде еңбек еткен, кейін Алматы қалалық білім басқармасының басшысы болған. Білім беру саласына еңбегі сіңген ұстаз, көптеген Алғыс хаттардың, басқа да марапаттардың, «Құрмет» және «Парасат» орден­дерінің иегері. Парламент Мәжілісінің 4-ші, 5-ші және 6-шы шақырылымдарына депутат болып сайланған. Ол кісі 2016 жылдан бері Мәжіліс төрағасының орынбасары болып келеді, ондағы «Нұр Отан» партиясының фракциясын басқарады.

 

Міне, осындай өнегелі отбасында өскен өрен бүгінде әлемге танылып, Қазақ елінің атын шығарып жүр. Біз бозбала шағынан-ақ халықтың сүйікті ұлына айналған Рахат-Бидің бұдан да биіктерден көріне беруіне тілектестігімізді біл­діреміз. Денсаулығы зор, ғұмыры ұзақ бол­ғай!

 

Т. ТҰРАН.

www.zamana.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста