Қазақстан қалай «ұлттар лабораториясына» айналды?

Қазақстан қалай «ұлттар лабораториясына» айналды?

Сталиндік зұлмат саясат іске кірісті
Екінші науқан 30-50 жылдар ішінде жүргізілді. Кеңес үкіметі еш жазығы жоқ жеке азаматтарды ғана емес, КСРО аумағында тұратын тұтас халықтарды Одақтың шығыс файмақтарына, оның ішінде Қазақстанға жаппай жер аудару саясатын жүргізді. Тіпті, екінші дүниежүзілік соғыс қызып тұрған жылдары, соғыстан кейінгі уақыттарда да жұртты тұрғылықты жерінен күштеп көшіру толастамады.   
Сталиннің халықтарды Қазақстанға жер аударуы Батыс Украинадан басталды. 1936 жылдың сәуір айында КСРО Халық кеңесі комитеті «Саяси сенімсіз поляктарды Украин КСР-нан Қазақ КСР-на көшіру туралы» қаулы қабылдайды. КСРО Министрлер Кеңесінің 1936 жылғы 28 сәуірдегі № 776-120 «өте құпия» грифімен бекітілген қаулысына сәйкес Украинадан күштеп көшірілгендерді орналастыру жөнінде БКП(б) Қазақ өлкелік комитеті бюросының жоспары бойынша Украина мен Польша шекарасынан Қарағанды облысына 15000 шаруашылық– 35820 поляк, 10000 неміс – жер аударылды. 1936 жылы 25 шілдеде Қазақстанға 25778 адам тиеген бірінші кезектің 40 эшелоны келді.
1937 жылдың 21 тамызында осындай зар күй кәрістердің басына туды. КСРО ХКК мен БКП(б) ОК-ның № 1428-326 «Қиыр Шығыстың шекаралық аумақтарынан кәріс ұлтын көшіру туралы» Қаулысы шықты. Аз уақыттың ішінде қазақ жеріне 20141 отбасы немесе 98474 кәріс азаматы көшірілді. 1938 жылдың қазанында дәл осы «өте құпия» бұйрықпен «Азербайжан КСР шекаралық аймағынан ирандықтарды көшіру туралы» қаулы шықты. 1940 жылы көктемде Батыс Украина мен Белоруссиядан көтерілісшілер ұйымдарына қатысушылар, бұрынғы Польша армиясының офицерлері, сотталғандар қоныс аударылды.
Қазақстанда 1941 жылдың басында 53772 поляк тұрып жатты.  КСРО ХКК мен БКП(б) ОК-ның 1941 жылғы 26 тамыздағы қаулысымен Поволжьедегі неміс тұрғындары түгелдей шпиондар, фашистердің қолшоқпары деп жарияланып, көшіріле бастады. 1942 жылы Қарағанды облысындағы неміс қоныстанушыларының саны 350 мыңға жетті. Кеңес үкіметі 1943-1944 жылдары қазақ жеріне қарашайларды, қалмақтарды, чечендерді, ұңғыштарды,еврейлерді, Қырымда тұратын татарларды, гректерді, армяндарды, балкарларды, болгарларды, түрік-месхетиндіктерді қаптатты.
Қазақтың арқасында ғана аман қалған халықтар
КСРО НКВД арнайы қоныстандыру бөлімінің 1946 жылдың қазан айындағы анықтамасы бойынша 2436940 адам есепте тұрған. Олардың 655674-і – ерлер, 829084-і – әйелдер, 979182-сі – 16 жасқа толмаған балалар. Осы жылы Қазақстанға 890698 адам сырттан қоныстандырылған екен. Соғыстан кейін Украина ұлтшылдары әскери жасағының сарбаздары мен олардың отбасы мүшелерінен 150 мың адам Одақтың түкпір-түкпіріне лақтырылды. Украин ұлтшылдарының бір бөлігі қазақ даласына өткен ғасырдың 20-30 жылдары кулак ретінде жер аударылған. Сталин өлген 1953 жылы КСРО ІІМ қадағалаушы органының есебінде 2826419 арнайы қоныстанушылар болса, соның 1013610 адамы Қазақстанда тұрып жатты. Депортацияланған халықтардың басым көпшілігі Қарағанды облысының аумағына орналастырылды. 1949 жылы 1 тамызда облыста жалпы саны 39990 отбасыны құрайтын 117043 арнайы қоныстанушы болған.
Депортацияланған жандар жаңа жерде аштыққа, ауруға ұшырап, көшіп-қонып жүргенде отбасы мүшелерінен айрылып қалып, басқа да тұрмыстық қиыншылықтарды бастарынан кешіріп жатты. Үкімет көп жағдайда қазынадан заң бойынша бөлінуі тиіс болымсыз материалдық көмектің өзін көрсетпеді.   Олардың арасында ауру мен үсікке шалынғандар, содан қаза тапқандар көп. Дегенмен, Қазақстанға жер аударылған ұлттардың жағдайы басқа республикаларға депортацияланғандарға қарағанда көш ілгері еді. Ежелден бауырмалдығымен, қонақжайлылығымен атағы шыққан қазақ халқы сырттан соры қайнап жеткен түрлі ұлттардың бәрін бауырына басты, қолындағы жарты нанын бөліп берді. Баспанасы жоқты өз үйлеріне кіргізіп, бір бөлмесін ұсынды. Бүгінде сол келімсек ұлттардың қай-қайсы да қазақтың кеңпейілдігінің арқасында аман қалды, шырағын өшіріп алмай, соңынан ұрпақ өрбітті.
Босқындар қазақтың тілін тез үйреніп, ел ішіне тез сіңісті. Көпшілігінің өздері қазақ болып кетті. Жер ауған халық өкілдері қиын-қыстау заманда қанатының астына алып, қамқорлық көрсеткен қазаққа деген құрметтерін осылай білдірді. Сондықтан да олардың көлемі қарақұрым болғанымен, біздің ұлттық менталитетке, мәдениетке теріс әсерін тигізбеді.
Қарағанды облыстық атқару комитетінің құжаттарында 30-шы жылдары жер аударылғандар еңбек еткен 70-тен астам мекеме, ұйым, кәсіпорындардың тізімі келтірілген. Жер аударылғандардың негізгі бөлігі теміржол құрылысында, металлургия және көмір өнеркәсібі салаларында жұмыс істеді.
Арнайы қоныстанушылар да сотталғандар сияқты арзан жұмыс қолы есебінде саналды. Қазақстанның көмір-металлургиялық кешені, ауыл шаруашылығы және халық шаруашылығының басқа да салалары осы жүздеген мың жер аударылғандардың жанқиярлық еңбегінің арқасында салынып, жұмыс істеп тұрды. Кеңестердің құрығына ілігіп, жазықсыздан-жазықсыз сотталғандар мен жер аударылғандардың жалпы Одақ экономикасының дамуына қосқан үлесі орасан.
1929-33 жылдар аралығында арнайы қоныстанушылардың басым көпшілігі кулактар болды – 9-10 млн.адам. 1936-1949 жылдары ең көп арнайы қоныстанушы депортацияланған халықтар –2,5 млн.адам, оралмандар – 1945-1946 жылдары басып алынған мемлекеттерден Германияға қашқан немесе күштеп апарылған аймақтардың 1,8 млн.адам әскери тұтқындары және 3,4 млн.адам қатардағы азаматтары. Кейбір зерттеушілердің айтуынша, Кеңес үкіметі құрылған 1918 жылдан Сталин өлген 1953 жылға дейін КСРО аумағында 4 млн. адам лагерьлерге қамалған, оның 700 мыңдайы атылды, 22 млн адам жер аударылған.
Қазақты рухани қасыретке ұшыратқан кезең
Үшінші науқан – қазақ үшін аса қасіретті болған – тың және тыңайған жерлерді игеру кезеңі. 1954-57 жылдары 700 мыңнан астам славян ұлтының өкілдері Қазақстанға келіп қоныс тепті. Олардың саны 1,2-1,5 миллионнан асып жығылады екен. Міне, осы кезде жаппай ұлттық мектептер жабылып, ұлттық кадрлар билік басынан шеттетілді, іс қағаздары орыс тіліне көшірілді. Елдің менталитетін, салт-дәстүрін сыйламайтын, тасыр мінез көрсететін келімсектермен ауыл жігіттері арасында ұлтаралық қақтығыстар көптеп орын алды. Әрине, оның бірі де айтылмады, жасырып-жабылды. Ұлттық демографияға сойқан болып тиген науқанның түпкілікті мақсатында тек тың жерлерді игеру ғана емес, Қазақстанды орыстандыру саясаты да жатты. Әйтпесе, кейіннен отарлау саясатының нәтижесінде Ресейдің қарамағына өткен байырғы қазақ жерлері – Орынбор, Омбы, Қорған, Астрахан, Саратов, т.б өңірдің қазақтары, ашаршылық жылдары Ресей мен Украинаға барып тұрақтап қалған басқа қазақ – 500 мыңдай адам атамекенге елге оралуға, тың жерлерді игеруге даяр отырған. Бірақ, кеңес өкіметі оларды әкелдірмеді. Соның кесірінен қазақтың өз еліндегі үлесі 29 пайызға дейін төмендеп, ұлттық диаспоралардың саны 127-ге жетті. Сөйтіп, Қазақстан кеңес өкіметінің қолымен жасалған ұлттар лабораториясына айналды. Қазір сырттан келіп жатқан ағайындарымыз бар, өз ішіміздің табиғи өсімі бар, қазақ Қазақстанда тұратын 17 млн. халықтың 70 пайызына жақындап қалды. Ал 72 диаспораның саны 1000 адамнан да аспайды.44 ұлт өкілдері 100-ге де жетпейтін көрінеді. Оның үстіне ел азаматы деп тіркелген 5 эскимосты, 8 орочейді, 4 чукчаны, 61 хорватты да дабырайтып бір-бір диаспора деп атап жүрміз.
Дәулет Асауов, Қарағанды. Bi_barys01@mail.ru

Қазақия газеті

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста