Әлемдегі таңғажайып табиғат туындылары (фото)

Әлемдегі таңғажайып табиғат туындылары (фото)

Қытайдағы Чжанъе Данксиа түрлі-түсті таулары. Түрлі-түсті тау қыраттары қызыл құмнан,конглометрден және бордан тұрады.  Бұл дүниежүзілік құндылық болып саналады. 

 

АҚШ-тың Аризона штатындағы Бөкендер (Антилопы) деп аталатын шатқал. Бұл шатқалдың түсі бөкен терісінің түсіне ұқсас болғандықтан да осылай аталған. Жел мен жаңбырдың шатқал қабырғаларына салған өрнектері көз тартады. 

Аргентина мен Чилидің ортасында орналасқан  Патагониядағы мәр-мәр үңгір. Осыдан 6 мың жыл бұрын теңіз толқыны қалыптастырған мәр-мәр үңгір Буэнос-Айрес көлінің ортасында.  

Украинадағы махаббат тоннелі. Ровненс облысына қарасты Клевань ауылындағы бұл тоннель ағаш бұтақтарымен, жасыл желекпен көмкерілген. 

Орталық Америкада орналасқан Белиз деп аталатын үлкен көгілдір шұңқыр. Бұл шұңқыр Юкатан жарты аралы маңындағы Лайтхаус-Риф елдімекенінде. Француз зерттеушісі Жан Ив Кусто тапқан бұл шұңқырдың диаметрі 305 метр, тереңдігі 120 метр. Әлем бойынша дайвингке ыңғайлы жерлердің бірі. 

Эйсрайзенвельт – мұзды үңгірі. Мұнда кірген адам өзін ертегілер әлемінде жүргендей сезінеді. Үңгірдің ұзындығы 40 шақырым. Алайда туристер үшін оның белгілі бір бөлігі ғана ашық. Соның өзінде бұл жерді көрген адам таңдай қағып таңғалатыны хақ. Алып мұзды үңгір Австрияның Зальцбургінде орналасқан. 

Мальдивы аралындағы жарқырауық толқындар. Теңіздегі жануарлардың ағзасындағы химиялық процестердің нәтижесінде олар денелерінен жарық шығарады екен.  Ал бұл құбылыс түнде теңізге аспаннан жұлдыздар түсіп, суға шағылысып тұрғандай әсер қалдырады. 

Виктория – әлемдегі ең ірі сарқырама. Биіктігі 100 метр, ұзындығы 1 шақырым. Сарқырама Оңтүстік Африкада орналасқан.   

Көгілдір мүйіс – Исландияда туристер өте көп баратын геотермальды бастау. Табиғи бассейндердің ортасында термальды кешен орналасқан. Мұнда жылына 300 мыңнан астам адам келеді. Мұндағы көгілдір және сүт түстес жылы суда көптеген минералдар бар. Судың емдік қасиеті ерекше. Исландиядағы бұл табиғи спа-орталықтың ұзындығы 2 шақырым, ені 200 метрдей. Тереңдігі 1-3 метр. Судың температурасы +37 градус.

Кристалды үңгір. Табиғаттың бұл туындысы Чиуауа штатында, Мексиканың Найка қаласында жер астында 300 метр тереңдікте орналсқан. Үңірде алып кристалдар жиналған. 

Халлербос – Бельгиядағы көк орман. Орманның  жалпы көлемі 552 гектар (5,5 км²). Сәуір және мамыр айларында орман ерекше түске боялып, сұлулана түседі. Өйткені мұнда көк түсті жабайы гиацинт гүлдерінің миллиондаған қоңыраулары жер бетін жабады. 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста