Порнографиялық суреттерін желіге салатын әншілерді жазалап жатыр (фото, видео)

 «Өзбекнауо» эстрадалық бірлестігі желіге өзінің жалаңаш суреті мен видеосын салатын жұлдыздармен күресіп жатыр. Бұл туралы өзбектің «Жәмият» газеті хабарлады.

«Өзінің тәнін көрсетіп, бөксесін ашып атын шығаратын өзбек әншілерінің әрекеті бүтін ұлтты аздырып болды. Өсіп жатқан ұрпақ әлеуметтік желіден осының бәрін көріп отыр. Біз солардың алдында айыптымыз, ұяттымыз. Жалаңаштанып күн көретін жұлдыздарды іс-әрекетіне тыйым салатын, қатаң жазалайтын кез-келді. Ұяттары жоқ…» деп жазыпты басылым.

Осы іспен тікелей айналысып жатқан «Өзбекнауо» бірлестігі желіге жалаңаш суретін жариялаған әнші мен әртістің лицензиясын тартып алмақ. Бұл дегеніңіз, әлгі адамның әрі қарай ән айту құқығынан айырылатынын білдіреді.

Ал өзбектің Мәдениет министрлігі: «порнографиясын жұртқа паш ету барып тұрған ақымақтық. Бұлар өзін ғана емес, қоғамды да бүлдіріп болды» дейді.

Бұдан бұлай кеудесін ашқан немесе арқасын жалаңаштаған әншілердің суретін көрсе, министрлік әлгілерді қатаң жазалайтын болады.

«Осы күннен бастап біз әншілердің әлеуметтік желідегі парақшасынан аңдитын боламыз. Ұятсыз сурет пен видеоларды көзіміз шалса бірден өшіруді талап етеміз. Ал сөзімізге құлақ аспаған әншілердің лицензиясын тартып аламыз» дейді бұл ретте «Өзбекнауо» бірлестігінің төрағасы Одилбек Әбдукахаров.

Бұл заңның арты неге алып келері белгісіз. Өзбектің әнші-әртістері бұдан кейін жалаңаштануды қояр ма екен?

kaz.365info.kz

Автор
Последние статьи автора
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста