Ермахан Ибраимов AIBA-ға мүше болды

Халықаралық бокс қауымдастығы (AIBA) директорлар басқармасының дауыс беру қорытындысы бойынша екі қазақстандық басқарушы органдарының мүшесі етіп тағайындалды, деп хабарлады қазақстандық бокс федерациясы.

 

Қазақстандық бокс федерациясының менеджері Мейрам Нұртазин жарыстарды өткізу мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына кірді, ал Сиднейдің Олимпиада чемпионы, Олимпиадалық даярлау орталығының директоры Ермахан Ибраимов чемпиондар мен ардагерлер мәселелері жөніндегі комиссияның мүшесі болды.

 

Жаңадан тағайындалған қазақстандықтарға  AIBA президенті Омар Кремлев хатжолдады. Ол тағайындалғандардың  білімі мен тәжірибесі ұйымның дамуына құнды үлес қосатынына сенім білдірді, сондай-ақ бірлескен жұмысты бастау мүмкіндігін күтетінін атап өтті.

 

Азия бокс конфедерациясы да тағайындауға байланысты құттықтау жолдады.

 

Бұл 2018-2019 жылғы үзілістен кейін AIBA басқарушы органдарына тағайындалған алғашқы қазақстандықтар. 2014 жылдан бастап 2017 жылға дейін комиссияларда біздің алты отандасымыз жұмыс істед. 2019 жылы ұйымдағы реформаларға байланысты барлық комиссиялар таратылып, қазір жаңадан қалыптастырылуда.

 

 

 

BAQ.KZ

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста