Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) өзінің келесі кездесуін маусым айында Лас-Вегаста (Невада штаты, АҚШ) өткізеді. Бұл туралы Vesti.kz тілшісіне дереккөз айтып берді.
Келесі айда Әлімханұлының жұмыстарын жүргізетін Top Rank промоутерлік компаниясы Virgin Hotels қонақ үйінде үш кездесу өткізеді. Бұл жекпе-жектердің бірінде жеңіл салмақта WBC, WBO және WBA (Super) белбеулерінің бұрынғы иегері украиналық Василий Ломанченко (14-2, 10 КО) шығады. 26 маусымда өтетін айқаста оның қарсыласы жапониялық Масаеши Накатани (19-1, 13 КО) болады.
Одан бір апта бұрын тағы бір жапониялық Наоя Иноуэның (20-0, 17 КО) қатысумен кездесу өткізеді.
Еске салайық, Әлімханұлы шаршы алаңға 27 ақпан күні Алматы қаласында шығу керек еді. Алайда ол жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартты. Отандасымыз қазіргі уақытта орта салмақта WBO Global және WBC Continental Americas белбеулерінің иегері.