«Папа»сөзі қайдан шыққан?


Көршіміз қонақасы берді. Қасымда ауылдың имамы отырған. Осы кісінің ұлы есіктен кіріп келіп: «Папа, сені үйге бір кісілер келіп шақырып жатыр» деп зірк еткені. Баланың имам әкесіне “папа” деп тіл қатуы өте ерсі көрінді. Бұл кісі «имам» ба, әлде, «папа» ма, деген ой сол жерде қылаң бергені. Оны айтасыз ауылдың бір ауыз орысша білмейтін қазақтары балаларына “папа” мен “мама” сөздерін үйретіп қойған.
Осы «Папа» дейтін қайдан шыққан? Біздің заманымыздың төртінші ғасырында христиан діні, билік таласынан католик және православ болып екіге бөлінді. Сол кезде католик дінін қабылдап, өзімен бірге отбасын, ағайын-туысын шоқындырып, дінге қызмет еткен кісіні «папа» деп атаған.
Өкінішке орай қазір қазақтар арасында «папа» сөзінің асығы алшысынан түсіп, айы оңынан туып тұр. Есімізді жиып, тәуелсіздік алдық десек те «папа» деп айтудан жиренер емес.
Қазақ «папаларға» айтарым: – Сіздер балаларыңызға «папа» деп айытқызу арқылы, католик дінін насихаттап, шоқындыруға дайындап отырғаныңызды түсіне аласыз ба?
Ертеде орыстардың өзі «папа» деген сөзді “нан, ас-ауқат” деген мағынада қолданып, әкелерін «батушка» деп атаған. Ертеде қазақтар да, орыстарда әкесіне «папа» деп сөйлемеген. Католиктер «папа» сөзін Исус Христостың жердегі дінін таратушы өкілі, қызметшісі деп ұғады.
Кейінгі 50-60 жыл көлемінде орыс мәдениетіне құлданған қазақтар балаларына «папа» деп үйретіп, аналарын «мама» дегізді. Онымен қоймай орыстардың, «тетя» сөзін қазақ болдырғансып, туыстарын – Айгүл тәте, Фарида тәте, Айғаным тәте т.б. деп «тәте» деген сөзді зорлықпен сіңіріп келеді.
Сөзімізді қортындылап айтар болсақ: «папа» атауы отарлаушылар таңған оңбаған сөз. Оны асқар таудай әкемізге теліп айту арсыздықтың, көргенсіздіктің, топастықтың, кещеліктің, құлдықтың, арсыздықтың белгісі.


"Мен мұсылманмын" парақшасынан

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста