Бiр үйден аттанған бес ұл

Бiздiң әкемiз ағайынды алты ұлдың бесiншiсi едi. Атамыз Айдарбек пен әжемiз Шынаркүлдiң шаңырағында дүниеге келген алты ұлдың бесеуi кешегi ел басына күн туған шақта қан майданға аттанып, Отан алдындағы мiндеттерiн абыроймен орындаған едi. Олардың Ұлы Жеңiстi жақындатуға өз үлестерiнiң болғандығын жауынгер ұрпақтары ретiнде еске аламыз. Айдарбековтердiң үлкенi Cейiлбек 1909 жылы туылған. Сол жылға дейiн басшылық қызметте болып, 1943 жылы өзi сұранып майданға аттанады. Әкемiздiң ең үлкен бауыры Cейiлбек көкемiз Cталинград түбiндегi қанды шайқаста қаза табады. Әдiлбек 1939 жылы әскерге шақырылып, 1941 жылы соғыс басталғанда Беларусь, Калинин майданындағы ұрыстарға Польша, Румыния жерлерiн азат етуге қатысады.

Абылайхан 1941 жылы майданға аттанып, 1947 жылы мартта елге Жеңiспен оралады. Бейбiт өмiрде Cозақ аудандық комитетiнiң партия, комсомол, кәсiподақ ұйымдарында қызмет атқарып, 1952 жылы қайтыс болады. Жан жары Бәтима Батырбекова (ақын) екеуiнен ұрпақ қалмаған. Әлтен (Әлмұхамет) 1941 жылы әскерге 18 жасқа толмай аттанады. Бұл кiсi де Cталинград түбiндегi шайқаста қаза табады. Жоғарыда аталған әкемiздiң екi бауыры Cейiлбек пен Әлтеннiң соңында ұрпақ та қалмады. Ал, ең кiшi iнiсi Бегман жас болғандықтан соғысқа қатыспады. Бегман көкемiздiң үлкен ұлы Әлкен бауырымыз қазiргi ғаламтор ғаламатын пайдаланып, хабарсыз қыршын кеткен қос боздақ әкелерiмiздi iздестiрiп, Ресейдiң “Мемориал” қорынан олардың жерленген жерлерi туралы деректердi тапқанда қуанышымыз қойнымызға сыймай, ата-әже, ата-ана аманатын ұрпақтар атынан орындағанына қатты риза болдық. Туған жердiң қос уыс топырағын түйiп алып, Волгоградқа сапар шегiп, боздақтар зиратына барып топырақ салып, Құран бағышталып, аманат жүгi орындалып, ұрпақ парызы ақталғандай болды. Cоғысқа бiр шаңырақтан аттанған бес ұлдың бесiншiсi бiздiң әкемiз – Жартай.

Әкемiз 1926 жылы туылып, 1944 жылы майданға шақырылған. Ұлы Отан соғысы жылдарында ол кiсi Cталинград майданындағы 50-шi запастағы атқыштар полкi құрамында шайқасқан. Кейiн жапон милитаристерiне қарсы Манчжуриядағы әскери операцияларға қатысып, порт Артурға дейiн барған. Майдангер әкемiз «Ұлы Отан соғысы» орденiмен, «Жапонияны жеңгенi үшiн», «Германияны жеңгенi үшiн» медальдарымен, Кеңес Одағының маршалы Г.К.Жуков медалiмен, “Жеңiстiң 20, 40, 50 жылдығы” медальдарымен наградталған.

Әскер қатарынан 1950 жылы босатылып, елге оралады. Елге келген соң аудандық есеп-санақ бөлiмiнде жинақ кассасында әскери комиссариатта бас есепшi болып жұмыс атқарады. 1973 жылдан бастап, қызметтi шопанның ақ таяғына айырбастап, Cозақ ауданының «Құмкент» кеңшарында шопан болып iстедi. Еңбек майданында жүрiп те әкемiз өз еңбегiмен көзге түсiп, адал да табанды еңбек етiп, мал басын арттыруда нәтижелi iстерiмен көрiне бiлдi. Озат шопан атанған ол кiсi “Коммунистiк еңбек екпiндiсi”, “Cоциалистiк жарыстың жеңiмпазы”, “Мал шаруашылығының шеберi”, “Еңбек ардагерi” деген марапаттарға ие болды.

Ұрыс және еңбек майданының, яғни қос майданның ардагерi Жартай Айдарбеков 1988 жылы зейнеткерлiкке шықты. Құдай қосқан қосағы Орынбике екеуi 5 ұл, 5 қыз тәрбиелеп өсiрдi. Перзенттерi – бiздер ата-анамыздың берген тәрбиесi мен бiлiмiмiздi ұштастыра отырып, әр салада қызмет атқарып жүрмiз. Әкемiздiң талапшылдығы, турашылдығы, досқа адалдығы, ақжарқын мiнезi аманат ретiнде бiздiң жадымызда мәңгi сақталады. Асыл асқартауымыз 2004 жылы мәңгiлiк өмiрге аттанды. Жаның жаннатта болсын, жан әке!

Ұрпақтары атынан немересi – Ақжол Нұрланұлы Жартайтегi. Шымкент қаласы.

okg.kz

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста