Әлемдегі ең ірі иттер

Әлемдегі ең ірі иттер

Ағылшын мастифі – ағылшынның асыл тұқымды алып иті. Бұл алып иттің орта есеппен бойының биіктігі  69-91 см. Еркегінің орташа салмағы 68-110 келі, ал ұрғашысының орташа салмағы 54-91 келі. Мастифтер – ақсүйек иттер. Олар өте батыл, әрі адамға жақсы серік бола алады. 

Испаниялық мастифтің отаны – Испанияның Эстремадура қаласы. О баста бұл алып итті малдарды басқа жыртқыштардан күзету үшін асыраған.  Бойы 77-88 см, салмағы 80-120 келі шамасында. Алып ит үй күзетіне өте жақсы.  

Сенбернар – италиялық және швейцариялық алып ит. Бұларды о баста құтқарушылар есебінде асыраған. Өте мықты, ірі иттің бойы 65-90 см. Ал салмағы 80 келіден жоғары. Өте салмақты, сезімтал, адал ит. 

Пиренейлік мастифтің отаны – Арагона, Испания. Еуропаның оңтүстік шығысында пайда болған ірі ит алғашында мал бағуға өте икемді болған. Мұндай иттердің бойы 72-81 см, салмағы 100 келідей. Пиренейлік мастиф өте ақылды иттердің қатарында. Бүгінде олар күзет саласында пайдаланылады. 

 

Неміс догы – әлемдегі ең биік ит. Догтың ең аласасының бойы 80 см. Салмағ 45-91 келі аралығында болады. Зевс атты Мичигандық догтың бойы рекодтық көрсеткішке жеткен. Оның биіктігі 111,8 см. Оның тік отырғандағы бойының биіктігі 2,2 м. Неміс догы өте сымбатты, ақылды, тіл алғыш болып келеді. 

Тибет мастифі – өте көне асыл тұқымды иттердің бірі. Ол Гималай тауларында Тибет монастрындағы укөшпенділердің жанында жүретін болған. Бойының биіктігі 66-81 см. Салмағы шамамен 60-80 см. Тибет мастифі өте салмақты, ол үйде күзетеді, және отбасы мүшелерінің жақсы досы бола біледі. Оның басқа иттерден ерекшелігі тазалықты ұнатады. 

Ньюфаундленд – канадалық алып иттердің бірі. О баста олар балықшылардың өте жақсы көмекшісі болған. Олар суда өте жақсы жүзетін болғандықтан мықты құтқарушы. Салмағы 55-72 келі аралығында, ал биіктігі 63-75 см. Олар өздерінің ірілігіне қарамастан өте мейірімді ит. Қажет кезінде өздігінен әрекет ете алатын қасиетке ие. 

Бурбуль – XVII ғасырда Оңтүстік Африкада пайда болған күзетке арналған қызметтік иттер. Бұл өте ірі әрі икемді, төзімді ит. Олардың биіктігі 59-70 см, салмағы 70-90 келі. Олар үнемі жаттығу мен қоса өзіне назар аударғанды, мейірімділікті жақсы көреді. 

Мәскеудің күзетке арналған иті. Бұл XX ғасырдың 50 жылдары  кавказ овчаркасы мен сербернардың буданынан пайда болған ит. Олардың бойының биіктігі 68-78 см, салмағы 60 келіден жоғары. Бұл алып ит күзетке арналған, олар қорқу дегенді білмейді, өте батыл. 

Леонбергер – Германияның Леонберг қаласында 1846 жыды сербернар, пиреней овчаркасы және ньюфаундленд иттерінің буданынан пайда болды. Бұл алып иттің биіктігі 72-80 см, салмағы 45-77 келі аралығында. Леонберген қолға өте тез үйретілетін, адамға үйір, балаларды жақсы көретін ит. Олар үйді, ауланы өте жақсы күзетеді, ақылды, адал. 

Мәліметтер  мына сайттан алынды. 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста