Украиналық Хитров Головкинмен кездесуді көздейді

Украиналық Хитров Головкинмен кездесуді көздейді

Украиналық кәсіпқой боксшы Евгений Хитров қазақ боксшысы Геннадий Головкинмен кездесуге мүмкіндік туа қалса, қуана келісетінін мәлімдеді. Кәсіпқой боксқа ауысқанына әлі бір жыл толмаған оның мұндай мәлімдесінің толық жүзеге асуы үшін әлі көп уақыт керек. Себебі, Хитровтың өзі оған дейін чемпиондық атаққа жету жолында барлық қарсыластарынан басым түсу керектігін айтады. Ал Гена болса осы уақытқа дейін орта салмақта WBA (Super), IBO и WBC (Interim) серияларында әлем чемпионы атанып үлгерді.
«Мен чемпиондық белдікті иелену жолында барлық қарсыластарымнан басым түскен жағдайда, Генамен қуана-қуана бокстасар едім. Осылай болғанын қалаймын және оған жанкүйерлер де тілекші», – деген Хитровтың тілегінің жүзеге асар-аспасы әзірге белгісіз.
«Батылы барып, мұндай әңгіменің шетін шығарып жүрген Евгений Хитров деген кім еді өзі?» деген ойда отырған шығарсыз. Оның есімі әуесқой бокста соңғы үш жылда өте танымал болды. Осы күнге дейін әуесқой бокста қарсылас шыдатпады. Ірі жеңілістері бар болғанына қарамастан, оның барлығына төрешілер тікелей кінәлі деп сенімді айтуға болады. Жанкүйер жадында болса, 2011 жылы Бакуде өткен әуесқой боксшылар арасындағы әлем чемпионатында барлық кездесуде жеңіске жетіп, әлем чемпионы атанды. 1988 жылы туған украиналық боксшы әлем чемпионатынан кейін Киевтегі медицина университетінің студентіне үйленгенін барлық басылымдар өз уақытында жарыса жазған-тын. Олимпиада чемпионы болуды армандайтын Евгенийге қарсыластарынан бұрын ринг сыртындағы төрешілер басты қарсылас еді. Себебі, тұманды Альбиондағы олимпиада ойындарында ол алғашқы кездесуінде жеңіп тұрып, жеңілістің кермек дәмін татып, орны толмас өкініштен өзегі өртенді. Шаршы алаң иесі, өзімен түйдей құрдас Энтони Огого боксшыны үш раунд бойы үздіксіз төпелей ұрып, екі мәрте нокдаунға түсіргеніне қарамастан төрешілердің берген ұпайы 18:18 болып тең түсті. Сөйтіп, уысында тұрған жеңіс сусып шығып, Энтонидың қанжығасында кете барған-ды.
Өзінің орны толмас өкініші туралы Евгений кездесуден кейін: «Мен қолдан келген барлық мүмкіндікті жасап бақтым және толық жүзеге асырдым. Жеңіліске ұшырауыма ешкімді кінәламаймын. Мүмкін мен оны тұра алмастай етіп құлатуым керек пе еді?», – деп Лондонда аһ ұрған-тын.
Қазылардан қысастық көрген ол әуесқой бокста олимпиададан кейін бір жылға жуық өнер көрсетті. Былтыр Минскіде жалауы желбіреген Еуропа чемпионатында басты фаворитке баланған Хитровтың жолын жартылай финалда тағы да ирландиялық Джейсону Куигли «кесті». Сол жолы Евгенийдің қарсыласы нокдаун алғанына қарамастан төрешілер жеңісті қарсыластың еншісіне жазды. Осылайша қазыларға өкпелеген күйі ол кәсіпқой боксқа біржола бет бұрды. Айтпақшы, әуесқой бокстағы әлем чемпионы 2013 жылдың ақпан айында Астанада өткен төрт ел турнирінде қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлымен кездесіп, алғашқы секундтарда-ақ жеңіске жеткенін жанкүйерлер жақсы біледі. Украина ұлттық құрамасымен бірге Астанаға келген ол Жәнібекпен кездесуде үш-төрт соққы ғана жұмсап, кездесудің тағдырын шешіп үлгерді. Қарсыласының кеудесіне тиген күшті соққылардан кейін жерлесіміз отырған күйі орнынан тұрмады...
Евгений Хитров өткен жылдың қазан айында АҚШ-тың Fight Promotions промоутерлік компаниясымен келісім-шарт жасасқан. Желтоқсаннан биылғы тамыз айына дейін америкалық Кристиан Нава, Ромон Барбер, Джулиус Кеннеди, Жас Фиппс, Крис Чатмен, Вилли Форчун есімді кәсіпқой боксшылармен кездесіп, барлығында сенімді түрде жеңіске жетті.
Геннадиймен кездесу туралы оның түпкі мақсаты қаншалықты орындалуы мүмкін?! Ол жағы Евгенийдің алдағы жекпе-жектеріне байланысты болмақ. Егер ол барлық кездесуінде жеңіске жетіп, чемпиондық белдікке қол жеткізіп жатса, орта салмақта әлемде үздік саналатын Генамен кездесіп қалуы да бек мүмкін. Бірақ оған дейін жанкүйер айтулы кездесуді ұзақ күтуіне тура келеді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста