Адамзат алаңдаулы, тықыр таянғандай тыпыршып тұр...

Не боп бітер екен...?

Кейде жұбайың сіңлісімен немесе мамасымен телефонда сөйлесіп жатады. Байқап отырасың, біресе күледі, біресе қабағы түйіледі. Тіптен жылап та алуы мүмкін.
"Не болды, тыныштық па",
деп сұрайсың.
"Е, жәй, әншейін", деп, бәрін айтпаса да, саған ыңғайлылау бір вариантты айта салады.
"Е, бопты, әйтеуір, аманшылық болсын" деп, сен де ары қарай қазбаламайсың. Бәрін білгенде не істейсің?! Білмегенде неден құр қаласың?!

Кейде балаларыңның дауысы қатты шығып қалады. Бөлмесіне кіріп барасың.
"Не болды, ей, тыныштық па", деп сұрайсың...
"Жәй, әке, бәрі дұрыс, тек бір сұраққа таласып қалдық" деп, жорта жауап береді. Айғайдың анық себебі ол емес екенін білсең де, сенген сипат танытып, "е, бопты, байқаңдар әйтеуір" деп, сыртқа беттейсің...

Кейде, туысқандарыңның, көршілеріңнің бір-бірін жақтырыңқырамай, жақпай қалған жерлерін саған сыр қылып айтқысы кеп тұрғанына тап боласың. Өкпе мен ұрыстың түпкі себебі басқа жақта екенін ішің сезіп тұрса да, "Сіздікі дұрыс қой, бірақ былай қылсаңыз жақсырақ болатын шығар" деп, әңгімені мүлдем бейтарап бағытқа бұруға тырысасың.
"Жоқ, бірінші ұрынған өзің ғой, бекер өйттің" деп, бетіне айтқанда кімге, не пайда, ақыры не болмақ?!
Нәтижесіз "шындық" пен пайдасыз "байқампаздықтың" біреуге берері бар ма?

Кейде сен тұрып жатқан елде, ағайынынан алғыс, маңайынан мақтау естіп көрмеген біреудің "Халқым, елім" деп, қарайған жұртты қақ жарып, "пай-пайлаған" көпті көлеңкесіне ілестірген күйі алдыңды кес-кестеп, діңкілдеп тұрғанына куә боласың. Білгесін ермейсің, ермесең елге "бөтенсің".
Ақырында "бетпақ жеңді, байғұс көндімен" жөніңе кетесің...

Кейде, байқаусызда бақ қонған, сатқындығын сақтық, бейғамдығын пәктік деп есептейтін шендінің шеңберіне кіріп қаласың. "Жаман түйенің жабулап алған ботасындай" хәлін көріп, отарлық санадан арылмаған елінің бұдан артық ұл тәрбиелей алмағанын терең сезініп, алдағанын алғыс айтқандай, қабылдағанының өзін қатын әпергендей көріп, қалбалақтап далаға шығасың. Жамандайын десең "жалғызың", жанашырлық күтейін десең "жалмауызың" екенін іштей сезіп, әрі-сәрі күйде, оның қақысын өзіне қалдырып, өз қақыңды Құдайдан сұрай бастайсың...

Кейде, біз ғұмыр кешіп жатқан әлемде, дүниені дүбірлеткен оқиғаларға куә боласың. Адамзат тарихында баламасы жоқ бүліктер мен құйындай бұрқаған құбылыстардың арасында өмір сүріп жатасың. Кино өндірістен асханадағы әңгімеге дейін, ақпараттық алпауыт компаниялардан бастап, уатсабтағы апамның жіберген хабарламасына дейін бізге бірдеңе түсіндіргісі келеді. Олай емес, былай екенін айтып түзетіп, белгілі бір бағытқа, болжаусыз бағдарға салғысы кеп жатады. Азғындықты абырой, тексіздікті тренд қып тұрғасын қарсыласқан боласың. Жүйкең шыдамайтын ақпаратты жұмыр жер беті жұмыла тарқатады. Бір елді бір ел талап жеп жатады. Мәдениеті терең деген ел зұлымдықтың ошағы, озбыр дегенің әділдіктің озық үлгісі ретінде насихатталады. Кейбіріне келісесің, кейбіріне үндемейсің. Дәлелі әлсіз нәрсеге ішің сенбей тұрса да, сыртың нанған кейіп танытасың. Сенбегенде кімге не дәлелдей аласың?! Иланбағаның кімге керек? Мысалы, көшеде шылым сұраған шпанаға "бар" десең де бәле, "жоқ" десең де бәле. Тиіскісі кеп тұр. Құтылудың, жолықпай кеткеннен артық жолы жоқ. Сондықтан, қазіргі заманда көпке топырақ шашпақ түгілі, әлсіз уәж де айта алмайсың. Керісінше, томпылдап топтың алдына түсесің. Қоғамның, адамзаттың, әлемнің ақысын беріп, өз ақыңды Құдайдан сұрайсың...

Ойланасың, саралайсың, сараптайсың.
"Бір жүректе екі бірдей махаббат қатар өмір сүрмейтінін" айтқан Абайға тағы да бір тәнті болып, фәнидің заңдылығына бас иесің. Алынбаған ақың, жазылмаған хатың, айтылмаған датың болса, мәңгілік ақыретке, таразысы әділ болған Алланың алдына қалдырасың...

"Дүние - зындан, пенде - қаперсіз, ақырет - хайырлы, Алла - мәңгі" деген бабалар даналығына тағы да іштей келісесің.
Сосын, өзіңді күзетіп, сөзіңді түзетіп, жауапкер болған жақындарыңа бұрыласың. Үлгі шашып, ізгілік үйретуге үлгере алар ма екем, деп, үмітті көзбен қарайсың ...

Себебі, адамзат алаңдаулы, тықыр таянғандай тыпыршып тұр.
"Күйеу келді" деген сөзді естіп, абыржып қалған айттырулы қыз секілді адамзат біреуді күтіп, бірдеңеге елегізіп тұр...

Мүміндерді жәрдемсіз қалдырмайтын Ұлы Раббымыз әр нәрсенің ақырын хайырлы қылғай!!!

Мұхамеджан Тазабек
Фейсбуктегі парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста