Көгілдір экраннан көпшілікті күлкіге қарқ қылытаны жігіттердің жеке өмірі туралы, отбасылары жайлы біле бермейміз. Ендеше бүгін тапқыр жігіттердің бала-шағасы туралы деректерді назарларыңызға ұсынамыз.
Нұрлан Қоянбаев
Қазақстандық КВН жұлдыздарының ішіндегі ең танымалы Нұрлан Қоянбаев. Оның отбасын құрғанына 7 жылдай болыпты. Нұрланның жұбайының есімі – Әйгерім. Нұрлан өзінің сүйіктісімен Аграрлық университетте проректордың орынбасары болып қызмет істеп жүрген кезінде танысқан. Ол кезде Әйгерім студент болған. Екеуі оқу орындағы КВН кештерінің бірінде кездесіп, кейін бірнеше жыл араласып тұрады. 2008 жылы Нұрлан мен Әйгерім отбасын құрды. Бүгінде олар Нұрай және Нұрсейіт атты екі бала тәрбиелеп отыр.
Тұрсынбек Қабатов
Белгілі КВН жұлдызы Тұрсынбек біраз жылдан бері Мөлдір атты арумен бір шыңырақ асытнда тұрып келеді. Олардың 4 баласы бар. Әдемі, Айым, Айару атты қыздары мен Нұриман атты ұл тәрбиелеп отыр. Тұрсынбек өзінің жар таңдауда қателеспегенін, өзінің ең бірінші сыншысы да Мөлдір екенін айтады.
Дәуіт Шайхисламов
Танымал әзілкеш, "Наша Казаша" жобасының негізін қалаушы Дәуіт Шайхисламовтың жұбайы кәсіпкер Дана Орманбаева. Бұл жұптың Бексұлтан, Исламбек, Шарлиз және Дилан атты балалары бар. Дәуіт пен Дана 2005 жылы Мәскеуде наурыз меркесіне арналған шарада танысқан екен. Олар Ресейге бірге ұшып бара жатқанда ұшақтың ішінде-ақ Дана Дәуіттің назарына ілінген. Ұшақта ешкімге назар салмай музыка тыңдап, кітап оқып отырған әдемі қыз Дәуітке ұнап қалып, оныың нөмірін алып, қызға үлкен ілтипат көрсеткен. Содан бері олардың жұбы жазылмай келеді.
Нұртас Адамбай
Есімі көпшілікке жақсы таныс Нұртас Адамбайдың жұбайының есімі – Ғалия. Ол графикалық дизайнмен айналысады. Олар ортақ достарының туған күн кешінде танысқан. 2012 жылы олардың тұңғыштары Әлішер дүниеге келді. "Қандай қиындыққа тап болсам да, баласды қолыма алғанда бәрін ұмытамын" дейді әзәлкеш. Нұртас пен Ғалия біраз уақыт бөлек те тұрған уақыттары болған. Кейіннен балаларының толық отбасында тәрбиеленуі керек деген шешімке келіп, олар қайта қосылған. Бүгінде олар бақытты отбасы.
Кұмар Лұқманов
халықтың сүйікті әзілкештерінің бірі Құмар Лұқманов өзінің жұбайымен поезда танысқан. Ол Қазан қаласнан Мәскеуге жол жүріп бара жатқанда бір вагонда Гузель атты сұлу да болған. бірінші болып әдемі қызды Дәуіт байқап, Құмарға сұлу қызбен танысуға ұсыныс жасаған. Гузельді Құмар бір көргеннен ұанып қалады. Олар 1,5 жылдай сөйлесәіп жүреді. 2005 жылы олар отбасын құрды. қазірде бұл жұптың 4 ұлы бар.
Нұржан Бейсенов
Нұржан мен оның жұбайы Дина Бақыт және Айша атты екі қыз тәрбиелеп отыр. Бұл жұптың отбасын құрғандарына 15 жыл болыпты. Нұржанның айтуынша олардың бір-біріне бауыр басқандары соншалық, тіпті -бір-бірін туғанға дейін танитындай сезінеді екен. Нұржанның үлкен қызы бақыт музыкамен айналысады, жүзу және гимнастика секілді спорт түрлерінеқызығады. Ал Айша әзірге бала бақшаға барады, Таэквандомен айналысады екен. Нұржан үшін ең үлкен мақтау "Қыздарың әкесінен аумайды екен, қандай сүйкімджі" деген сөздер.
Дәурен Айдарқұлов
Дәурен өзінің жұбайымен 2007 жылы танысқан. ол павлодар қаласынан қайтып бара жатып, жолда Баянауылдағы жасыбай көліне демалуды ұйғарады. Сол жерде ол Баянгүл атты аруды жолықтырып, бір көргеннен ғашықө болып, бір жылдан кейін үйленеді. олардың Аяжан атты қызы, Абдурахмен атты ұлы бар, жақында тағы бір қыз бала джүниеге келді. Дәурен өзін өте тәжірибелі әке санайды.