XXI ғасырда Жаратқан "жаңылысты" ма?

XXI ғасырда Жаратқан "жаңылысты" ма?

Әр қазақ шаңырағында дүниеге келген ұл балаға ұрпағымның жалғасы, қара шаңырақтың иесі, елін жаудан қорғайтын аламаны деп қараған. Қыз бала – үйге қонған бақ, елдің ырыс-құты ретінде ұлдан артық бағаланатын. Әрине, қазақтың ұғымында. Бүгінде осы шаңыраққа ие болар ұлыңыз қылымсыған қызға, Құдай әу бастан нәзік жанды етіп жаратып, артынша «генетикалық жаратылысы қате түзілуіне» байланысты қыздарымыздың еркекшора ұлға (кәдімгі еркекке) айналып жатқан сыңайы бар. Бұл сөзімізге намысыңыз оянып, біреуге өкпелеп, қоғамға кінә арта көрмеңіз. Өйткені бұл – сіз бен біз қастер тұтып, құрметтейтін заңмен бекітілген дүние.

«Шаңыраққа ие болып қалатын, ұлдың аты – ұл ғой, әттең...»
2009 жылғы 18 қыркүйекте қабыл­данған Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Заңының 88-бабы:
• «Психикасының бұзылушылығы (ау­руы) бар адамдардан басқа, жы­ныстық сәй­кестендіруде ауытқушылығы бар адам­дар­дың жынысын ауыстыруға құқығы бар».
Психолог мамандар адамдардың фи­зио­логиялық-генетикалық түзі­лі­сіндегі қа­телік баланың жатырға пайда бо­луы ке­зінде-ақ қалыптасады дейді. Қа­зақ қа­шан­да өмірге келер сәбиінің ұл бол­ғанын қа­лай­ды, бұны жасырудың қа­жеті жоқ. Се­бебі де түсінікті.
Әбдуәлі МӘМЕДІЛ, психолог:
– Адам баласының физио­ло­гия­лық же­тілуі кезінде жыныстық иден­ти­­фи­­ка­циясы қалыптасады. Қыз ба­ла болса, қызға тән қылығымен, де­не бітімімен, сыртқы болмысымен іш­кі жан дүниесі жарасым тауып же­тіледі. Ешқандай па­то­логиясыз да­ми­ды. Ұл бала да осылай. Осы қа­лып­ты жағдай бұзылған жағ­дайда пси­­хика өзгереді. Бұл психикалық ақау, негізінен, жеті жасқа дейін бо­ла­ды. Жатырға бала біткенде анасы оның ұл болғанын қалауы мүмкін. Бұл ақпарат балаға жетіп қояды. Бі­рақ жарық дү­ниеге келген нәресте қыз болып шы­ғады. Ата-анасы оны өсе келе ұл сияқты киіндіреді, оған ер бала ретінде қа­рай­ды. Осы кезде оның психикасында ауыт­қушылық пай­да болады. Бұл – бір ға­на сал­да­ры.

«Гүл өссе – жердің көркі, қыз өссе...»
Ел басына күн туып, ер-азамат қо­лы­на найза алып, қынабынан қылыш суыр­­ған­да шыбын жанын шүберекке тү­йіп, ер­лермен иық тіресе жауға шап­қан аяулы қы­з­­да­ры­мыз да бар екенін та­рихтан жақсы білеміз. Тұ­мар мен Гау­һар, Бопай сынды ару­ла­рымыз, берідегі Әлия мен Мәншүк, қа­зақ­тың Тәуелсіз ел бо­луы жолында қанын тө­гіп, жанын бер­ген Ләззат пен Сәбира да «алтын басты әйел­ден, бақыр басты еркек ар­тық» деген ұстанымда өскен қыз­да­рымыз еді. Ұмай мен Қызай, бір рулы ел­ді аза­мат­тың ғана дәті жетер шы­дам­дылықпен бас­қарған Ұлпан, Домалақ ана сынды ақ жау­лықты ардақ­ты­ла­ры­мыз бүгінгі ұрпағына үлгі-өнеге болуы тиіс-тұғын. Қазақы бол­мыстан ажырап, әлем­нің қызылды-жа­сылды базарына бет алған тұста бізді де түрлі кесапаттар иектей бастады. Бо­ла­шақ ана, бауы­рын­дағы бесікті ғана емес, әлемді тербетеді дейтін аруларымыз орта жол­да жынысын өзгертіп, еркекке ай­налып жатса, мұны кесапат демей, не дей­міз?! Ұлтты ұлт қылатын аруларымыз осындай арсыз әрекетке барып жатса, он­да болашағыңыздың бәсін де байыптай беруге болатындай. Қарапайым қа­зақ­тың, Тұран топырағына тамырланып, өмір сүру салтымыздың барлық ме­ха­низм­­­­­­дерімен біте қайнасқан ислам ді­ні­нің де бұл әрекетті қош көрмесі анық.
Әбдімутәліп ДӘУРЕНБЕКОВ, ҚМДБ оқу-ағарту бөлімінің меңгерушісі:
– Бұл – исламда харам амал болып саналады. Шариғат рұқсат етпейді. Алла Тағала адамды ер, әйел етіп жа­ратты ма, оны өзгертуге құқымыз жоқ. Әрине, экологиялық апаттардан, қан­ның бұзылуынан адам жараты­лысында өзгерістер болуы мүмкін. Пайғамба­ры­мыздың тұсында қосжынысты адамдар да болған. Ол кезде мұндай жандарды адамдарға араластырмай, бөлек ұстады. Өйткені бұлар қауіпті еді. Елді аз­дырады деп бұларды халыққа қоспай, жабық күйде ұстауға мәжбүр бол­ды. «Хунаса» дейді бұларды. Бірақ олар­дың барлық әлеуметтік жағ­дайларын жасап беріп отырды.
Ал бүгінгі жынысын өзгертіп жатқан ұл-қыздарымыздың әрекеті шариғатқа қарсы. «Еркек болғысы келген әйел­дер­ге, әйел болғысы келген еркектерге Алланың лағынеті болсын» деген Пай­ғам­барымыздың (с.ғ.с) хадисі бар. Бұ­лар – ешқандай да ауру емес, ішкі нәп­сінің қалауымен жүрген жандар. Ерік­кен­дік десе де болады.

Психолог мамандардың айтуынша, жынысын өзгертіп жатқан жандардың пси­хикасында ауытқушылық бар екен. Жөн, бұған еш қарсылығымыз жоқ. Бірақ та «олардың генетикалық жаратылысы қате түзілген» дегендерімен ке­лісе алмайтын сияқтымыз. Он сегіз мың ғаламды керемет үйлесімділікпен жа­­ратқан Хақ Тағала әлде ХХІ ғасырда «жаңылысты» ма? Бұл пікірді тарат­қан мамандар пайымының астарында қандай ой жатыр, нендей мақсат көзделген?

Кімге сенеміз: дәрігерге ме, департамент басшысына ма?
Жалпы, жынысын өзгертуге байланысты ақпарат құпия сақталатын болғандықтан, бұл жерде де қарама-қайшылықтар бар­шылық. Әуелі еліміздің Денсаулық сақтау министрлігінен арнайы мәлімет алуды жөн көрдік. Өйткені жоғарыда аталған заңда «жыныстық сәйкестендіруде ауыт­қу­шы­лығы бар адамдарды медициналық куә­ландыру және олардың жынысын ауыс­ты­руды жүр­гізу қағидаларын уәкілетті орган белгі­лей­тін­дігі» көрсетілген. Осы мақсатпен Ден­сау­лық сақтау министрлігіне жынысын өзгертіп жатқан жандардың санын білмек болып, тө­мен­дегіше сауал жолдаған едік:

1. Елімізде жынысын ауыстырған адамдар бар ма? Саны қанша?
2.
Медициналық комиссияның тексеруінен қанша адам өтті? Өтініші қаралып жатқаны неше?
3.
Қай ұлттың өкілдері?

