MTK Global промоутерлі компаниясы бірінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахметтің (4-0, 3 КО) келесі кездесуі қашан өтетінін хабарлады, деп жазады Vesti.kz тілшісі.
Отандасымыз шаршы алаңға 29 қзан күні Лондондағы (Англия) бокс кешінде оралады. Оның қарсыласы Доминикан Республикасының боксшысы Хуан Карлос Абреу (23-6-1, 21 КО) болады. Аталған кездесуде Құлахмет WBC International белбеуін қорғайды.
#MTKFIGHTNIGHT IS BACK ❗
@archiesharp95 ? Alexis Kabore
@tursynbay_k ? Juan Abreu
@ShabazMasoud ? James Beech
@reynoldsboxing ? Randal Barlow
@pierce_oleary10
@SamGilleyBoxing
@Future1317
Joe Giles
Lerone Harrison
Sugar Shy
Oct 29 | York Hall pic.twitter.com/MVyKmAiTv7
— MTK Global Boxing (@MTKGlobal) September 30, 2021
Еске салайық, Тұрсынбай Құлахмет - әуесқойлар арасында 2019 жылғы Азия чемпионы. Сонымен қатар ол 2019 жылы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған. Соңғы рет қазақстандық боксшы шаршы алаңға 10 шілде күні Алматы қаласында шығып, ресейлік Алейсей Евченконы (19-15, 8 КО) техникалық нокаутпен жеңді.