Әлемдегі ең қымбат той көйлектері

Әлемдегі ең қымбат той көйлектері

 Төмендегі көйлектердің ерекшелігі бұлар ең қымбат әрі сапасы өте жоғары маталардан тігілген. Сондай-ақ асыл тастармен, әшекейлермен безендірілген. 

Платиналық той көйлегіның бағасы – 250 000 $ Қытай қолөнер шеберлерінің қолынан шыққан бұл көйлек таза жібек матадан тігілген, сырты платина жалатылған. 2007 жылы Қытайдың сауда үйлерінің бірінде сатылымға қойылған. 

Anthony La Bate of Francesca Couture - $300 000

Америкалық модельердің қолынан шыққан бұл қымбат көйлек 2005 жылы тігілген. Тапсырыс беруші өзінің атын жарияламапты. Ол бұл көйлекті  өзінің 23 жасар қызына арнап тіктірген Араб Әмірлігінің азаматы деседі. Көйлек салмағы 300 караттық 1100 гаухартаспен, 3000 сваров кристалымен әшекейленген. Көйлекке 45 метр жібек мата жұмсалған. 

Кейт Мидлтонның той көйлегі - $416 700

Бұл нағыз ханшайымға лайық көйлектің дизайнерлері атақты Сара Бертон и Александр МакКуин. Көйлек таза жібек матадан ағылшын және француз шілдерінен тігілген, етегінің ұзындығының өзі 2,7 метр. 

Жібек және платиналы көйлек – $400 300.Бұл көйлектің дизайнері италиялық азамат Мауро Адами. Көйлеккке 40 метр жібек  мата және платиналы жіп жұмсалған, Өте қымбат көйлек 2008 жылы жұрт назарына ұсынылды. 

Danasha Luxury - $ 1 500 000. Бұл көйлектің ерекшелігі толықтай қолдан тігілгендігінде. Бұған 250 грам алтын, Белгьгияда таңдалған 18 караттық және 75 караттық гаухартас пайдаланылған. Көйлек 2012 жылы Майамидағы сән апталығында көпшілік назарына ұсынылды. 

Джон Гальяноның көйлегі - $1 500 000.Бұл көйлек ең алғаш рет  Vogue журналының бірінші бетіне шыққан. Джон Гальяно өзінің бұл 22,5 келілік шедеврін Dior сән үйіне арнап тіккен. Кейін бұл қымбат көйлек словениялық фотомодель Меланье Кнауссқа бұйырып, ол 2005 жылы осы көйлекті өз тойына киді.

«Павлин». Веры Вонг - $1 500 000. Бұл ғажап көйлекті 2009 жылы атақты модельер Вера Вонг тіккен. Көйлекті тігуге 2 ай уақыт кетіпті, 8 тігінші жұмыс істеген. Бұл басқа той көйлектеріндей аппақ болмаса да, етегі жасыл түсті қырғауылдың әдемі құйрығына ұқсайтын ерекше. Алғаш рет көйлек Қытайда көрсетілді. 

Юми Кацураның той көйлегі - $8 500 000. Жапониялық дизайнер Юми Кацураның қолынан шыққан көйлек 2013 жылы Токиода көрсетілді. Көйлек құстың қауырсынына ұқсас матадан тігілген. 502 гаухартас және  маржанмен безендірілген. Көйлекті кию бақытына ие болған жан Туринде өткен олимпиадада мәнерлеп сырғанау спорты бойынша олимпиада чемпионы атанған Сидзука Аракава

Гаухартаспен көмкерілген көйлек – $12 000 000. Бұл белгілі  кутюрье Рени Штраустың қолынан шыққан қымбат әрі көз тартарлық ғажап дүние. Штраус Беверли Хиллс той көйлегі салонының иесі. Көйлек өте сапалы 150 караттық гаухартаспен көмкерілген. Қазір көйлек Беверли Хиллстағы Lladro Flagship дүкенінде тұр екен. Оның сатып алушысы әлі табыла қоймапты. 

"Куала-Лумпур бұлбұлы" - $30 000 000. Бұл әлемдегі ең қымбат көйлек, тіпті Гиннес рекордтар кітабына енген. Көйлектің өз атауы да бар Nightingale of Kuala Lumpur (Куала-Лумпур бұлбұлы). Көйлектің авторы белгілі кутурье Файзол Абдулла. Қызыл түсті ғажап көйлек өте сапалы жібек пен тафттан тігілген. Салмағы 1000 караттық гаухартаспен көмкерілген, гаухартастан басқа көйлекке 751 асыл тас қолданылған. Асыл тастардың  ең қыматы 70 карттық алмұрт пішіндесі. Әлемдегі ең қымбат көйлек әлі сатыла қоймапты. Бірақ Файзол Абдулла бұл көйлектің ешқашан өз құнын жоғалпайтынын айтады.  

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста