Жезөкшелік жігіттерге де жұқты

Жезөкшелік жігіттерге де жұқты

90-шы жылдардың басынан бастап елімізде көше бойын жағалап, тәнін саудалайтын жезөкшелер пайда болғаны белгілі. Содан бері, ары мен тәнін ақшаға сатқан қаракөздеріміз жайлы аз айтылып, аз жазылған жоқ. Енді сол жөзекшелік «қызмет» заман талабына сай өзгеріп, тән саудасына ер азаматтарымыз шыға бастапты. Бірақ, «қазақтың қызына қырық үйден тиым» салғысы келетін біздің қоғам еркектердің саудасына бас қатырып жатқан жоқ. Неге?
Тәнін саудаға салатын ер азаматтар белгілі бір көшенің бойына шығып тұрмайды. Олар қыздар секілді қысқа көйлек киіп, ұзын өкшелі топлимен арлы бері сабылмайды. Бар көрсететін қызметін ғаламторға салып, жарнамалайды да, «алма піс, аузыма түс» деп шалқалап жатады. Осылайша, өздерінің «бизнесін» дамытуға жаһандық желіні тиімді пайдаланып отыр. Біз осы материалды жазу үшін жезөкшелік жолды таңдаған бірнеше ер жігітпен хабарласып көрген едік. Абырой болғанда, бұл «кәсіптің» тізгінін қазақтардан гөрі өзге ұлттар көбірек ұстағанға ұқсайды. Солардың бірі Жорик есімді жігіт. Ол бір сағаттық қызметінің 10-12 мың теңге екенін, «клиенттерінің» көптігін, аптасына 5-6 адам қабылдайтынын, хабарласатын әйелдердің дені 30-50 жас аралығындағылар екенін мақтана жеткізді. Неліктен мұндай іспен айналысатыны жайында сұрағанымызда: «Маған өмірді осылай сүрген ұнайды. Жұмыс істеп, басымды ауыртқым келмейді» деп қысқа қайырды. Бұл тек Жориктің ғана емес, Жорик секілді жүздеген жезөкше жігіттің ойы деп біліңіз.
Біз тәнін саудалайтын жігіттерге телефон соғып отырып, араларынан Диас есімді қазақ жігітін де тауып алдық. Оның қызмет ақысы анағұрлым арзанырақ, сағатына 7-8 мың теңге екен. Ол бір жетіде 2-3 әйелді қабылдайтынын, «клиенттерінің» дені 25-40 жас шамасында екенін айтады.  Диастың айтуынша, бұл ақшасы көп, тиімді жұмыс.
Диас, жезөкше жігіт:
– Бұл жұмысқа бір таныстарым арқылы келдім. Басында ұялдым, әрине. Кейін ақша таба бастаған соң, ұятты ұмыттым. Анам немен айналысып жүргенімді білмейді. Өйткені ол кісі үйде көп болмайды. 1-2 жылдан кейін қызметіммен қош айтысамын. Бірақ, әзір емес...
Диастың жасы 24-те, бір үйдің жалғыз баласы. Неліктен мұндай жолды таңдағанын ол өзі де білмейді. Мүмкін, бізбен сыр бөліскісі келмеген шығар. Ал әкесі жайлы сұрамызға жауап бермеді.
Қазір елімізде жігіт саудасын жарнамалайтын сайттардың түрлі-түрлісі бар екен. Ондағы жарнамалар бірінен-бірі асып түседі. Психолог-мамандардың айтуынша, «сағаттық махаббатқа» біріншіден, мәнсап қуған жалғызбасты әйелдер әуес болады-мыс. Себебі, олар жеке өмірлеріне уақыт бөлмейді. Екіншіден, мұндай жолды жарының төсек қатынасына көңілі толмайтындар тиімді деп түсінеді. Ал, сол психологтарымыз еркектердің тән саудасына құмартуын «жай ғана ақшаға құнығу» деп баға берді.
Жезөкше еркектердің бар жұмысы тек ғаламтор арқылы тарап жатыр деу де қате. Өйткені, бүгінде Алматының кейбір қонақ үйлерінде арнайы «танысу орталықтары» бар. Ол орталықтарда ер азаматтар қыз-келіншектердің көңілін табу үшін би билейді, ән салады, тіпті төсек қатынасына да барады. Бұл жайында «Мүмкін емес» бағдарламасы бір кездері арнайы көрсеткен еді. Жасырын камераның нысанасына ілініп қалған тепсе темір үзетін қазақ жігіттерінің қылығына қарап, жанымыз түршіккен болатын. 
Кейіпкерлерімізбен сөйлескен кезде олардың бәсекелестері көбейіп жатқанын білдік. Демек, қыздарға ғана емес, еркектердің саудасына да сұраныс бар деген сөз. Естеріңізде болса, 2012 жылы «күйеуді жалға беру» деген арнайы қызмет түрі пайда болған еді. Онда жалғызбасты әйелдер біреудің жары атанып, уақытша бақытты болу үшін сағатына 5 мың теңге төлеуге тиіс болатын. Ал жалданған жігіт ол әйелге қолдан келетін қызметтің кез-келген түрін көрсетуге тиіс. Бір қызығы, «күйеуді жалға беру» қызметі әлі күнге дейін жұмыс істеп тұр. Себебі, сұраныс бар. Тіпті, статистика бойынша, олардың не себепті күйеуді жалға алатындықтары анықталған. Көбіне әйелдер қонаққа ұялмай апаратын жігіттің сұлтанын іздейтін көрінеді.
Гүлжан Серік, «Болашақ» газеті (Материалдың негізгі тақырыбы «Жезөкше ағай». Ықшамдалып алынды)

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста