Жол белгілері қашан пайда болған?

Жол белгілері қашан пайда болған?

Жол белгілері автокөліктерден бұрын пайда болған деседі. Жол белгілерін кім ойлап тапқан?
Назым Қалуқызы,
Алматы облысы

Рас, алғашқы жол белгілері автокөліктерге емес, жаяу жүргіншілерге арналған болатын. Ал жол белгілері мен ережелерін тарихқа ең алғашқы болып енгізген – белгілі ел билеуші Юлий Цезарь. Ол Римде қандай да бір көлікті әйелдің жүргізуіне тыйым салатын заң қабылдаған еді. Кейіннен көлік көбейе бастаған тұста қала көшелерінде жол бағыттарын қол бұлғап көрсетіп тұратын бағдарлаушылар пайда болды. Тағы біраз уақыттан кейін олардың қолдарына белгі беретін қолшамдар берілді. Алайда мұндай бағдарлаушылардың уақыт өткен сайын көбейе түскен көліктердің қозғалысын реттеуге шамасы келмейтін еді. 1927 жылы көлік қозғалысын реттейтін алғашқы бағдаршамдар пайда болды. 1928 жылы Йэльск университетінде Гарри Хау деген кісі жасап шығарған бағдаршам алғаш Коннектикут штатына қойылды. Одан кейінгі бағдаршамдарды Чарльз Адлер деген өнертапқыш жетілдіре түсті. Мұндай бағдаршамдар қазіргі бағдаршамдай емес, әрине. Алғашқы бағдаршамдардың бір түстен екінші түске ауысуы үшін жүргізуші өзі белгі беріп, содан кейін ғана бағдаршамдардағы арнайы белгі беру будкасынан «жүруге болады» деген рұқсат белгісін күтетін болған.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста