Түн аждаһасы

«Хиуазды көрген адам ажарына көз тоқтатпай өте алмайтын, көңілді, аңғал, алғыр,қайсар да тентек, тәні де, жаны да бірдей сұлу қыз». Дала аруы Хиуазды жауынгер құрбылары осылайша сипаттайды. Қандай табылған сөз. Хиуаз көрікті, ибалы, ақылды, намысқой, парасатты, жан-тәні бірдей сұлу. Ұлттың рухын сақтайтын қыздар мәртебеін қазақ ежелден жоғары бағаланыпты. Төрдің оң жағынан орын берген сүйіктісін қазақтар күннің көзінен, желдің өтінен қорғапты. Алаштың дара еркесі ай маңдайлы ару Хиуаз Қадырқызы ІІ Дүниежүзілік соғыста әйгілі 46-гвардиялық Тамань әуе полкінде жауға қырғидай тиген ұшқыш, нағыз қыран болатын. Фашисттер Хиуаз сұлуды неліктен «түн аждаһасы» деп атаған? Сонымен, Хиуаз кім?

Хиуаз Доспанова Атырау облысы Құрманғазы ауданы Зормата ауылында 1922 жылы мамыр айында өмірге келген. Бала кезінен намысқой қыз інісін қорғаймын деп аула бұзықтары ересек ер балалардың мұрнын қан қылған.

Хиуаз Орал қаласындағы орта мектептің соңғы сыныбында оқып жүріп аэроклубқа қатысып, запастағы ұшқыш деген куәлік алды.Аспанға ғашық қыз арманының алғашқы қадамдары осылай басталады.
Мектепті үздік бітірген бойжеткен бала күнгі арманын арқалап Мәскеудегі Жуковский атындағы әскери-әуе академиясына оқуға келеді. Алайда,қазақ даласынан келген қыздың құжаттары қабылданбайды. Алғашқы сәтсіздігін елемеген ол Мәскеу Медицина Институтына тапсырып, емтихансыз қабылданады. Арада 1 жыл өткеннен кейін, 1941 жылыҰлы Отан соғысы басталады.Хиуазұшқыш Марина Раскова қыз-келіншектерден жасақталған авиаполкына сұранып командирге өжеттігімен танылып, әскери құрамға қабылданады. 
Жедел дайындықтан өткен қыз-келіншектер жасағы 1942 жылдың мамырында майдан даласына енеді. Хиуаздың ең алғашқы ұрысы немістердің Майндорф бекетін бомбалаудан басталады. Әр ұшақта екі қыздан бір сағатта 120 шақырымды бағындыруы тиіс. Әрбір қыз бір түнде 5-10 рет жау тылына шабылдауға міндеті. Хиуаз апа естеліктерінде: «Біз тек түнде ұшатын кішкентай У-2 ұшағы фашистердің зәре-құтын қашыратын» деп жазады.Түн тыныштығын бұзған бұл қыран қыздарды немістер «Түн аждаһалары» деп атайды. 

Хиуаз батыр 1943 жылдың көктемінде Кавказ үшін ұрыста аяғы сынып ауыр жарақат алады. Бас хирургтің «аяғымен жүре алмайды» деген дәрігерлік қортындыны елемеген екінші топтағы мүгедек майданға қайта беттейді. Майдандас құрбылары өздігінен жүріп-тұра алмайтын Хиуазды ұшаққа арқалап отырғызып жүреді..Қыздарға салмақ салмайын деп, ұшақ қабинасында қалатын сәттері жиі болған. Осылайша «түн мыстандары» Кубан, Тамань, Беларуссия, Қырым, Польша елдерін түгел азат етті. Аңызға бергісіз қазақтың қайсар қызы Хиуаз сұлу 300-ден аса жауынгерлік операция орындап, аса маңызды жау бекеттерін талқандайды. Кавказ үшін алпарыста көрсеткен ерлігі үшін «Қызыл Жұлдыз»,«Кавказды азат еткені үшін» ордендерімен марапатталады. Ал, Қырым шайқасындағы ерлігі үшін «Екінші дәрежелі Отан соғысы» орденімен қоса аға лейтенант шені беріледі.Сондай –ақ «Бірінші дәрежелі Отан соғысы», «Варшаваны азат еткені үшін» және «Германия түбіндегі жеңіс» ордендері беріледі.

Кеңес Одағы батыл, намыстан жаралған,өз аяғымен жерді тең баса алмайтын екінші топтағы мүгедек дала қыранының көзсіз ерлігін әділ бағаламады, батыр атағын қыймады. Фашисттер «түнгі мыстан» деп иманын үйірген, Ұлы Отан соғысында айрықша ерлік көрсеткен ұшқышқа өз Отаны 2004 жылы ғана 82 жасында Халық қаһарманынатағын лайықтап, батыр деп ардақтады.

23 жасында мүгедек болған қызға авиация тек өткен өмір белесі болып қалды. Аяқталмаған медицина институтындағы оқуын жалғастырмақ болады, алайда, батырға партия қызметі ұсынылады. Алматы қаласындағы Жоғарғы партия мектебінде оқи жүріп, ол болашақ жары Шәку Әміровпен танысады.

Ұлы Ерболат дүниеге келеді. Ол қазір Алматыдағы Қазақ ұлттық техникалық университетінде оқытушы. 

Хиуаз Қадырқызы партия қызметінде жүріп «Медеу» спорт кешенін, басқа да қазақстандықтар үшін әлеуметтік маңызды нысандарды салуға көп күш жұмсайды. Соғыстағы жарақаты қинап, 1959 жылы зейнетке шығуға мәжбүр болды. Оның сол кезден Халық қаһарманы атағын алған 2004 жылға дейінгі өмірі бізге беймәлім, батыр жайлы ақпараттар жоқ, ол жылдарда апа ұмыт қалған сыңайлы.

Батыр өмірінің соңғы күндері ауыр сырқат зардабынан, далаға мүлдем шықпады деседі. Аяулы апа 2008 жылы мамырда дүниеден озды, бірақ аты өшкен емес.Батырға туған жері Атырауда ескерткіш орнатылып, спорт сарайына, Алматы қаласында өзі тұрған көшеге, «ЭйрАстана» әуекомпаниясы Эмбреа-190 ұшағына Хиуаз Қайырқызы Доспанова аты берілді.

blogtime.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста