Қарақозыны былғары қолғап шеберлері еске алды

Қарақозыны былғары қолғап шеберлері еске алды

Шымкентте Кеңес Одағының Батыры Қарақозы Әбдәлиевтi еске алуға арналған бокстан ХХХV халықаралық турнир өттi. Жеңiл атлетика манежiндегі дүбiрлi сынға елiмiздiң барлық облыстары мен Ресей, Өзбекстан және Тәжiкстан мемлекеттерiнен жалпы саны 113 спортшы қатысты. Олар 10 салмақ дәрежесiнде жүлделердi сарапқа салды.
 
Тартысты бәсекелер нәтижесiнде 49 келi салмақ дәрежесiнде алматылық Бағдат Толыбаев топ жарса, шығысқазақстандық Айбек Рымбекұлы екiншi орынды мiсе тұтты. Үшiншi орындар Арман Жексенбаев (Қызылорда) мен Нұрғиса Тәжiханға (ОҚО) бұйырды. 52 келiде тараздық Ермек Әбдiрайымов чемпион болса, оның жерлесi Шерхан Сүгiрбек екiншi орынды иемдендi. Қарағандылық Ақниет Балтабаев пен шымкенттiк Нұрсұлтан Қабылов қола жүлделердi бөлiстi. 56 келiде де тараздық Алмас Жақыпов топ жарды. Алматылық Айдар Иманғалиев күмiс, ал, Аян Тәңiрбердi (ШҚО) мен Дәулетбай Ерғалиев (Маңғыстау) қола жүлдегер атанды. 60 келiде оңтүстiкқазақстандық Бекдәулет Ибрагимов бiрiншi орынды олжаласа, қарағандылық Абдулла Нұрғалиев күмiс жүлде алды. Шерхан Досмахан (ОҚО) мен Тайман Оразбаев (БҚО) үшiншi орындарды иемдендi. 64 келiде оңтүстiкқазақстандық Мейiрман Қалиқұлов жеңiмпаз атанса, күмiс жүлде өзбекстандық Собир Тургуновқа бұйырды. Қарағандылық Ақберген Ахмет пен шығысқазақстандық Бексұлтан Дiнкенов те жүлдеден құр қалмады. 69 келiде тараздық Аслан Шымбергенов финалда Алмасбек Орынғалиевтi (БҚО) ұтып, турнир жеңiмпазы болды. Қола жүлделерге Қанағат Маралов (ШҚО) мен Даниль Файзуллин (ОҚО) қол жеткiздi. 75 келiде жерлесiмiз Бекболат Есен тамаша өнерiмен көзге түсiп, бiрiншi орынға иелiк еттi. Сондай-ақ осы салмақта тағы бiр ринг қожайыны Сапарбай Айдаров үшiншi орын алды. Бекзат Рысбеков (Алматы) мен Баянбек Самет те (Маңғыстау) ауылдарына олжалы қайтты. 81 келiде шығысқазақстандық Бауыржан Дүйсембаев пен оңтүстiкқазақстандық Асқар Дүйсалының арасындағы жекпе-жек тартысты өттi. Тiптi, кейбiр сәттерде Асқардың соққылары дөп тигендей көрiнген. Дегенмен, төрешiлер ұзақ ақылдаса келе бiрiншi орынға шығыстан келген боксшыны лайық деп таныды. Күмiс – Асқарда. Үшiншi орындарды Берiк Оспанов (ОҚО) мен Никита Бердышев (Алматы) олжалады. 91 келiдегi финалдық жекпе-жек қызыққа толы болды. Бұл сында Оңтүстiктiң қос өренi Еркiн Мұхаммеджан мен Айбек Эрметов жұдырықтасты. Айбек бойшаңдығын пайдаланып, алыстан соққы жасауға ұмтылса, бойы тапалдау Еркiн батыл қимылдап, жеңiстi өзiне аударып әкеттi. Ресейлiк Александр Сидорин мен тараздық Марат Құралбаев үшiншi орынды мiсе тұтты. Аса ауыр салмақ дәрежесiнде де бойшаң жiгiттiң жолы болмады. Астана қаласының алыбы Ермек Үсенов ақтық сында салмағы да, бойы да өзiнен кiшiлеу маңғыстаулық Кенже Аманжоловтан жеңiлiп қалды. Үшiншi орындарды Усеин Аджиджемил (Тәжiкстан) мен Арман Айдарханов (Алматы) бөлiстi. Бұл жiгiттердiң өнерiн Сидней олимпиадасының күмiс жүлдегерi, даңқты спортшы Мұхтархан Дiлдәбеков жiтi қадағалап, өзi марапаттады. Жүлделi орындарды алған спортшыларға медаль, диплом және ақшалай сыйлық тапсырылды.
Сондай-ақ ең үздiк төрешi болып Берiкбол Қасымханов танылса, үздiк жаттықтырушы атағын семейлiк Назар Ильясов пен турнирдiң үздiк боксшысы шымкенттiк Бекдәулет Ибрагимов те арнайы марапатталды. Жарыстың супервайзерi Бақытжан Бекпенбетовке арнайы сыйлық тапсырылды.
Биыл ХХХV рет өткiзiлген турнирдiң беделi жоғары. Өйткенi, бұл додада бiрiншi орын алған жiгiттерге спорт шеберi атағы берiледi. Жыл сайын спортшылар мен бапкерлер Қазығұрт ауданы, Рабат ауылына барып, Қарақозы Әбдәлиевтiң ескерткiшiне гүл шоқтарын қояды. Ауыл жастарымен кездесу өткiздi. Батырдың ұрпақтары да жарыстың құрметтi қонағы болып, ризашылықтарын бiлдiрiп жүр. Турнирдi ұйымдастырушы облыстық жоғары спорт шеберлiгi мектебiнiң директоры Балғабай Елшиевтiң айтуынша, жарыс деңгейi әрдайым биiгiнен төмендеген емес.

Балғабай ЕЛШИЕВ, Оңтүстік Қазақстан облыстық жоғары спорт шеберлiгi мектебiнiң директоры:
– Бұл турнир талай әлем және олимпиада жүлдегерлерiн даярлауға үлес қосты. Кезiнде В.Бурьба, В.Жиров бастаған көптеген сайыпқырандар Қарақозы батырдың додасында шыңдалған. Қазiргi ұлттық құрама сапында жүрген жiгiттердiң көбi осы жарыстан тәжiрибе жинады. Биыл да болашағынан үмiт күттiретiн мықты боксшылар келдi. Олардың бiразы спорт шеберi атанды.
Қараша айының 25-iнде Тараз қаласында бокстан ел бiрiншiлiгi өтедi. Көптеген облыстардың бапкерлерi осы сайыс арқылы беткеұстар спортшыларын анықтап алды. Қарақозы батырдың турнирiнде жасындай жарқыраған Оңтүстiктiң жiгiттерi де Қазақстан чемпионатынан олжалы оралуды көздейдi.

Нұршат ТӨКЕН.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста