Жұлдыздар фабрикасы немесе AIBA қулығы

Жұлдыздар фабрикасы немесе AIBA қулығы

Халықаралық әуесқой бокс федерациясының (AIBA) AIBA Pro Boxing деп аталатын жаңа жобасының тұсауы кесілгенін біз бұған дейін «Алаш айнасы» газетінде жазған болатынбыз. Енді бұл материалда жобада жұдырықтасатын былғары қолғап шебері қандай атаққа қол жеткізіп, қанша ақша пайда түсіре алатынын және ең бастысы AIBA Pro Boxing жобасынан AIBA қалай пайда түсіретінін қарастырамыз.
Биыл бірінші рет өткелі тұрған жобаға әуесқой бокста атағы алысқа кеткен Доминоко Валентино, Клементе Руссо, Могамедрасул Меджидов, Миша Алоян, Альберт Селимов, Робсон Консейсао, Чарли Суарес, Дмитрий Полянский сынды «сен тұр мен атайын» деген боксшылар бақтарын сынауға бел буды. Біз санамалап берген боксшылардан өзге мықтылар да бар жобада. Бұл оғландарды AIBA кәсіпқой боксқа неге жібермей отыр. Бірінші осы сауалды қарастырып көрейік.
Халықаралық әуесқой бокс федерациясы бірінші кезекте бұл боксшыларды жобаның көркін қыздыру үшін жібермей жатыр. Бір жағынан әуесқой бокста жүрген боксшылар үшін бұл да тиімді. Өйткені, біріншіден, әуесқой боксшылар бұл жоба арқылы Олимпиада ойындарының жолдамасына таласатын болады. Екіншіден, бұл жобада былғары қолғап шеберлері әзірше 6 раунд, алдағы уақытта 12 раунд жұдырықтасады. Бұл дегеніміз егер боксшы келешекте біржолата кәсіпқой боксқа ауысатын болса, онда 12 раундтық кездесулерге сақадай-сай болады. Үшіншіден, AIBA Pro Boxing жобасы әлі де әуесқой бокста жүрген, бірақ жасы егде боксшылар үшін қаржылай тиімді етіп қойды. Жоба барысында әрбір боксшы AIBA-мен жеке шартнама жасасты. Ол келісім бойынша боксшыға айлық беріледі. Ал, жоба аясындағы әрбір жеңісі үшін қолдағы бар мәлімет бойынша спортшы 10 мың АҚШ долларынан көп сомма алады екен.
AIBA Pro Boxing жобасының AIBA-ға қалай пайда түсіреді?
Енді бұл жобадағы ұйымның пайдасын есептейік. Негізі AIBA Pro Boxing жобасын AIBA-ның таза қаржылық жобасы деп айтуға толық негіз бар. Бұл жобада сайдың тасындай жиналған кілең ығай мен сығайлар бар екендігін айттық. Жоба аясындағы көптеген боксшылар әуесқой бокста асарын асап, жасарын жасап қойғандар. Енді олар ақырындап кәсіпқой бокстың дәмін татуға да дайын. Сондықтан да бұл боксшылардың жекпе-жектерін спорт телеарналары мен промоутерлер жиі қарайтын болады. Осы жағдайды пайдаланып жобаның трансляциясын AIBA әлемнің көптеген елдеріне сатпақшы. Ал, қазіргі медиада трансляциядан қыруар ақша түсетіні екібастан белгілі. Мұны AIBA-ның жобадағы өз есеп-шотына түсетін бірінші табыс көзі десе болады.
Одан бөлек, жобаға қатысатын 10 салмақтағы боксшылар әлемнің 10 елінде жұдырықтасады. Бір қарағанда бұл нағыз шығын секілді көрінеді. Бірақ олай емес. Әрбір салмақтағы жекпе-жектерді қабылдайтын елдерге Халықаралық әуесқой бокс федерациясы AIBA Pro Boxing жобасының құқығын сатады. Бұл AIBA-ның екінші табыс көзі.
Халықаралық әуесқой бокс федерациясы AIBA Pro Boxing жобасын іске асырғанда азды-кемді қулыққа да барған. Шоу бизнес тілімен айтатын болсақ, AIBA қазір жұлдыздар фабрикасын құрастырып жатыр. Шоу бизнеске қарағанда бұл жерде әншілер емес, боксшылар өнер көрсетеді.
Алғашқы маусымды AIBA бұл боксшылармен алдын-ала әдейі келісім-шарт жасасып алды. Ал, келер жылы бұл жобадағы боксшылардың барлығы да 12 раундқа төселіп, тіс қағып қалған соң, оларды мұхиттың арғы жағындағы промоутерлік компанияларға сатады. Бұл AIBA-ның үшінші табыс көзі.
Бұдан бөлек те AIBA-ның бұл жобадан табатын табысы өте көп. Мәселен, бокс тамашалауға келген жанкүйерлерден, жарнамалық роликтерден, брэндін сату, атағы алысқа кеткен боксшылардың жейдесін сату және басқа да жобалардан ақшаны күреп тұрып алады.
Жоғарыда айттық, бұл жоба негізінен жасы егде боксшыларға тиімді. Ал, енді ғана өсіп, болашағынан зор үміт күттіретін былғары қолғап шеберлеріне аса көп пайдасы жоқ. Себебі, бұл жобаға қатысқан боксшы келесі маусымда әуесқойлар арасындағы турнирлерге қатыса алмайды. Тіпті әлем чемпионатына да қатысу құқығы жоқ деген әңгімелер бар.
Жаңа жоба қазанда айында басталады
AIBA ресми сайтының мәлімдеуінше, жаңа жобаның алғашқы жекпе жектері 24-26 қазан және 20-23 қараша күндері өткізілмек. Ал 18-21 желтоқсанда рейтингтік жекпе-жектер ұйымдастыру жоспарланған. Чемпиондық атақтар 2015 жылдың 22-25 қаңтары күндері және 29 қаңтардан 1 ақпанға дейінгі аралықта сарапқа салынатын болып бекітілген. Іріктеу кезеңіндегі жекпе-жектер алты раундтан тұрса, финалда боксшылар сегіз раунд жұдырықтасады. Ал алдағы маусымнан бастап боксшылар 12 раундқа шығады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста