Мақпал Қаратай:"ондай ғажайып техника бар болатын болса, қос-қостан бәленбай үй алып алмаймын ба?..."

Тікелей эфирде ең жиі қойылатын сұрақ "үй алу техникасын айтыңызшы"...
Жандарым, ондай ғажайып техника бар болатын болса, қос-қостан бәленбай үй алып алмаймын ба?...
.
Баяғыда бір косметологқа баратын едім. Байқасам, үнемі көңіл-күйі жоқ. Өміріне шағым айтып отырады. Бір күні шыдамай "жаным-ау, сен неге көңіліңді көтермейсің?" деп едім, "алдымен үйім болсын, сосын көтеремін, сосын бақытты боламын" дегені.. Шын мәнінде, 4 баласы бар келіншектің дәл қазір бақытты болуына біле, білсе ешқандай кедергі жоқ еді...
.
Айтпағым, қазақтар үшін үй ең ұлы ұғымның бірі. Әрине, құжырадай болса да әркімнің өз баспанасы болғанға не жетсін? Бірақ, бақытыныңызды ешқашан баспанаға байламаңызшы...
.
Көптеген отбасылар өмір бақи үйлі болуды армандайды. Сосын сол баспана үшін ерлі-зайыптылар күндіз-түні бала-шағасын көрмей жұмыс істейді. Әйелі мен күйеуі тілдеспейді, балаларына мүлдем мән бермейді. Алдындағы бар мақсаты-үйлі болу. Ақыры армандаған баспанаға жетеді. Бірақ естерін жиса, күйеуі мен әйелінің арасы мүлдем суып кеткен, балаларымен ара-қатынас үзілген... Үй бар...Жылу жоқ...Бірлік пен береке жоқ...
.
"Үй алудың техниксын айтыңызшы"... Айналайындар, көзді ашып-жұмғанша хан сарайындай үйлі қылатын ешқандай техника жоқ. Осыны біліңіздерші...
.
Алдымен барыңды бағалайсың, үйсіз де, күйсіз бе бақытты болып үйренесің. Отбасыңа береке, бірлік кіргізесің. Сосын армандарыңа қорықпай қадам басып, әрекеттеріңді жасайсың. Сосын осыған жоғарыдан қарап отырған Жаратқан жолыңды ашып, береке мен бірлік және бақыт бар жерге Дәулетті жібереді. Бары осы...
.
Бүгініңе шүкір ет, ертеңіңе қарекет жаса! Егер саған басқа бір тренер "үй айтудың техникасын айтамын" десе, оны тыңдай ғой. Айтқанын бұлжытпай жасап көр. Менің білетінім осы... 

Автор
Последние статьи автора
Цхададзе отреагировал на выход "Кайрата" в основной этап ЛЧ
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста