Отандық әнші Қарақат Әбілдинаның «Бенефис-шоу» бағдарламасының эфирлеріне киіп шығатын көйлектері мен образдары көпшілікті тамсандырып келеді. Оның әр эфирге киіп шығатын көйлектері мен шаш үлгілері сән подиуымдарының көркін ашар еді. Әншінің өзі көйлектерді көбіне отандық дизайнерлерге тіктіретінін жасырмайды әрі оларды кімдерден сатып алуға болатынын жарнамалап отырады.
Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдина осындай ірі жобаны бірінші рет жүргізіп тұр. Бастапқыда көрермендер тарапынан сынға ұшырағанымен, өнерпаздар алған бағытынан қайтқан жоқ. Біртіндеп жүргізушілікке төселіп, «Бенефис-шоу» көптің күтіп көретін бағдарламасына айналды.
Қарақат Әбілдина көйлектерімен қатар, шаш үлгісіне де аса зор мән береді. Қолаң шашына түрлі әшекейлерді тағады, кейде шашбау тағып шығады.
Әншінің көйлектерінің дені қазақи нақышта тігілгенін байқауға болады. Осылайша ол қазақ қолөнері мен ою-өрнегінің, сәнінің жандануына үлес қосып жүр.
Әнші иығы ашық көйлектерді киюге де қымсынбайды, өйткені жарасымды.