Арада апта өткенде Денсаулық сақтау ми­нистрлігі Медициналық көмекті ұйым­дас­­тыру департаментінің директоры Ажар Төлеғалиева ханымнан мынан­дай жауап келіп түсті:

1. Жынысын ауыстырған адамдар бойынша денсаулық сақтау жүйесінде ақпарат жоқ.
2.
2010 жылғы ведомстволық статистикалық есеп мәліметтері бойынша ҚР ДСМ «Республикалық психиатрия, психотерапия және наркология ғылыми-практикалық орталығы» РМҚК жанындағы медициналық жыныстық сәйкестендірушілік бұзылулары бар адамдарды медициналық куәландыру жөніндегі комиссияға бес адам өтініш беріп өтті, оның ішінде үш кісіге жынысын ауыстыруға рұқсат берілді.
3.
Ұлттық белгілері бойынша бөлу: бір қазақ, екі орыс.

Ал біз нақ осы іспен айналысатын Ал­маты қаласы Б.Жарбосынов атындағы Уро­логиялық зерттеу институтының ди­рек­торы, профессор Мырзакәрім Алшынбаев мыр­заға қатарынан үш күн хабарласып, ор­нынан ұстай алмадық. Бірде кон­фе­рен­цияда, бірде басқа жақта, хатшы қыздың жа­уабы осындай болды. Осы институттың бұ­рынғы дәрігері Ерлан Мұсабеков қана мұн­дай операциялардың сирек жасала­ты­нын айтып қалды. «Бізде мұндай операция жы­лына бір рет болатын шығар. Бірақ бұл қа­зір өзекті емес. Бізде бір профессор бар, сол осы проблемамен айналысады, сіз­ге бәрін айтып бере алады», – деп Б.Жар­­босынов атындағы Урологиялық зерт­теу институтының бөлім меңгерушісі Марат Ма­қажановқа жөн сілтеді.
Марат МАҚАЖАНОВ, Б.Жарбосынов атындағы Урологиялық зерттеу институтының бөлім меңгерушісі:
– Жынысын ауыстырғандар бала сү­йе алмайды. Өйткені еркектің жыныс мүшесі, әйелдің жатырын, оған қоса жұ­мырт­қаларын да алып тастаймыз ғой. Әрине, операциядан соң олар қанағат­тана алады. Олар кінәратшыл адамдар ғой, одан да жақсы болса екен деп ой­лайды. Алайда табиғи қалпындағыдай бо­ла алмайды. Өйткені бұрынғы гар­мон­дары сақталады.
Біздегі бейресми деректерге жүгінсек, елімізде мұндай күрделі операция осы уақытқа дейін жасалған. Әр операция құны 35-40 мың доллар көлемінде. Пси­хо­ло­гия­лық һәм физиологиялық тұрғыда өте күр­де­лі операцияның ұзақтығы 6 айдан 1 жыл­ға дейін созылуы мүмкін.
Аталмыш тақырыпты көтерудегі мақ­сатымыз тырнақ астынан кір іздеу емес, заң­мен бекітілген істің ақиқатын білу еді. Қа­рындас қазақтың бабалар түсіне де кір­меген харам жолға түсуіне жол бермеу, соның алдын алу-тұғын. Әрине, мұндай операциялар дәрігерлер үшін өзекті емес шығар, бірақ біз үшін, қазақ үшін бұл істің ақиқатын білу аса маңызды. Осы іске жауапты мекемелер де ақпаратты ашық ұстап, бұл әрекеттің қазақ халқы үшін еш пайдасы жоқтығын, менталитетімізге жат екенін ұғындыра айтып, түсіндіріп отыруы керек сияқты.

P.S.
Жынысын өзгертуге мүдделі жандарға арнайы заң қабылдап, бекітіп бердік. Шарасыздықтан «Бәрекелді!» демеске амалымыз жоқ. Ендігі жерде біртекті жыныс иелерінің (мақұлықтардың емес) заңды түрде некелесуіне рұқсат беру ғана қалған сияқты. Несі бар, оны да көк жәшіктен көріп, тамашалап жүрміз ғой. Таңғалудан да қалғанбыз. Алдағы уақытта мұндай да заң қабылдап жатсақ, таң қалмаңыз. Өйткені бұл да болса, «өркениетті қоғамның» өзгешелігі һәм өз артықшылығы емес пе...

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста